Менің досым 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Менің досым 3-сыныпМенің досым 3-сыныпМенің досым 3-сыныпМенің досым 3-сыныпМенің досым 3-сыныпМенің досым 3-сыныпМенің досым 3-сыныпМенің досым 3-сыныпСынып: 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Менің досым

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.

Міндеті: 1. Адам қарым - қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру

2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету

3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тест тапсырмалары, түрлі-түсті жүрекшелер, кәртішкелер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, іздену

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин.

1. оқушылармен сәлемдесу

2. сабақта жоқ оқушыларды белгілеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары арқылы өткен материалдар бойынша түсініктерін тексеру

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

І. Сәлемдесу.

Оқушылар хормен: Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз».

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

Шаттық шеңбері .

«Мен қандаймын?» тренинг
Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан!
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!

- Балалар, бүгінгі сабағымызда біз «Достық» аялдамасына тоқтап , бұл аялдамада «Достық - татулықтан басталады» деген тақырыпта әңгімелесіп, қалай тату дос болу керектігін үйреніп, «татулық» ұғымы туралы түсінік аламыз.

Достық - адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.

Жаттығу «Досымды тауып беріңдерші?»

Нұсқау: Шеңбер бойында отырған оқушылардың біреуі ортаға шығып, осы жерде отырған бір досының қасиеттерін айтып, сипаттап береді. Басқалар ортадағы адамның досын табады.

Кітаппен жұмыс:

Сөздікпен танысу.

1-жаттығу.Мәтінді түсініп оқу,сұрақтарға жауап беру.

  1. Берік неше жаста?

  2. Оның бойы, шашы қандай?

  3. Берік немен айналысады?

  4. Ол бос уақытында не істейді?

«Дос» сөзіне Венн диаграммасын жасау

Көмектеседі

Адал

Мейірімді

Қайырымды

Білімді

ДОС

Ұқыпты

Шыншыл

Қамқоршы

«Достық.Бірлік.» үйін салу.

  • Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.

Мақал-мәтелдер

  1. Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

  1. Досың мың болса да - аз,

Дұшпаның біреу болса да - көп.

  1. Досыңменен дос болғанға шаттан

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

  1. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

  2. Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл - гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Достар тату - тәттіміз,
Болса қолда тәттіміз,
Біз бөлісіп жатамыз,
Бәріміз дәм татамыз.

2-жаттығу .Берілген үлгі бойынша өз досыңды суреттеп жаз.

Достық туралы мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тап:
Жаман жолдастан таяғым артық
Крепкая палка лучше плахого попутчика
Күлме досыңа -келер басыңа
Над бедой друга не смейся, тоже может случиться и стобой
Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
Дружи с тем, у кого приятелей много, откровейничай с тем, у кого друзей мало.
Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы
Одежда хороша новая,
А друг старый.
Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа.
С добрым человеком сдружишься-цели своей достигнешь,
С дурным сдружишься - в дураках останешься.

5-жаттығу. Логогрифті оқып, қарамен жазылған сөздерді аудару.

Сенімді дос,

Отырма бос

Екіге екіні қос,

Жауабын тос.

Дос-друг, бос- свободный, қос- прибавь, тос-жди.

Жаттығу - ойлану.
1. Берілген сөздерді пайдаланып достық, бірлік тақырыбына өлең құрау.
Менің елім ------------
---------- ---- жарасқан.
Ту ғып ұстап ---------------
------- ---------- алыстан.

Жаттығу «Достық пен бірлестік қоржыны»

Нұсқау: тақтадағы бағанады сөздерден достық пен бірлестікке тән қасиеттерді тауып қоржынға салыңдар.

Еңбек, өзара сыйластық, шыншылдық, сүйіспеншілік, мейірімділік, кешірімділік, жауапкершілік, түсіністік, қамқорлық, адалдық, әдептілік, күлкі, өтірік айту, жалғандық, қастық, сенімділік.

«Жүрек жылуы» тренинг
- Балалар, қараңдаршы, мына сиқырлы түрлі - түсті баулар арқылы мен сендерге жүрегімнің жылуын беріп тұрмын.Қане, оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші.
- Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?
- Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?
- Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы.
Сергей: - Менің жүрегім қамқоршы
Алексей: - Менің жүрегім жылы.
Алина: - Менің жүрегім қуанышты.
Данил: - Менің жүрегім адал.
Даяна: -Менің жүрегім нәзік.
Эвелина: - Менің жүрегім сыпайы.
Анастасия: - Менің жүрегім батыл.
Ирина: - Менің жүрегім ыстық.
Андрей: - Менің жүрегім жұмсақ.
Роман: - Менің жүрегім жақсылыққа толы
Юля: - Менің жүрегім бақытты.
Стефани: - Менің жүрегім қайырымды.
- Менің жүрегім сезімтал.
- Олай болса, осы жылы да жұмсақ, батыл да ақылды, қайырымды да мейірімді, нәзік те сыпайы, бақытты да қуанышты жүрегімізден шыққан жылуды айналамызға таратайық.
/ алақандарындағы жүректерінің жылуын үрлеу /

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту:

Мұқағали Мақатаев:

Дос болам десең,

Досымды сыйла, қымбаттым!

Досыңа сонда,

Досыммен ғана қымбатпын

(Сұрақтар арқылы сабақ бойынша түсініктерін бекіту)

V Үйге тапсырма.

  1. 3-жаттығу (жаңылтпаш жаттау)

  2. Сөздік жаттау

  3. 4-жаттығу (Тиісті жалғауды жалғап жазу)

VІ Бағалау.

© 2010-2022