Жарыс сабақ «Ойнайық та ойлайық, ойынға біз тоймайық!»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жарыс сабақ «Ойнайық та ойлайық, ойынға біз тоймайық!»

Жұлдыз ауылы

А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Гумарова Айымжан Сүйеуғалиқызының

іс-тәжірибесінен
Тақырыбы: «Ойнайық та ойлайық, ойынға біз тоймайық!»

Мақсаты: А) Оқушылардың ана тілі, математика, дүниетану сабақтарынан алған білімдерін байқау;

Ә) Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Б) Дидактикалық ойындар арқылы шығармашылыққа, зеректікке, ептілікке, тапқырлыққа баулу.

Түрі: жарыс

Айналымдар: 1-тур. «Ұшқыр ой» Сұрақтарға тез жауап беру.

2-тур: «Кім зерек?» Кедергілерден доппен өту арқылы математикалық амалдарды орындап жасырын сөзді табу.

3-тур: «Кім тапқыр?» Ребустар шешу.

4-тур: «Тездет, бірақ, қателеспе!» Суретті мозайка құрастыру.

5-тур: «Ойлан, тап!» Логикалық жұмбақтар шешу.

6-тур: «Сөз ойла, тез ойла!» Берілген сөздегі әріптерді пайдаланып, бірнеше сөз құрау.

Өтілу барысы:

Тәрбиеші: - Құрметті, лагерьде демалушы ұландар! Біз бүгін сіздермен «Ойнайық та ойлайық, ойынға біз тоймайық!» атты қызықты сайыс өткізгелі отырмыз. Бұл сайыста сіздердің білімдеріңіз бен ептіліктеріңіз қатар сыналатын болады. Ендеше сайыс айналымдарымен таныс болайық. (Турлармен таныстыру)

Сіздердің жауаптарыңызды біздің тұрақты төрешіміз бағалап, есептейтін болады.

1-тур. «Ұшқыр ой» Сұрақтарға тез жауап беру.

  1. Қыз ұзатылғанда киетін бас киім? (Сәукеле)

  2. 40 өтірік айтқан бала? (Тазша)

  3. Адасқанға бағыт беретін жұлдыз? (Темірқазық)

  4. Ірімшік неден жасалады? (Сүттен)

  5. Мұсылман дінінің пайғамбары? (Мұхаммед)

  6. Қуаныш айғағы ретінде жасалатын кәде? (Шашу)

  7. Байырғы қазақ күнтізбесінде наурыз қалай аталған? (Сүмбіле)

  8. Күйеу балаға берілетін кәде? (Төс)

  9. Жылқы малы нешеге келеді? (33)

  10. Түйе пірі? (Ойсыл қара)

  11. Сүйекпен ойналатын ұлттық ойын? (Ақсүйек)

  12. Ұясы жоқ құс? (көкек)

  13. Ешкі малы тартылатын ұлттық ойын? (Көкпар)

  14. Су тасуға арналған құрал? (Иінағаш)

  15. Саңылау тесіктен түскен күн сәулесінің нұрын қалай атайды? (Үт)

  16. Сиыр пірі? (Зеңгі баба)

  17. Жаңа киімге берілетін жоралғы? (Байғазы)

  18. Қазақ ауыз әдебиетіндегі күлдіргі кейіпкер? (Алдар)

  19. Бір ағашта екі жапырақ. (Құлақ)

  20. Күмбір-күмбір қарағым, қартайғанша жарадың. (Құлақ)

2-тур: «Кім зерек?» Кедергілерден доппен өту арқылы математикалық амалдарды орындап жасырын сөзді табу.

у

л

і

д

т

і

к

з

с

е

Ә

60+25

40*3

80/4

30/3

95-5

100/50

80-40

60*3

80-5

50*2

24/4

Жауабы:

т

ә

у

е

л

с

і

з

д

і

к

90

6

85

100

120

75

20

180

10

2

40

3-тур: «Кім тапқыр?» Ребустар шешу.

4-тур: «Тездет, бірақ, қателеспе!» Суретті мозайка құрастыру.

5-тур: «Ойлан, тап!» Логикалық жұмбақтар шешу.

6-тур: «Сөз ойла, тез ойла!» Берілген сөздегі әріптерді пайдаланып, бірнеше сөз құрау.

«Тәуелсіздік» сөзіндегі әріптерді пайдаланып бірнеше сөз құрап жазу. Әр сөзге бір ұпайдан беріледі.

Қорытындылау.

Сайыс соңында осы тапсырмаларға оқушылардың қалай жауап бергендіктеріне тоқталып, жиған ұпайларын есептеп, қорытамыз. Жеңімпаз топқа мақтау қағаздары беріліп, сабақты қорытындылау.



© 2010-2022