Ашық сабақ дүниетану 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: Тұқым және жеміс Мақсаты: Тұқым және жеміс туралы тақырыпты меңгерту. Түсініп оқуға, түсінігін айта білуге дағдыландыру. Білімін, есте сақтау қабілетін дамыту. Өсімдіктерді танып білуге, күте білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: жеміс дәні, тұқым,суреттер,сөз жұмбақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену. Түрі: аралас сабақ. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі : Сабаққа әзірлік ( амандасу, балаларды түгендеу.) -Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өткен сабақтардан ерекше болмақ , біздің сабағымызға бүгін қонаққа қоян келіп отыр, қоян сендерден көмек сұрап отыр. Міне, мына шетте сәбіз тұр, сол сәбізге қоянды жеткізуіміз керек. Ол үшін қоян сендердің бүгінгі сабақтарыңды бақылап отырып, осы сабақ соңына қарай сабаққа байланысты сұрақтар қояды, сендер сол сұрақтарға жауап берсеңдер қоян сәбізіне жетеді.Қоянға көмектесеміз бе? Ендеше сабаққа шын ынтамызбен кірісейік. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Үйге не берілді? Үй тапсырмасын сұрау) Күзде жапырақ неге сарғаяды? Оқу, талдау. Міне, балалар сендердің арқаларыңда қоян сәбізіне бір қадам жасады. ІІІ Білімдерін тексеру. Жапырақтың түсі неге жасыл? Жапырақ неге түседі? Өсімдік мүшелерін ата? Жапырақтар неге сарғаяды? ( Тамыр, сабақ. Күн суытқаннан.(көрнекіліктермен жұмыс)) Сендердің дұрыс жауаптарыңның арқасында, қоян сәбізіне тағы бір қадам жасады. ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Тұқым және жеміс Ү. Жаңа сабақ. - Ендеше балалар,дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазыңдар. - Сабағымызға кіріспес бұрын сөзжұмбақ шешейік.(сөзжұмбақ шешкізту ,жұмбақтар шешу арқылы) Мәтінмен жұмыс: Оқу, талдау, әңгімелеу Жеміс - өсімдіктердің бізге тартатын сыйы. Жемістің гүлден пайда болатынын, жеміс ішінде тұқым барын әңгімелету. Тұқым мен жемістің әр түрлі уақытты жетілетінін айту. Алманы бөліп мысал келтіріп, тұқымын көрсету.
  • Дәптермен жұмыс. Тұқым 2-ге бөлінеді шырынды және құрғақ. Шырынды жемістерге: алма, алмұрт, жүзім, қияр, қызанақ, қауын, қарбыз т.б. жатады.
Ал, құрғақ жемістерге: жаңғақ, бидай, жүгері,тары, сұлы т.б. жатады. (көрнекіліктермен жұмыс)
  • Оқушыларға тізбектей оқыту.
  • Сергіту сәті
ҮІ. Түсінгендерін тексеру. Ал енді, балалар, қоянның сендерге қояр сұрағы бар екен? Гүл түйіні дегенді қалай түсінесің? Жемістің ішінде не болады? Жемістер қандай болып бөлінеді? Құрғақ жемістерге нелер жатады? Шырынды жемістер ше? Өсімдіктер не арқылы таралады? Өсімдіктер қалай таралады? Міне, балалар, сендердің арқаларыңда қоян сәбізіне жетті. ҮІІ. Бекіту. Бүгінгі сабақта не білдік? ҮІІІ . Бағалау. Өте тамаша, оқушылар, енді қоян сұраққа жауап беріп сәбізіне жеткізген оқушыларды бағаламақшы. ХІХ. Үйге тапсырма: 65-67 бет оқу
© 2010-2022