Тәуелсіз-ел тұрағым сценарий сценарий

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тәуелсіз-ел тұрағым сценарий сценарий

Тақырыбы: «Тәуелсіз ел тірегі -білімді ұрпақ»

Мақсаты: Өскелең ұрпаққа қазақ елінің ұлан-байтақ жерін, мол байлығы бар елінің, дархан халқы екенін түсіндіріп, оны мақтан етуді үйрету. Оқушылардың шығармашылық қабілетін , белсенділіктерін, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.Өз Отанына патриоттық сезімдерін арттыру, мемлекеттік рәміздерді қорғауға, ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыпты өз халқының ерлікке толы өткен тарихына зор құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Әуен ойнап тұрады, ортаға жалаумен балалар шығады. Қазақстан Республикасының әнұрыны орындалады.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар. Бүгінгі тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз ел тірегі -білімді ұрпақ» атты концерттік бағдарламасына қош келіпсіздер.Осындай мерекеде баршаңыз бақытты өмір сүріңіз, Отан сүйгіш азаматтары болындар.

- Мынау не ? (ту)

- Мына туда қандай түс бейнеленген (көк) Бұл көк түс аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Мынау ортадағы нелер? (күн) Бұл күннің суреті аспанымыз жарық болсын дегенді білдіреді, ал мынау не? (қыран құс) Ал қыран құс тәуелсіздікті білдіреді. Мынау жанындағы (ою) Бұл халқымызыдң шеберлігін білдіреді. Мынау не? (елтаңба) Ортасында тұрған не ?(шаңырақ) Дұрыс айтасыңдар Бұл елімізідң алтын белгісі екен. Ал мынау төбесінде тұрған (жұлдыз) Бұл маңдайымыз жарқырасың, бағымыз ашылсын. Мынау қос арғымақ Бұл балалар бірлікті білдіреді.

Енді қалаларға назар аударайық. Мынау Қызылорда, ал мынау Ақтөбе қаласы, мынау Көкшетау,Қостанай қаласы Алматы қаласы, Астана қаласы, Атырау қаласы.

Балалар біздің ел қай ел? (Қазақстан) Дұрыс айтасыңдар. Біздң президентіміз кім?(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

Отан туралы өздерімізідң тақпақтарымызды айтайық.

Дамир Құт даламыз-асыл ән,

Қараймын да тасынам.

Қазақстан картасы

Құшақтай кең ашылған

Жазира Туған жердің жырларын

Қызғалдақтай терейік,

Кең өлкенің қырларын

Жүр, аралап келейік!

Жансая Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан-ана,

Отан-үлкен

Қазақстан-туған ел!

Назира Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар,

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем

Әмина Отан-сенің ата-анаң

Отан-досың,бауырың,

Отан-өлкең, астанаң

Отан-аудан ауылың.

Диас Мен-қазақ, қазапың деп мақтанамын,

Ұранға алаш деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын

Саят Тәуелсіз-мен білсем,

Той мейрамнан басқалау

Ел мен жердің байлығын

Төгіп- шашпау, ластамау.

Әнуар Сарыарқаның даласында,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің, жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн.

Еркеназ Мағыналы, сымбатты

Бар осындай белгіміз-

Маған, саған қымбатты

Елтаңбасы ол-еліміз!

Жаннұр Отан-менің тілім,

Отан-алар білім

Отан-барлық жақыным,

Осы менің жырым.

Әсем Көк айна көлім бар,

Кең жайлау жерім бар. Еңбегі еленген Атақты ерім бар Әсемгүл Отанды

Жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз,

Өйткені онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, бағалап.

Өйткені, отан баласындай

Бізід өсірер аялап.

Енді әнімізді шырқайық «Әрқашан күн сөнбесің»

Ойын: « Сұрақ-жауап»

- Қазақстанның қандай ірі қалаларын білесіңдер?

-Отан туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер? -Тұңғыш қазақ ғарышкері -Желтоқсан көтерілісінде қатысқан жастардың аттары Тәрбиеші: Әсем кештің ажары Әсем бисіз кіре ме? Кіп-кішкентай бишілер Мың бұрала билейді - деп «Қарлығаш» биін қабыл алыңыздар Би «Қарлығаш» Ән «Сарыжайлау» Жазираның орындауында әнін қабыл алыңыздар. Би «Қара жорға» Ойын «Арқан тартыс» Енді балалар тағы ойын ойнайық.Қазір бізідң ержүрек азаматтарымызды қаңшалықты мықты екенін көреміз . Ойынның шартын түсіндіремін.

Әншілер мен бишілер

Өнер сүйіп қауымға

Таң қалдырар талантты

Өнерлі балаларымыз тағы бар

«Цыған» биін қабыл алыңыздар!

Тал шыбықтай бұралған

Қазағымның қыздары-ай

Сүйсіндірген биімен

Өнерлі ғой қыздар -ай - деп «Матрешка» биін тамашалаңыздар!

Би «Матрешка»

Құрметті ата-аналар! Осындай отан сүйгіш патриоттарымыз көп болсын.Қатысқандарыңызға көп көп рахмет ,аман сау болыңыздар.Енді балалар сендердің барлықтарың керемет қатысқандары үшін сендерге сыйлық беремін.









Әншілер мен бишілер

Өнер сүйіп қауымға

Таң қалдырар талантты

Өнерлі балаларымыз тағы бар

«Татар» биін қабыл алыңыздар!

Тал шыбықтай бұралған

Қазағымның қыздары-ай

Сүйсіндірген биімен

  1. Өнерлі ғой қыздар -ай - деп «Тостаған өрнегі» биін тамашалаңыздар!

  2. Би: «Тостаған өрнегі»

  3. 1Жүргізуші:Әсем кештің ажары

  4. Әсем бисіз кіре ме?

  5. Кіп-кішкентай бишілер

  6. Мың бұрала билейді - деп «Қаражорға» биін қабыл алыңыздар

  7. Би: «Қаражорға»

2 - жүргізуші:

1 - жүргізуші: Жігіттіктің ұраны да - Желтоқсан

Жаңа күннің ұраны да - Желтоқсан

2 - жүргізуші: Намысымның шырағы да - Желтоқсан

Жаңа ғұмыр бастағанда - Желтоқсан

(Әуен ойналып, көрініс басталады )

Сахнада 2 қыз жатахананың алдында отырғышта отырады.Осы кезде бір қыз жүгіріп келіп:

Қыздар, қыздар, естідіңдер ме? Бүгін алаңда шеру болып жатыр.

Шеру,ол не қылған шеру.

Қазақ жастары «қазақ еліне қазағым басшы болсын» - деп алаңға жиналуда.

Ләззат: Қыздар,біз де өз үлесімізді қоспаймыз ба, жүріңдер!

(Жүгіріп алаңға кетеді. Алаңда көп жастар жиналған, қолдарында «Намысты қолдан бермейміз!», «Қазақстан жасасын!», «Тәуелсіздік жасасын!»,« Қазақты қазақ басқарсын» атты ұрандар, теңдік сұраған сөздер, жазылған плакаттар, лозунг ұстаған. Топ ішінен Ләззат ортаға шығып, айқайлап ұран айтады).

Ләззат: «Жасқанбаған жауынан

Біз - қазақпыз,қазақпыз

Өмір керек азапсыз

Ел боламыз егемен

Сонда ғана азатпыз!»

Хор: «Қаһарман қыз - Ләззат қыз».

Тапталмасын деп қазақтың кек,ары,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Топты бастап шықты Ләззат алаңға,

Толған еді он алтыға небары.

Қайырмасы: Қаһарман қыз,ғажап қыз,

ұрандады Ләззат қыз:

«Біз қазақпыз,қазақпыз!

Өмір керек азапсыз

Ел боламыз егемен,

сонда ғана азатпыз!»

1 - жүргізуші:

Уақыт зымырап өтіп жатыр

Тарих жылжып өтіп жатыр

Тәуелсіздік, тәуелсіздік менің байтақ Отаным!

Тәуелсіздік сәбилердің шаттығы

Тәуелсіздік ақ батасы атаның

Ән: «Ел қорғауға әзірміз!» («моряк» костюмдерімен ер балалар шығады).

1.Аязда да тоңбаймыз,

Аптапқа да төземіз.

Түнде де жол барлаймыз,

Суда еркін жүземіз.

Қайырмасы: Бұл шақта,бұл шақта,

Кішкентаймыз қазір біз.

Кішкентай болсақта,

Ел қорғауға әзірміз.

2 - жүргізуші:

Тәуелсіздік!

Бұл біз жеткен жетістік.

Тәуелсіздік!

Азаттық пен теңдік бұл.

(Осы кезде әуенмен ортаға №31«Күншуақ» МДҰ - ның эмблемасы

шығарылады. «Күншуақ» эмблемасының әр шуағында Тәуелсіздікке жеткен жылдардағы жетістігіміз көрсетіліп,балалар бір-бірлеп баспалдақ сатысына шығып,айтады).

1 - бала: 1991 жылы 16 - желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекетік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды.Сондай -ақ,осы жылы Қазақтың тұңғыш Президенті сайланды.

Тәуелсіздік - тілегім

Тәуелсіздік - тірегім

Ертеңі деп елімнің

Дүрсілдейді жүрегім!

2 - бала: 1992 жылы 4 - маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.

Туымен - тұғырлы

Елтаңбасымен - еңселі

Әнұранымен - әйбатты.

Қазақстан - Республикам менің.

3 - бала: 1993 жылы 28 - қаңтарда тұңғыш Конституция қабылданды.

Сондай - ақ,осы жылы 15 - қарашада ұлттық валюта төл теңге дүниеге

келді (теңге шашылады)

4 - бала: 1995 жылы 30 - тамызда Ата Заңымыз қабылданды.

Еркін елдің Ата заңы ардақты,

Әрбір сөзі,әрбір бабы салмақты.

Адам құқы бостандығы,теңдігі -

Барлығын да қарастырған жан - жақты.

5 - бала: 1997 жылы 20 - мамырда Қазақстан Республикасының елордасы -

Астана қаласы болып бекітілді. Сондай ақ,осы жылы «Қазақстан -

2030 » жолдауы шықты.

Астана - жас қалам

Астана - бас қалам

Төрінде «Бәйтерек»

Тура жол бастаған.

6 - 6ала: 1997 жылы 11 - шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданды.

Ана тілі арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

7 - бала: 2002 жылы 8 - тамызда «ҚР баланың құқықтары туралы» заң

қабылданды.

Әсем әуен салдырған,

Сәбилер де алғыр жан.

Бал дәуреннің қызығы

Есте қалар балдырған.

Жеке ән: «Тәуелсіздік таңы».

(Сахнаға қолында көгершіндер байланған Жадыра «Тәуелсіздік таңы» әнін айтып шығады,артында бір топ қыздар билеп тұрады. Қайырмасына бәрі қосылып,қолдарын ұстап жоғары көтеріп,теңселеді.Әннің соңында бәрі «ТЕК ҚАНА АЛҒА, ҚАЗАҚСТАН!» сөзін айтып,халыққа қарай жалаушаларын желбіретіп, көгершінін,шарларын ұшырып жібереді.Фейрверг атылады).




Жасыл жайлау-тукті кілем, кок кілем,

Кок кілемде коп ойнаймын, көп кулем.

Мандайымнан сипап откен самалды,

Казагымнын алаканы деп білем.

кайырмасы:

Кайда журсем ата мекен,

Кокейімде жатады екен.

Куннін озі уясына,

Кимай оны батады екен.

Жасыл жайлау-тукті кілем, кок кілем,

Кок кілемде коп ойнаймын, коп кулем.

Аскар тауым, аспаныммен астаскан,

Казагымнын мартебесі деп білем.

Жасыл жайлау-тукті кілем, кок кілем,

Кок кілемде коп ойнаймын, коп кулем.

Куннін нурын, айдын аппак саулесін,

Казагымнын махаббаты деп

Сені мәңгі жырлаймын Тәуелсіздік

сценарий

«Сені мәңгі жырлаймын Тәуелсіздік»

Тәуелсіздіктің 20-жылдығына арналған фестиваль

Армысыздар құрметті ұжым, қонақтар!

І жүргізуші: Бүгін Қазақстан халқының ұлы, әрі үлкен мерекесі, қазағымыз Егеменді ел атанып, тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, ұлттық мәдениетіміз, салт-дәстүріміз қайта оралып, өз алдымызға ел болып, Тәуелсіздік даңғылыныа аяқ басқанына 20 жыл толып отыр.

ІІ жүргізуші:

Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,

Серпіп тастап мұнда жүрген түңдігін.

Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық

Тәуелсіздік күнін бүгін бірге тойлайық!

І жүргізуші: Тәуелсіздік қасиетті ұғым. Ғасырлар бойы ата-бабамыз армандап аңсап Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып 1991 жыл 16 желтоқсан, заңды түрде Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді.

ІІ жүргізуші:

Әр жыл сайын,Тәуелсіздік таңы атты.

Топқа бардың, тойға мініп ақ атты,

Дүниені қуанышқа бөлеп тұр,

Ән айтылып, жыр төгіліп қанатты.

І жүргізуші: Біздің мектеп - бақшамызда бүгін қос мереке тойлануда. Анығырақ айтсақ Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен сәйкес келген мектеп-бақшамыздың алғашқы туған күні. Осыдан бір жыл бұрын біздің бақшамыз өз бөбектеріне есіктерін айқара ашты.

ІІ жүргізуші:

Тасысын шалқып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Мерекеңмен құттықтап,

Ән саламыз бәріміз.

Тақпақтар

І жүргізуші:

Билесе тал шыбықтай мың бұралған,

Киінген көркіне сай тауып талғам.

Биі де, киімі де жарасымды,

Өзіндік бір үйлесім тауып алған

Балғын бишілеріміздің орындауында «Балақай» биі.

ІІ жүргізуші:

Елім менің, тәуелсіз жерім менің,

Күннен алған шуақты өмір демін.

Рухым ұлттық өсіпті, өлместей боп,

Көк байрағың, төбемнен көрінген күн.

І жүргізуші:

Ойнағанда әр музыка аспабында,

Өнерде кім тең келер жастарыма.

Әсем ән, әуезді күй шарықтасын,

Қалықтасын Айша мектеп-бақшасында.

Моцарт «Итальян полькасы» инструменталды балалар ансамблі.

Алтын таңның аясында,

Бақытты өскен баламыз,

Еркін өмір шат заманда,

Шырқап әнге саламыз

Ән,ән шіркін неткен ғажап

Көмейіңнен төгіледі

Бүлдіршін әншілеріміздің орындауында «Шөжелерім»әні.

Жарасқан киімдері көркіне сай,

Төгілген көмейден жыр ақ маржандай.

Аққудай толықсиды көлде жүзген,

Сыпайы жүрістері сезімге бай.

Балғын бишілеріміздің орындауында: Кәріс биі.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

Балғын әншілеріміздің орындауында «Балабақша»әні.

Күмбірлеп күй естілсе домбырадан,

Көңілге шаттық сезім қондырар ән.

Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,

Елітіп тұла бойың балбыраған.

Ұлттық аспаптар ансамблінің орындауында халық күйі «Ерке сылқым».

Бірде қызып, самал ессе белді орай

Бірде түнде құйылғандай көлге арай.

Байтақ жатқан даламыздай созылып,

Қазағымның жанға жайлы әндері-ай.

Балалар хорының орындауында «Әрқашан күн сөнбесін».

Мың бұралған бишілерің ортада

Қарсы алайық бишілерді қол соға

Бишілеріміздің орындауында «Орыс халық биі».

Шалқып тассын әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Мерекеңмен құттықтап,

Ән саламыз бәріміз.

Қ. Мырза Әлі,Е.Хасанғалиев «Атамекен»

Орындайтын: ересектер хоры.

Ш. Сариев, С. Бәйтереков «Қазақ елі»

Орындайтын: ересектер хоры.

Еңселі еліміздің іргесі берік, тұғыры биік болсын! - дей келе бүгінгі фестивалімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар!

Құттықтау сөз:

Армысыздар қонақтар!

Сәлеметсіздер ме құрметті көрермен!

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік елдігімнің белгісі» атты

Және «Ақбота» балабақшасының құрылғанына 5 жыл толуына орай өткізгелі отырған кешімізге «Қош келдіңіздер!» бірге.

Бұлтсыз ашық аспанымдай көк туым,

Ту төрінен елге нұрын төкті күн

Ту төбемде қанат қақты қырандай,

Қуанбаған ешбір қазақ жоқ бүгін.

Тоздырмаймыз сені ешқашан көнертіп,

Ием бар де жауға бермей өлер тік

Жаса мәңгі өз көгімде, өз туым.

Желбірей бер көсегемді көгертіп.

Қазақстан туымен тұғырлы.

Елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты.

Шексіз көк аспанды жамылады,

Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі

Бірігіп бір жүектен шырқайтұғын,

Әнұран- мемлекеттің халық әні.

Әнұран орындалады.

Құттықтау сөз балабақша меңгерушісі: Көптілеуова Шайқұйған Байдрахманқызына беріледі.

Әдеби- музыкалық бөлім.

«Тәуелсіздік- елдігімнің белгісі».

Абдулжамит:

Тәуелсіздік келді деп

Оралды қайта салтымыз,

Баянды болғай енді тек

Бақытты біздің халқымыз.

Би: Қазақша: Айгүл Мауметова. Айгүл Рысбаева

Әділбек:

Келген емес жайдан жай,

Жеңдік барлық езгіні,

Әуелсідік алған ай,

Жылдың қай мезгілі?

барбала: (Қыс мезгіл, Желтоқсан айы).

Айдана:

Тәуелсіздік жолында

Тапқан жолдың шешімін

Президенті қазақтың,

Айтшы қане есіін.

Барбала: (Нұрсұлтан Назарбаев)

Жанель:

Көк аспанның түсі бар

Ортасында күні бар,

Қыран ұшқан қалықтап

Кімнің туы біліп ал?

Барбала: (Қазақстан).

Жансұлу:

Үлкенге де -сіз,

Кішіге де -сіз,

Бар адамға құрметпен

Барбала: Бас иеміз біз.

Назерке:

Кең байтақ туған өлкем қазақстан.

Мен сені арқашанда мақтан тұтам.

Абдулжамит:

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз,

Балапандай өсіріп

Мәпелейді бақшамыз,

Бұл екінші үйіміз.

Гауһар:

Әлди-әлди қуыршақ

Бола көрме ұрыншақ,

Ертек айтып беремін

Ұйықтай қойшы тыныстап.

Альбина:

Достар бірге жүреміз

Бірге ойнаймыз күлеміз,

Бірге балық аулаймыз

Міне біздер қандаймыз.

Ән: «Біз өмірдің гүліміз»

Зеңгір көктен

Нұрын төккен,

Ортақ біздің гүліміз

Жайнап өксен,

Жайдарлы өскен

Біз өмірдің гүліміз.

Бал достыққа

Жолдастыққа,

Шақырады әніміз.

Тыныштықта

Нұр құшақта,

Бақыттымыз бәріміз.

Альмира:

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз,

Тыныштықта сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз.

Жансая:

Балабақша үйіміз

Ағалардан сыйымыз,

Серуендеп шығамыз

Таза ауаға жиі біз.

Ардана:

Ауласында ойнаймыз

Ойнап қана қоймаймыз,

Жаңа қоныс-жаңа үйді

Әнге бөлеп тойлаймыз.

Айқаракөз:

Ойыншықтарым көп менім

Бәрін жақсы көремін

Кешке дейін жалықпай,

Олармен ойнап күлемін.

Ерасыл С:

Қазақстан туған елім

Байтақ жерім

Туған елім.

Шұғыла:

Ойыншығым қуыршақ

Не берсенде жемейді,

Еркелігі соншама

Көтермесем жүрмейді.

Нұрпейсова Р мен Б.Әбдіраймованың орындауында ән: «Туған жер өзің дегенде»

Ерсұлтан:

Біз осы үйдің гүліміз

Біз осы үйдің сәніміз,

Бұл құшағы тым ыстық

Мектебіміз бастапқы,

Бұнда жақын туыстық.

Бұнда тұңғыш дос таптық!

Ерасыл А:

Қазақстаным алға

Қадам бас тағы да,

Және қадам баса бер

Шарықта жылда.

Райымбек:

Елбасымыз салдырған,

Балабақша ән думан.

Бес жылдықты тойлаймыз

Біз бақытты балдырған

Нұржан:

Бала,бала баламыз

Бақшамызға барамыз,

Күні бойы қызыққа

Батамызда қаламыз.

«Ақбота» балабақша ұжымының орындауында ән «Атамекен» :

Сәбилер сахынадан шығады. Ортаңғы топ балалары үйшіктің артында отырады.

ІІ. бөлім

Көрініс:«Үйшік» ертегісі.

1.Әтеш шығады: /Роза/

-Қандай әдемі үйшік, мына үйде ешкім тұрмайды-ау, онда бұл үйде мен тұрамын.

2.Түлкі шығады./Айгүл Р/

-Неге сенің үйің, бұл үйде мен тұрамын.

3.Перизат баламен./Фарида/

-Ах, қандай әдемі үйшік, сендер неге жанжалдасып тұрсыңдар.

Балалар:-Бұл біздің балабақша «Ақбота» балабақшасы.

«Ақбота» балабақшасының ортаңғы топ балаларының орындауында ән: «Балабақша» хоры.

Балабақша таңертең

Біздерді күтеді,

Ойышықтар мұңайып

Бұрышта күтеді,

Ала доп, қызыл доп

Қуыршақ, құлыншақ,

Бақшамыз биікте,

Біз сені сүйеміз.

Міне тағы кеш болды,

Сау бол балабақшамыз,

Ертең тағы-тағы да,

Біз амандасамыз.

Биле-биле көрелік біз,

Тамашалап жүрейік -біз дей келе кішкене балапандарымыздың орындауында «Балапан» биін тамашалаңыздар.

Билейтін балалар: Айкүн-Бекзат, Бекзат-Алия, Нияз-Ақнұр, Алішер.

«Ақбота» балабақшасы 2006 жылы ашылды. Балабақшаға 20 бала қабылданды. Ең алғаш балабақша табалдырығын аттап бақшамыздан тәлім-тәрбие алған «Ақбота» балабақщасының алғашқы түлектерімізді сахна төріне шақырамыз.

Нарқыз:

«Ақбота» балабақшамыз

Бүлдіршіндер ұясы,

Тәрбиеші апайлар

Бар баланы анасы.

Зейнұр:

Біз түлегі алғашқы

Тәрбие алдық бақшадан,

Мәдениет білім жан-жақты,

Балабақшадан басталды. Бәрі

Әмина:

Ел қорғайтын қырандары,

Бейбіт мынау есімде әр-кез

Таусылмайды жыр мен әні.

Әди:

Ауылымыздан да ашылды

Бақша есімі балғынға,

Халық көңілі тасыды

Елім менің жаңарды.

Шынар:

Нұрсұлтан атам жолдады

Бақшаларды көбейсін деп,

Елбасымыз қолдады

50-елмен теңелсін деп.

Ерке:

Тәуелсіз ел боп көркейді

Берекесі елдің кетпейді,

Бақшамыз толды бес жасқа

Қуанышымыз көбейді. Бәрі

Әдидің орындауында «Өз елім» әні.

Балабақша балаларының ата-аналары еліп отырған қонақтарға «Өнерден шашу» шашады.

Ән: (ата-ананың орындауында)

1.Бақыт апай өлең оқиды «Тәуелсіздік монументі»

2. Асел мен Алмагүл «Келіншек»күйі

Қане биге басайық

Салтанатты көңілді

Таң -тамаша жасайық,

Шалқытып шат өмірді.

«Бақалар» биі

Билейтіндер: Әділбек, Райымбек, Абдулжамит, Жанель, Айдана, Ардана.

1)Орнында отырады, секіреді.

2)Тұрып секіреді, қолдарын қимылдатып,

3)Ұлдар қыздармен ауысып секіреді алға-артқа.

4)Қыздар еңбектеп жатады ұлдар секіреді,үстінен алға-артқа.

5)Ұлдар орындарында билеп тұрады, қыздар қолдарынан ұстап дөңгеленіп секіріп жүреді.

1. Көрініс: «Дәрігер Айболит».

Автор: Қайрымды дәрігер Айболит.

Отыр талдың түбінде.

Емделуге келеді,

Сиыр, қасқыр, түлкі де.

Қонызбен, құрт, аюда,

Тіпті бар ғой кірпіде.

Бәрін емдеп жазады.

Қайрымды дәрігер Айболит.

Автор: Дәрігер Айболитке түлкі келеді!

-Түлкі «Ой» -мені маса шағып алды.

Автор: Дәрігер Айболитке итте келеді.

Ит: Мені қораз шоқып алды!

Автор: Дәрігер Айболитке қоян келеді жүгіріп,

-Ай, ай баламды соқты трамбай.

Менің тентек ұлымды,

Аяғын оның кесеме?

Бір орында тұрмайды,бұзық болма деседе.

Айболит: Қайғырма

Сабырынан айрылма,

Әкел оны осында

Құр бекерге шошын ба.

Қоян: «Мың рахмет, Айболит»,

Қасқыр келеді: Міне келді жедел хат.

Крокодил досымнан

«Тез келе гөр дәрігер»

Балалар қалды ауырып.

Автор: Айболит кетті жүгіріп,

Қалуға болмас кідіріп

Өтті орман баулардан,

Асты биік таулардан

Теңізден де өтті ол.

Мұхитқа да жетті ол

Алып құс ұшып келеді,

Үстінде отыр Айболит

Сәлем саған Африка!

Автор: Он күн бойы Айболит,

Ем жасады ұйқтамай

Жазылып кетті аңдар да.

Бұған бәрі таң қалған.

2.Би «Чунга-чанго» аңдар билейді.

Бүгін қызық, бүгін той

Біздер үшін біліп қой.

Әнге салып, би билеп

Жалғастырсын ойды ой.

Ән: «Күз-жомарт». Айдана. Жансая

9.«Қырғыз »биі

Билейтін балалар: Әділбек-Гаухар

Ерасыл-Айдана

Абдулжамит-Айқаракөз

Нұржан-Жансая

10.Ата-ана орындауында

1.Асел би «Қазақ биі»

2. Гуля ән «Жайықтың елі»

11.Қандай ғажап күн бүгін

Күміс-күлкі, жан-жағың

«Теңізшілер» биін билейді

«Теңізшілер» биі.

12.Барлық ұжым мүшелері хормен.Б.Тілеухановтың әні: «Қазағым менің!»

Қазақстан жасасын!

«Ақбота» балабақшасының 5 жылдығы құтты болсын!

13.Құттықтау сөз Қауылжыр селолық округінің ұжым бастықтарына беріледі.

Осымен кешіміз аяқталды











© 2010-2022