Ғылым таппай мақтанба. әдебиеттік оқу сабағы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу 2 сынып Сабақтың тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға білімнің өмір нәрі екенін ұғындыру, ғылым сөзіне талдау жасау.

Білімділік: Шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, өз бетінше ізденіп, алған білімін өзін қоршаған ортада еркін қолдана алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.

ә) Оқу-білімге, іздемпаздылыққа, еңбекқорлыққа баулу. Қазақстанның болашағына деген сенім және білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Оқылған материалды сараптауда өзіндік ой-пікірдің қалыптасуы, өз ойын шығармшылық тұрғыда жеткізу. ә) ауызша дәне жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Өз ойын тиянақтап, еркін жеткізе алуын жетілдіру. Тәрбиелік мәні:Шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, өз бетінше ізденіп, алған білімін өзін қоршаған ортада еркін қолдана алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу. ә) Оқу-білімге, іздемпаздылыққа, еңбекқорлыққа баулу. Қазақстанның болашағына деген сенім және білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге тәрбиелеу

Әдіс -тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелесу. Сабақтың өту әдісі: сұраққа жауап, ой қозғау.

Көрнекілігі:оқулық, белсенді тақта, слайдттық презентация, ойын, сызба, ән, мақал-мәтелдер, электронды өлең мәнері, қоржын. Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру. а) Психологиялық жаттығу. II. Үй тапсырмасын сұрау. III. Ой қозғау. IV. Жаңа ақпарат беру. V. Оқулықпен жұмыс. VI. Тынығу сәті а) сөздік жұмыс ә) дәптермен жұмыс б)Ойын в)Кубизм стратегиясы VII. Сабақты бекіту. VIII. Бағалау. IX. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы: оқушыларды дұрыс отырғызып, сабақ құралдарын түгендеу. I. Ұйымдастыру кезеңі. а) Психологиялық дайындық. а) Психологиялық дайындық(оқушылардың назарын сабаққа аудару)

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бұл сабақтан өзім үшін барынша білім-тәрбие алайық. Қане, сабақтың ұранын айтайық. (Слайдта)

Жалықпа сен жалықпа,

Оқы, тоқы арманда.

Бәрін білген балаға,

Жақын болар алыс та. -Сабақтың тақырыбы мен мақсатын сабақ барысында ашуға тырысамыз. Мұқият болыңдар.. II. Үй тапсырмасын сұрау.

М: -Балалар, мына карточкалардағы сұрақтарға жауап беріп үйге берілгенді қайталап өтейік. Жауап берсек, бір құпия ашылады.

Сұрақтар: 1.Өткен сабақта қандай әңгіме оқыдық?

2.Аян мен Арман қай сыныпта оқиды?

3.Автобусқа кім мінді?

4.Әжей Аянға не үшін алма берді?

5.Арман неге қысылды деп ойлайсың?

6.Сенің досың Арман сияқты болса, не істер едің?

7.Әдеп дегенді қалай түсінесің?

Кі

Бі

тап -

лім-

бі

ө

лім

мір

бұ

шы

ғы,

ғы.

ла

ра

III. Ой қозғау.

М: -Балалар, не шықты, оқиық. Бұл не? (мақал)

Кітап - білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.

-Мақал денегіміз не? (М-үлгі-өнеге ретінде айтылатын қысқа, әрі нұсқа нақыл сөз.)

-Білімді неге шырақ дейміз?

Ой шақыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Ұлы ақын деп кімді айтамыз?

Ғылым таппай мақтанба. әдебиеттік оқу сабағыҒылым таппай мақтанба. әдебиеттік оқу сабағыҒылым таппай мақтанба. әдебиеттік оқу сабағыҒылым таппай мақтанба. әдебиеттік оқу сабағыҒылым таппай мақтанба. әдебиеттік оқу сабағы

-Балалар, бұл адамдарды танимыз ба?

-Бұл адамдар ел үшін, Отан үшін не істеді? -Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

-Отанымыздың тәуелсіздігіне неше жыл толуда? (20жыл)

-Ұлы ақын деп кімді атаймыз?

М: Бүгінгі сабағымыз ұлы адамның өлеңдерімен танысамыз. Сонымен тақырыбымыз қандай екен? Дұрыс. Бүгін біз Абайдың Ғылым таппай мақтанба - атты өлеңімен танысамыз.

-Ендеше, сабақтың мақсаттарын айқындап алайық.

*Абай өмірімен танысамыз.

*Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқимыз.

*Ерінбей еңбектенеміз.

IV.Жаңа ақпарат беру.

Абай Құнанбаев туралы шағын мағлұмат беру. (сызба түрінде)

Абай қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы. Абайдың шың аты -Ибраһим. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда туып, 1904 жылы 6 шілдеде қайтыс болды.

Абай Семей облысы,Абай ауданының Шыңғыс тауының баурайындағы Қасқабұлақ деген жерде туған.

Әкесі Құнанбай бай адам болған. Анасы ұлжан мейірімді, ақылды кісі екен. Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Ол Ибраһимді еркелетіп «Абай» деп атаған. Абай кішкентай кезінен өте зерек, ұғымтал бала болды. Анасы мен әжесі Зере оған көптеген ертегі, аңыз-жырлар айтып отырған. 10 жасқа толғанда әкесі оны Семей қаласына медресеге оқуға береді. Абай 12 жасынан өлең жаза бастайды. Оның 20-дан астам әндері бар. Абай аудармашы, ол Лермонтов, Крылов, Пушкиннің өлеңдерін қазақшаға аударған.

*Абайдың өмірінен суреттер. (Слайдтар)

* Ғылым таппай мақтанба. Өлеңінің үзіндісін мәнерлеп оқуды естірту. (электронды түрде)

V.Оқулықпен жұмыс: өлең оқу.

М: -Балалар өлең не туралы? -Өлеңді қалай мәнерлеп оқу керегін аңғардыңдар ма? Өлеңнің мағынасын жете түсіну үшін, оны оқиық.

  • Іштерінен оқу

  • Дауыстап еріп отыра оқу.

Сұрақ-жауап: Өлең мазмұнын талдау.

-«Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба» деп неге айтып отыр?

-Ғалымға неліктен ұқсауы керек?

-Дүние де өзі, мал да өзі,» деп ғылымды неге малға, дүниеге теңеп отыр?

-Адам білімді, ақылды болуы үшін не істеуі керек?

-Осы өлең арқылы Абай Құнанбаев балаларға қандай өсиет қалдырды?

-Өлең бізді қандай бол деп тәрбиелейді?(дұрыс, білімді бол, оқы, үйрен, жалқау болма, еңбектен дейді, оқуды жақсы көріңдер дейді.)

VI. Тынығу сәті: Балалар, Абайды сазгер дедік, оның неше әні бар еді?

Енденше, қазір оның бір әнін естіп, тынығып алайық. «Желсіз түнде жарық ай.»

-Әннің әуені ұнады ма? Өздеріңді қалай сезіндіңдер? Өлең мазмұны не туралы?

а) Сөздік жұмыс: «Түртіп алу әдісі».

-Қолға қарындаш алып, өлеңдегі түсініксіз сөздерді белгілейік.

Ғалым- оқымысты ғұлама.

Ғылым-табиғат пен қоғамның даму заңдары бойынша анықталған білім жүйесі.

  • Берілген сөздермен сөйлем құрау. (Мен өскенде ғалым боламын. Ағам ғылым саласында жұмыс істейді)(ауызша)

ә) Дәптермен жұмыс.

М: Балалар, өлең ұнады ма? Ендеше, өлеңнен ұнаған жолды жазып алыңдар.

б)Ойын: «Жалғастыр». Оқу-білім, еңбек туралы аяқталмаған мақал-мәтелдерді аяқтап айту тапсырылады. (балалар бір-біріне айтады)

-Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

-Оқу -инемен құдық қазғандай. Жалқаудың жаны тәтті, ...

  • -Оқу-кеме,

  • Білім-теңіз.

  • -Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

  • -Білім-таусылмайтын кен.

-Оқығанның көзі ашық, т.б.

М: Жарайсыңдар! Оқу үшін еңбектену керек, сонда ғана мақсатыңа жетесің, білімді боласың. Мінекей балалар, «Оқу мен еңбек -егіз» -деген сөз осыдан шыққан.

в)Кубизм стратегиясы.

-Ал балалар, «Қызықты текше» ойынына шыға қояйық.

Жұмбақ жасыру:

«Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама». (Кітап)

-Кітапты талқылауға саламыз.

1.Суреттеу-түрі, түсі, формасы, көлемі, портреті.

2.Салыстыру- ұқсастығы, ерекшелігі, немен салыстыруға болатындығы.

3. Талдау- қалай істелінген, неден жасалған, ненің нәтижесінде, зертте.

4. Таңдау- не туралы ойлауға жетелейді, талқылау немесе қарсы пікір.

5. Қолдану- бұған не істеуге болады, қолданысы, қалай, қайда қолдануға болады.

6.Бағалау - оймен байланыстыру, жақсы-жаман жағы.

VII.Сабақты бекіту. Балалар, «Білім қоржынынан» сұрақтарға жауп берейік. (слайдпен жасау, уақыт болмаса, өзім оқып отырамын)

-Абай Құнанбаевтың шын аты?

-Қандай өлеңдерін жатқа білесің?

Ұлы ақын неше жастан өлең шығара бастады?

-Ақын қай жерде туды?

-Абайдың әжесі?

- Абай ғылымды неге теңейді?

--Қандай әндерін білесің?

-Абайдың өлеңдері неге жетелейді?

Рефлексия. -Бүгінгі сабақ ұнады ма? -Мақсатымызға жеттік пе?

-Қиындық көрдік пе?

-Өзің үшін не алдың?

VIII. Бағалау,мадақтау. IX. Үйге тапсырма. 60 бет, жаттау.




© 2010-2022