Бір ел - бір тағдыр 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Менің отаным Қазақстан.»

Мақсаты: 1. Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

2. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.

3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу.тан

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздерме балалар!

Балалар сендерді бүгінгі қуанышты күндеріңізбен құттықтаймын!

(балаларды таныстыру)

Оқушы қандай болуы керек?

Балалар арайлаған таңды сүйетін кім?

-Мен

Алтын сәулені сүйетін кім?

-Мен

Жарын даланы сүйетін кім?

-Мен

Ата-ананы сүйетін кім?

-Мен

Досын сүйетін кім?

-Мен

Болашағы елімнің кім?

-Мен

Кәне балалар Отан деген не?

Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.

Балалар біздің отанымыз қалай аталады?

-Біздің отанымыз Қазақстан.

Еліміздің бас қаласы қалай аталады?

-Біздің бас қаламыз Астана

Біздің Президентіміз кім?

Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

Ту, Әнұран, Елтаңба.

Балалар біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады,кәне соларды атап айтайықшы: орыстар, өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер.

Я балалар дұрыс айтасыңдар әр түрлі көп ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрады екенбіз.

Балалар кәнекей әр ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қалай тұратынын киіз үй құрып көрсетейік.

Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, жақсы мақал-мәтелдер айту,елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.

оқушы Күнді құшқан қос қыран,

Аясында қалқыған.

Аспан түсті туым бар,

Көк теңіздей шалқыған.

оқушы Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам әлемге танылды анық.

Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,

Арманым ата заңым қабылданып.

оқушы Өзіңдікі туыңда,

От пен ауа, суың да.

Жаса Қазақстаным,

Белді бекем буында.

оқушы: Отан от басынан басталады.

Отан оттан да ыстық.

.

оқушы: Отан деген атамекен

Отан деген туған жер.

Отан ана, Отан үлкен

Қазақстан туған ел.

оқушы:

Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

оқушы: Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас.

Балаларды мадақтау.

-Балалар! Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді,тәртіпті болуымыз.

Қорытынды: Байтақ дала жерім менің

Арта берсін даңқың сенің

Көк байрағың желбіресін

Егеменді елім менің - дей отырып,

Құрметті қонақтар, балалар осымен сабағымызды аяқтаймыз.





М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы

«Менің отаным Қазақстан.»

Бір ел - бір тағдыр 1 класс





Өткізген: Шыгысова Гүлзия

© 2010-2022