Ахмет Байтұрсынұлы Оқуға шақыру

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: Оқуға шақыру . Ахмет Байтұрсынұлы Мақсаты: 1.А.Байтұрсынұлы жайлы білгенін еске түсіре отырып, оқушыларды мәнерлеп оқуға, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау; 2. Ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіре отырып, ойын қорытып түсіндірп айта білуге ықпал жасау; 3.Оқуға, білімді алуға ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Көрнекілігі: кітап, пікір ағашының суреті, сызба, өлең жолдары Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау. Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? (әңгімелеу) кітаптағы суреттер сыры неде? ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе: Ахмет Байтұрсынұлы туралы білгеніңді пайдаланып «Пікір ағашын» толтыр. 2. Өлеңді түсініп оқып, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке- жеке оқу, түсті бояумен жазылған сөздерге көңіл бөлу. 3. Дәптермен жұмыс ( түсті бояумен ерекшеленген сөзерді теріп жазып, түсіндір) 4. Сөзік жұмыс жүргізу «Іздеп тауып алалық - бұл жерде: үйрену, оқу, іздену.» IV. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Өлеңді бөлімге бөліп оқу. а) оқуға шақыру. ә) еңбек іс - әрекеті. б) даналық . 2. Даналық сөзін басқаша қалай айтуға болады? Алмастырып көр. (өлеңді қайталап оқып көр.) 3. Ақын ойын енді түсіндің бе? Ахмет Байтұрсынұлы балалрды неге шақырады? Өз сөзіңмен түсіндіріп көр. V. Қорыту : Сызбамен жұмыс: зер сал, өз сөзіңмен түсіндір. 1.Даналық, оқу, білім, т.б сөздер неліктен құмырсқа түрінде көрсетілген деп ойлайсың? 2.«Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық» қалай түсінесң? Сызба арқылы көрсете аласың ба? VІ. Үйге тапсырма: жаттап ал, «Ахмет» сөзжұмбақ құрастырып көр. VII.Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.



© 2010-2022