Балдың пайдасы мен емдік қасиеті

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Талғар ауданы

№39 жалпы білім беретін негізгі мектеп





Жұмыстың тақырыбы:

«Балдың пайдасы және емдік қасиеті»



Ғылыми бағыты:

Жаратылыстану

Секциясы:

Дүниетану

Авторы:

Оразақын Жансая

Жетекшісі:

Дуйсенбай Жадыра Ерболқызы


Еңбекші-2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Талғар ауданы

№39 жалпы білім беретін негізгі мектеп





Жұмыстың тақырыбы:

«Балдың пайдасы және емдік қасиеті»



Ғылыми бағыты:

Жаратылыстану

Секциясы:

Дүниетану

Авторы:

Оразақын Жансая

Жетекшісі:

Дуйсенбай Жадыра Ерболқызы


Еңбекші-2015

Ғылыми жетекшінің пікірі


Оқушының аты-жөні: Оразақын Жансая

Мектебі және сыныбы: №39 жалпы білім беретін негізгі мектептің

2 «Ә»сынып оқушысы

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Балдың пайдасы мен емдік қасиеті» Оразақын Жансая қоршаған ортаны танып білуге өте құштар. Ол табиғаттағы түрлі құбылыстарға,өсімдіктер мен жәндіктерге,олардың адамға тигізетін зияндылықтары мен пайдаларын білу үшін қызығушылықпен ізденіс жасайды. Өзінің алғашқы шағын ізденіс жұмысын ара балы,оның түрлері,пайдасы мен емдік қасиеті туралы мәліметтер жинаудан бастады. Оқушы «Балдың пайдасы мен емдік қасиеті» тақырыбында жүйелі ізденіс жұмыстарын жүргізіп,болашаққа арналған нақты жоспар құрып отыр. Осындай шығармашыл ізденіс жұмыстары арқылы бұл оқушыдан болашақта үлкен үміт күтуге болады.




Ғылыми жетекшісі:________ ______________________________________ /қолы/ /аты-жөні/ Қызметі,жұмыс орны:_______________________________________________



М.О. «____»_____________ 2015ж

Талғар ауданы

№39 жалпы білім беретін негізгі мектептің 2-сынып оқушысы

Оразақын Жансаяның

«Балдың пайдасы және емдік

қасиеті» тақырыбындағы

Ғылыми жобасына


Пікір

Оқушының аты-жөні: Оразақын Жансая

Мектебі және сыныбы: №39 жалпы білім беретін негізгі мектептің

2 «Ә»сынып оқушысы

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Балдың пайдасы мен емдік қасиеті» Жансая шағын еңбегін ізденіп ақпараттар жинап, дүниетану пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, бал және оның түрлері,сонымен қатар пайдасы мен емдік қасиеттерін зерттеу арқылы зерттеулер машығын қалыптастырды. «Балдың пайдасы және емдік қасиеттері» тақырыбында көп ізденіс жұмыстарын жасап,ауру түрлерін саралап,оларға ем болатын қоспалар мен тұнбалар түрлерін де анықтап тәжірибе жасаған. Жансая болашағынан зор үміт күттіретін,.үнемі ізденіс жасай білетін дарынды оқушылардың бірі. Болашақта осындай зеректігімен биіктен көрінетініне сенімім мол.
Жетекшісі: Дуйсенбай Ж. Е






Автор туралы мәлімет


Аты-жөні: Оразақын Жансая

Туған күні,айы,жылы: 23.10.2007

Мектебі: №39 жалпы білім беретін негізгі мектеп

Сыныбы: 2-сынып

Мекен-жайы: Талғар ауданы Еңбекші ауылы Сейфуллин көшесі /1

Телефон:

Қолы:

Жетекшісі туралы мәлімет:

Аты-жөні: Дуйсенбай Жадыра Ерболқызы

Туған күні,айы,жылы: 25.05.1994

Қызметі: №39 жалпы білім беретін негізгі мектеп,бастауыш сынып мұғалімі

Мекен-жайы: Талғар ауданы Бәйтерек ауылы Труженик көшесі /104

Телефон: 8-707-4174991

Қолы:


Талғар ауданы

№39 жалпы білім беретін негізгі мектептің 2-сынып оқушысы

Оразақын Жансаяның

«Балдың пайдасы және емдік

қасиеті» тақырыбындағы

Ғылыми жобасына

Аннотация


Бал -жоғары калориялы диеталық тағам. Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық зат.




Annotation

Honey-is the high calorie and the diet food. Produced by the honey bee between the flower`s juice. It is a sweet ,paste and liquid food




Аннотация



Мазмұны І. Кіріспе бөлім «Табиғат» Отан байлығы..........................................................................2 ІІ. Негізгі бөлім а/Балдың түрлері мен құрамы..................................................................3 ә/Балдың емдік қасеттері...........................................................................6 б/Емдік тұнбалар мен жақпамайлар әзірлеу жолдары...........................7 ІІІ. Қорытынды бөлім.............................................................................8 ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер...................................................................9



Кіріспе Балды күнделікті өмірде жиі қолданғанымызбен,оның адамға тигізетін көптеген пайдасы мен емдік қасиеттерін,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз Бізді қоршаған табиғат небір қызықты құпияларға толы.Табиғат аясында тіршілік етіп, адам табиғат сырын игеріп үйренді, оның сан алуан құбылыстарын бағалай білді. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі сан алуан. Туған жердің табиғаты маған қатты ұнайды. Мені, әсіресе , ара балының пайдасы мен емдік қасиеті қызықтырды.Таза өнімдердің өндірісіне тікелей қатысатын жер шарындағы жалғыз жәндік - аралар. Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын «Балдың пайдасы және емдік қасиеті» деп алдым. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында балдың түрлері,олардың адамзатқа пайдасы мен емдік қасиеті жайында мәліметтер жиналды. Ара балының құрамы және балдан жасалатын денсаулыққа пайдалы тұнбалар мен жақпамайлар туралы қарастырылды.













2

ІІ. Негізгі бөлім

Балдың түрлері мен құрамы Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды», ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал «көп шырынды» деп аталады. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды. Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына 15 кг-ға дейін, жекелеген тәжірибелі бал ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды екен.

Ара балының бөлінуі

Бір шырынды бал - тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай - қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.

Көп шырынды бал - өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.

Табиғи балдың түрлері

Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.

Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол -балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.

Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар.

Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.

Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық -

3

янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай.

Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.

Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.

Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондайақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.

Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.

Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.

Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.

Балдың құрамы

Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.

Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі,

4 тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 ккал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.



5

Балдың емдік қасиеттері Ара балы мен ара балауызы түрлі ауруларға ем болатын өте құнды зат. Түрлі ізденіс жасай отырып,балдың ем болатын ауру түрлерін сараптап, емге қолдану тәсілдерін танып білдім. Қол-аяқ жансызданып ауырған жағдайда ара ұясын у сарымсақпен қосып жаншып алынған қоспаны ауырған жерге таңып қойса өз нәтижесін береді. Тері қышымасы,шиқан,ауыздық,қотыр шыққанда ара ұясын 7 күн спиртке шылап қойып,8-күннен бастап күніне бірнеше рет жағу керек. Денеге түрлі жарақат шыққанда,күйіп қалған кезде 60грамм балға бір шай қасық балық майын қосып,жақсылап араластырып жағу жарақаттың тез жазылуына септігін тигізеді. Улы жәндіктер шағып алса,бал мен сарымсақты бірдей мөлшерді жаншып,жараға таңса ауырғанын басып,жараның аузын шығарады. Тұмау және суық тиіп ауырған кезде,ыстық сүтке немес лимон шырынына бал қосып әбден айыққанша ішу керек. Жөтелді басу үшін, 1 литр суға 500грамм ұнтақталған пияз,50грамм балды қосып,баяу отта 3 сағат қайнатып, суыған соң шыны шөлмекке құйып,аузын жақсылап бекітіп,күніне 4-6 ас қасық ішу қатты жөтелден айығуға көмек береді. Өкпе ауруына шалдыққан адам күніне 100-150гр балды қойдың іш майына ерітіп ішуі керек. Сонымен бірге 6 гр жолжелкен жапырағына 200гр су,30гр балды араластырып,қайнатып,күніне ас қасықпен ішсе бронхит,плеврит,өкпе ауруларына шипа болады. Бауыр,өт жолы ауыратындар мен бүйректе,өтте тас пайда болған адамдар ақ ірімшікке,сәбізге,лимон шырынына бал қосып жеумен қатар,тұрыптық (редьканың) ішін үңгіп,оған балды толтырып қойып,

6 3-4 сағаттан кейін ересек адамдар ас қасықпен,балалар шай қасықпен 2-3 рет жеп отырса,бүйрек пен өттің тастан тазаруына көмектеседі және жылы минерал суына бір ас қасық бал қосып,оны аш қарынға ішіп 2 сағат қырынан жатып,бауырға жылы грелка басса өттің дұрыс жүруіне көмектеседі. Асқазан,ішек аурулары бар адамдар күніне тамақ алдында және тамақтан кейін 3 сағат сайын үзбей бал жесе,ауру бәсеңдеп,ас қорыту мүшелері жақсы жұмыс ісьейді. Тіс ауруына ара ұясын суға бұқтырып,ауызды шаяды және қақсап ауырған тіске басады. Тістің түбіне бекемдеп,тісті ағарту үшін бал мен сірке суын қосып,тісті 3-4 рет жуса,тіс түбі қатайып,аппақ болады. Құлақ ауырса,сиыр сүтіне,ешкі сүтіне немесе жұмыртқаның ағына балды араластырып,жылытып құлаққа тамызса,құлар ауруларына ем болады. Іш қатуға 60гр балмен 15гр қара күнжіт дәнін араластырып, қайнаған суға екіге бөліп,күніне 2 рет ішу бірден бір ем. Қан қысымы көтерілгенде 50 гр зығыр,60 гр балды 220 гр қайнаған суға қосып,күніне 2 рет ішсе,қан қысымы төмендейді. Жүрек ауырғанда. Бал жүрек ауруы бар адамдарға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі рет үзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептеуір жақсарады. Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектеседі. Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әртүрлі ем бар. Солардың ішіндегі ең тиімдісі - бал жеу. Жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі.




7

ІІІ. Қорытынды бөлім Қорыта айтқанда,ізденіс жұмыстарын жасай отырып,ара балының,ара ұясының адамға өте пайдалы зат екеніне көз жеткіздім. Болашақтың иесі дені сау,салауатты адамдар болуы керек. Яғни,денсаулықты сақтаудың бір жолы-салауатты өмірді ұстану,ағзамызды қажетті заттармен қамтамасыз ету. Оның бірден-бір жолы-күнделікті өмірде балды тиімді қолдану. Мен осы шағын зерттеу жұмысын жүргізе отырып,болашақ өмірімде бал арасын өсіру,бал өнімдерін алу және балдан түрлі емдік қоспалардан тұнбалар,косметикалық және емдік жақпамайлар өндіруді оны тиімді қолдануды мақсат етемін және мақсатыма жету үшін әлі де іздене түсемін.





8


Пайдаланған әдебиеттер: 1. Денсаулық журналы. №5. 2003ж 2.«Ауырып ем іздегенше....» халық медицинасына арналған жинақ. 2011ж 3. «Алатау» газеті №9. /648/ 28.02.2014ж 4. «Жетісу» газеті. № 59. /127/. 17.03.2014ж 5. «Мектеп дәрігері» журналы. №4. 2011 ж 6. Ғаламтор желісі. Google

© 2010-2022