Пәні: ана тілі Тақырыбы: Тасымал. Сен бақытты ұлансың

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты: ана тілі

Уақыты:22.02.2016ж.

1-б сынып

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Тасымал. Сен бақытты ұлансың.

Мақсаты

а) Оқушыларға тасымал тақырыбы туралы түсінік беріп ,

буынмен ұқсастығы мен айырмашылығы туралы түсінік

беру

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау,ойлау

қабілетін,сөздік қорын дамыту

б) Оқуға, еңбек етуге, үлкендерге көмектесіп жәрдемдесуге,

шынығуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, сурет, мақалдар жиынтығы

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Оқымысты» бала туралы түсінгендерін сұрап

білімдерін пысықтау.

IІІ. Мақсат қою кезеңі:-Балалар , біз сендермен буын туралы түсіндік , ендігі өтетініміз тасымал. Аты да айтып тұрғандай тасымал жолға сыймай қалғанда тамысалдау.

ЕРЕЖЕ. Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады.Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң қысқа сызықша (дефис) қойылады: қа-лам, дәп-тер, кө-гершін.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс:

V. Жаңа сабақ. 67-жаттығу

1.Сөздерді буынға бөліп жазыңдар?

Қарағай, ұшқыштар, автобус, дөңгелек.

2. Буынға бөлінген сөздерді үлгі бойынша қысқа сызықшамен бөліп жазыңдар

Үлгі: қа-ра-ғай,қа-рағай,қара-ғай. Ережені хормен оқу.


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

68-жаттығу 1.Сөздерді оқыңдар.

Кезекші, шағала, қарындаш,терезе.

2. Сөздердің бір не бірнеше буынын келесі жазу жолына тасымалдап жазыңдар

Үлгі: ке-зек-ші, кезек-ші, ке-зекші

VI.Жаңа материалды пысықтау. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Анаң -күнің, жүрегің,

Әкең-өмір тірегің.

Сен-бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Әжең-асыл ардағың,

Атаң-дана қорғаның.

Сен-бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

VII.Бекіту кезеңі:Мақалдар

1. Қыз-қуыршақ

Бала-құлыншақ

2.Қыз өссе- елдің көркі

Гүл өссе-жердің көркі

Үйге тапсырма

Мәнерлеп оқу 81 бет.


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Пәні: ана тілі Тақырыбы: Тасымал. Сен бақытты ұлансыңПәні: ана тілі Тақырыбы: Тасымал. Сен бақытты ұлансың

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

























© 2010-2022