Әдебиеттік оқу Арыстан мен тышқан

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан

Сабақтың мақсаты:

  • Мысал арқылы жамандыққа жақсылық қайтарудың мәнін түсіну

Сабақтың міндеттері:

  • Арыстан мен тышқанның іс-әрекеттері адам өмірінде кездесетіндігін балалалрмен бірге талқылау

  • Әрқайсысының іс-әрекеттерін салыстыру, сипаттау, саралау жұмыстарын жүргізуге көмектесу

  • Оқушылар жеке, топта жұмыс істейді, топта пікір алмасады, ой бөліседі, бірін-бірі үйретеді.

Күтілетін нәтиже:

  • Сабақ соңында оқушылар мысалдан алған өмірлік сабақтарын өзгелермен бөлісе алады.

  • Мысалдағы кейіпкерлерді осы өмірмен салыстыра алады,талдау, талқылау жұмыстарын жүргізе алады

  • Жеке ойларын ортаға сала алады.Топқа ойын жеткізе алады. Басқаны үйрету жауапкершілігін сезіне алады.

Нәтижені бағалау,тексеру: Еркін жазу

Қажетті материалдар: Мәтін, ватмандар, қосымша ақпараттар,оқулықтар

І. Қызығушылықты арттыру:

Ой шақыру

Термин сөздермен болжау /берілген сөздер арқылы ертегілер құрастыру/

арыстан

тышқан

жақсылық

жамандық

орман

ІІ. Мағынаны ажырату «Болжау» стратегиясы

1 бөлім

Ұйықтапты бір арыстан айдалада

Тыныштық алу үшін сай-панада

Үстіне арыстанның ойнақтапты,

Бір тышқан іннен шығып сол арада.

Тышқан жүр сейіл құрып, ойнақ салып,

Бір уақыт жүгіріпті басқа барып,

Арыстан өлтіруге айналыпты,

Басын басқан тышқанды ұстап алып.

Сұрақтар:

1.Осы бөлім туралы не айта аласыңдар?

2. Арыстан туралы не айтқыларың келеді?

3. Тышқан туралы не ойлайсыңдар?

4.Әрі қарай не болады деп ойлйсыңдар?

2 бөлім

Жалынды сонда тышқан: «Өлтірме!»- деп,-

Ағатай, маған зиян келтірме! -деп,-

«Бір қайтар менен-дағы бір жақсылық,

Азат қыл, байқамадым, өлтірме!» деп.

Сұрақтар:

1. Қалай ойлайсыңдар, арыстан тышқанды өлтіруі мүмкін бе?

2.Тышқанның рөлінде өздеріңді қалай сезіндіңдер?

3.Әрі қарай қалай жалғасуы мүмкін?

3 бөлім

Арыстан күліп айтты : «Сорлы тышқан !

Не жақсылық қайтады сен байғұстан ?

Дүниеде саған қалған күнім құрысын !

Күшің кем жұдырықтай шымшық құстан.

Жатасың қорыққаныңнан қазып жерді ,

Күлдірдің болмасты айтып мендей ерді .

Күлдіріп көңіл ашқан ақың үшін

Азат қылдым»,- деді де , қоя берді

Сұрақтар:

1.Арыстанның іс-әрекеті туралы не айтасыңдар?

2. Неліктен ол тышқанды мазақ етті деп ойлайсыңдар?

3. Әрі қарай қалай жалғасуы мүмкін?

4 бөлім

Бір күні арыстаным торға түсті ,

Үзем деп, ақырып, тулап, салды күшті,

Оралып, шырматылды, шықпастай боп,

Басына құдай берді мұндай істі.

Сұрақтар:

1.Мысал немен аяқталуы мүмкін?

5 бөлім

Күн қайда құтылатын торды бұзып,

Бақырып ызаланды жерді сүзіп,

Дауысын танып,баяғы тышқан келіп,

Құтқарды торды қиып, тістеп үзді.

Сұрақтар:

1.Осындай іс-әрекеттерді біздің өмірімізде кездестіруге болады ма?

2. Мазмұнына байланысты қандай мақал-мәтелдермен ұштастыруға болады?

ІІІ. Ой толғаныс

Жақсылыққа жақсылық - әр адамның ісі

Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі

«Еркін жазу»

Мен Тышқанмын

Мен Арыстанмын

немесе

Мысалдағы кейіпкерлерге хат жазу






© 2010-2022