Ашық сабақ Жол ережесі

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ү.К.Томанов атындағы № 183 орта мектебінің

жолда жүру ережесі


  1. Жолды бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт


  1. Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қараша


  1. Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме


  1. Егер жолдан өтуге үлгермесең- орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршам-ның жасыл түсі жануын күт


  1. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды


  1. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті


  1. Жолды жаяу жүргіншілерге арналған жолмен өт


  1. Жол қиылысы- жаяу адам үшін ең қауіпті жер. Оны тек жаяулар өтетін жерден ғана өткен дұрыс


  1. Көшені кесіп үлгермесең-қауіпсіздік алаңшасында тоқтай тұр


  1. Көшенің жаяулар өтетін жері жоқ болса, оның бір бұрышынан екінші бұрышына шығу керек


  1. «Тоқта! Қозғалма!»-бұл қызыл сигналдың әмірі


  1. «Жол ашық. Өте бер!»-бұл светафордың жасыл сигналының әмірі


  1. Жаяу адам светафордың «Өте бер» деген сигналынан кейін көшеден өтуіне болады.


  1. Қала көшелерімен велосипедпен жүруге 14 жасқа толғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

Ү.К.Томанов атындағы № 183 орта мектебінің өрт қауіпсіздігі ережесі

Мектепте өрт болған жағдайда не істеу керек?


Мектепте адамдардың көп болуына байланысты, үйдегі адамдарды құтқаруға қарағанда, оларды эвакуация жасауға көп уақыт кетеді. Сондықтан мектепте өрт болған жағдайда қауіпсіздіктің алғы шарттары жасалу тиіс. Бірінші, өрт болып жатқан бөлменің есігін жабу керек. Терезеден жанып жатқан жайлы көрсеңіз, ол жайға кіре көрмеңіз! Ашық есік түтінді кіргізіп, құтқаруға кедергі жасайды; қосымша ауаның кіруіне байланысты оттың қарқынды жайылуына әкеп соғады. Өрт болып жатқандығы туралы дабыл қағу керек! Өрт болып жатқандағы туралы. Жақында жүрген қызметкерлерге айтып, құтқару шарасын жасап, мектептен адамдарды шығару керек. Барлығы бұрын белгіленген жерге, адамдарды түгендеу. Дабылдан кейін тезірек өрт сөндірушілерді шақыру керек. Құтқару Дабылды естісімен, оқушылар сынып жтекшілердің бағыттауымен бір-бірлеп сыныптан шығып, белгіленген жерге жиналулары керек. Құтқару кезіндегі қажетсіз есіктерді және сыныптың есігін жабу керек. Жиылыс Жиналу жерді алдын ала белгілеу қажет Жиналыс орнына келгенде әр сынып немесе адамдар тобы анық бір жерді белгілеп, шашырамай сол жерде болулары қажет. Түгендеу Сыныптар жиналған жерде оқушыларды түгендеу қажет


  1. Өрт кезінде өрттің барлық жерді алып кетпеу үшін барлық есіктерді жабыңдар / жабылған есік өртті 15 минут бөгелтеді /

  2. Өрттен қашқанда өрт туралы басқаларға да хабарлау керек / өрт кезінде еш нәрсені іздемей тезірек кетіп қалу керек /

  3. Өрт жайында мұғалімге хабарла!

  4. Эвакуацияны жасаңдар!!!

  5. Егер ол қауіпті болмаса, мектептен өрт сөндірушілер бөліміне немесе ең жақын телефоннан 101-ді теріп, мектептің мекен жайын нақты айтыңыз

  6. Өрт болған жерге қайтадан кірмендер- жанып кетулерің мүмкін!!!

© 2010-2022