Тәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Тәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағаты


Тәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағаты

АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ



ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тұлғалары

Мақсаты: 1. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау;

тәуелсіздік бастауы - ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру.

  1. Жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезі мін қалыптастыру, Отанын сүюге,

елін қорғауға, тарихымызға құрметпен қарауға, адалдыққа, шындыққа тәрбиелеу.

3. Оқушылардың өмірде болып жатқан оқиғаларды саналы түрде қабылдай білуге, өз ойларын ашық

айта білуге үйрету.

Көрнекілігі: Мультимедиялық тақтадан слайдтар, бейне материалдар.

Жоспары: І. Кіріспе сөз.

ІІ. Тәуелсіздік тұлғалары.

ІІІ. Желтоқсан оқиғасының себептері.

ІV. «Желтоқсан жұлдыздары» жайлы не білеміз?

V. Желтоқсан оқиғасы - тәуелсіздік бастауы.

Барысы: І. Кіріспе сөз.

Бостандық! - деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы да бір зер салайық.

Тәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағатыТәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағаты

Тәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағатыТәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағаты

ЖТәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағатыоқ, қазақ деген ел болмайды жер бетінде,

Мал соңынан құл емей, желдейтін не?

Мен - жоңғармын, атыңды өшіремін,

Менмін сені тірідей жерлейтін де.

Төле бидің монологы: «Тұрған жерін тұрақтаған, тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді.»

Қазақтың құрсағы қашанда қайратын жиып, елдіктің туын мығым ұстаған талай ерлерді

тарих сахнасына әкелді. Тарыдай шашырап тәуекелге бел буған Абылай хан еді.

ТТәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағатыөзсең егер, әлеумет, зорлықты жеңер ынтымақ,

Қорлықты жеңер ар намыс, шығарар нардан тәуекел.

Тәуекелге бел байлап, азаттықтың қаны үшін,

Болашақтың бағы үшін, ұлы жорық бастаймын,

Еремісің, әлеумет!

Жеріміздің кеңдігіне қызыққан дұшпандар аз болмады. Амалсыз Ресейдің қарауына кірдік. Қазақ халқы Ресей империясы құрамында болған екі жарым ғасырлық мерзімде биліктің түрлі зорлық- зомбылық шараларына қарсы араға ең көп дегенде 50-60 жыл уақыт салып көтеріліп отырған. Бірақ Ресей мемлекеті өз мақсаты үшін жерімізді отарлап,халыкты аяусыз езгіге ұшыратты. Оған қарсы Исатай мен Махамбет, Кенесары, Сырым, Есет, Нүрмұхамбет, А.

Иманов шықты.

Тәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағатыТәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағаты

Ендігі жол- қараңғы қазақ халқының санасына сәуле шашып, өнер-білім арқылы ұлттық санасын оятуды ойлаған қазақ зиялыларыны жолы. Олардың із ашары - ұлы Абай. ХХ ғасыр ұлттың ұлт ретінде өзін тануы, ұлттың болашағы не болады деген сұраққа жауап іздеген ұлт зиялылары тарих сахнасына көтерілді. Олар А. Байтұрсынов,

М. Дулатов, М. Шоқай, С. Сейфуллин, Ж. Аймауытов, Ә. Бөкейханов т.б. еді.

Тәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағатыТәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағатыТәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағаты

Қазақтың еркіндігінен қорыққан Қызыл империя көсемдері Алаш туының астына біріккендердің бәрін құртты. Қазақтың өз билігі өз еркінен кеткен соң қара халықты қалай қорлаймыз деп қызыл империя қиналған жоқ.

1932-1933 жылдардың ашаршылығы.

1936-1938 жылдардың репрессиясы.

1941-1945 жылғы соғыста ең көп қырылған қазақ еді.

Ең сұмдығы 1949 жылдан бастап Қазақстан атом полигондарының сынақ алаңына айналды.

1954-1956 жылдары қазақ жеріне өзге ұлттарды топырлатты.

1970-1980 жылдары тілі мен салт дәстүрінен айрылып, рухани азғындау күшейді.

1986 жылы қазақтың рухын таза құртпақшы болды. 1986 ж. 16 желтоқсанда Алматыда Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің бар-жоғы 18-20 минутқа созылған Пленумы болды. Пленумда Республика басшысы

Д.А.Қонаевты орнынан алып, Республикаға белгісіз біреу Г.Колбинді отырғызды.

Жанартаудай бұғып жатқан ұлттың ыза-кегі сыртына бұрқ етіп, қазақ жастарының көтерілісі басталды. Тәуелсіздіктің ақ таңын күткен қазақ жастарының бұл көтері- лісі жаңа дәуірге ұлттық рух, қайрат - жігер әкелген өшпес тарихи оқиға болды.Тәуелсіздіктің жолына өз өмірін арнаған Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев, Л. Асанова,

С.Мұхамеджанова және басқа да мыңдаған ұл-қыздарымыз ұлт тарихында әрқашанда құрметпен аталуға лайық.

Тәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағатыТәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағатыТәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағатыТәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағаты

Тәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағатыТәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағатыТәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағаты

Тамыры жаһандағы бар қазақтың, соғады Отаным деп бір жүректен.

Бостандық, Тәуелсіздік деген ұғым, не деген қасиетті ең, құдыретті ең?!

Биіктей бер асқақтап, жомарт халқым,

Өркендей түс, аяқталды тозақты күн!

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!...

Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты

Тәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағатыТәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағатыТәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағатыТәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағатыТәуелсіздік тұлғалары тәрбие сағаты



© 2010-2022