«Бастауышым - бастамам, білім жолын бастаған»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

- `` `` «Бастауышым - бастамам, білім жолын бастаған»


Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға білімді болуға шақыру. Мектепті, яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуына жетелеу, тәрбиелеу. Бастауышы сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштаса отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныту, сәт-сапар тілеп табыстау.
Мұғалім: Көрінетін биіктен асқақ іспен Баулитұғын білімге жас кішіден. Жыл бойы біліммен сусындатқан Қоштасқалы күн келді бастауышпен. Бастауышты халық та дәріптеген «Білім көзі» деген сөз анық деген. Өйткені бастауышта балаң шыбық Ең алғаш танысады әріппенен.
Мұғалім: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да, Мұнда күй болған сірә қаншаңыз да? Қол соғып, қошеметтеп шақырайық. 4 «А» сыныбын ортамызға.
- Құрметті, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар әрине, бастауыш сыныптың түлектері бүгінгі салтанатты мерекелеріңіз құтты болсын!
- Кеше ғана тұлымдарын желбіреп, жүректері лүпілдеп, білім ордасына тарыдай болып еніп, жан-жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған балапан едіңдер. Бүгін, міне, 4 жыл білім нәрімен сусындатқан, қалам ұстап, әріп, танықтан, білімнің негізі - бастауыш сатысымен де қоштасар сәт таянды. Адам өміріндегі ең бір тәтті, алаңсыз бақытты шақ -балалық шақ. Ендеше, сол балалық шақтарыңнан мәңгілік естеріңде қалсын, балалықтың жақсы бір елесі болып қалсын деген мақсатпен, бүгін дәстүрлі үлкен қуанышты шараға жиналып отырмыз. «Бүгінгі менің көгершіндерім, болашақтарың көгеріп, көктеп, биіктерге самғаңдар» деген тілекпен ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. -Олай болса, құрметті шәкірттерім сөз кезегі өздерінде! 1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, әз жандар, Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
2-жүргізуші: Қош келіпсіздер, ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңызда жауқазындай құлпырған. Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
1-жүргізуші: Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер, Қыран құстай болашағын мәпелер. Бүгінгі күн бастауышпен қоштасады, Азамат боп кешегі сәби - еркелер.

2-жүргізуші: Армысыздар! Жарық сәуле көбейсін! Армысыздар! Армысыздар! Әсем әуен төгілсін! Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар! Орта толып кеңейсін!
1-жүргізуші: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
2-жүргізуші: Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан, бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
1-жүргізуші: «Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат. Алдына түсіп ананың, жүрегінін көрген бір мұрат,»- дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
2-жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам, Сенен өсіп сенен ғана нәр алам. Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек, Тамырланып сан тарапқа тараған.
1-жүргізуші: Бізді аяулы мектебіміз үлкен құрметпен қарсы алды. Біздің әрбір өткен күнімізге, ауызымыздан шыққан сөзімізге, сүйкімді қылығымызға, балаға тән қасиетімізге шын жүректен мейірімділікпен қарай білді. Әрбір ұстаз өз бойындағы жақсы қасиеттерін үйренуге тырысты, өз асыл уақытын бізбен бірге өткізді. Содан бері табаны күректей 4 жыл өтті. Уақыт озды, біз де есейдік. Бұл уақыт ішінде көп нәрсені білдік, үйрендік, тоқыдық. Сондықтан сіздердің назарларыңызға Кусайн Аяулым мен Темірболатова Данелдің орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Қасым Аманжолов ағамыз «Мектеп -кеме, білім -теңіз» деп тектен-текке айтпаған -ау, сірә. Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол- мұғалімнің еңбегі. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі-ұлы еңбек. 1-жүргізуші: Ұстаздарды«Ұлы адам» деп ұғынамын, білемін, Дәл солардай болсам деумен соғушы еді жүрегім, Бүгін, міне, мен мектепте оқушымын салмақты Талпынамын, ізденемін атануға ардақты. Байқалса бір жақсылықтай бойымнан жылт еткен Дарыған ол-ұстазымнан, еске аламын құрметпен.
2-жүргізуші: Міне ойға тоқып үйренген көп оқушыларымыз тілінен бал тамызған ақын аға-апаларымызға ұқсап баққан жас өрендеріміздің өлеңдеріне кезек берейік.



1-оқушы: Аяулым Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Қош келіпсіздер ұстаздар, ата-аналар, Бастауышпен қоштасу тойымызға.
2-оқушы: Сания Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де, Үлкен, кіші жасымыз, кәрімізбен. Төрлетіңіз қадірменді қонақтар, Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.
3-оқушы: Азиза Білім бар білім десең баста піскен, Қолда оқулық бәрі де тасқа түскен. 4 жыл бойы саялы мекен еткен, Қоштасайық енді біз бастауышпен.
4-оқушы: Ерболат Енді міне, сағымдай боп өте шықты, 4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті? Ұстаз Ана жасады мына бізден, Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
5-оқушы: Ясмина Қимай тұрмын, білім алған мектебім, Өзіңде өткен жастық шағым, көктемім. Үмітпенен әкеп еді анамыз, Азамат боп тұрмыз міне көп-көрім.
6-оқушы: Темірлан Көңіліңіз бар шәкірттің таба алатын, Кеуделерге намыс отын жаға алатын. Өзіңіздей болса, шіркін, барлық ұстаз, Қолы шебер, күміс көмей, сөзі алтын.
7-оқушы: Әділбек Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын, Ұстаз -ғалым толастамас мәңгі ісін. Тыншымайтын асыл жандар аяулы, Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
1-жүргізуші: Айдында аққудай сылаңдаған, Біреулер күй, біреулер жыр арнаған. Шықсын енді ортаға биші қыздар, Тал шыбықтай иіліп мың бұралған,-дей келе қыздар тобының «Алма бағы» биін қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші: Дүниеде адамға ең жақын ыстық жанның бірі кім?
1-жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі - ұстаз. Өйткені ол көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың: Ұстаз еңбегі -ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы ақын Абайдың: Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,-деп айтуында бір үлкен терең ой жатыр. Сондықтан да алғашқы сүйікті ұстамызға өлең жолдарын арнаймыз.
8-оқушы: Асылхан Ұстазым сізді ойласам толғанамын, Шәкірттік ақ жүректен жыр жазамын. Бастауыштан түлеп ұшқан балапандар, Алғыс айтып өзіңізге қанат жаяр.
9- оқушы: Анара Бар білім бастауыштан басталады, Шығармыз шыңға биік асқаралы. Тынымсыз ізденісті еңбегіңіз, Асем апай, әлі-ақ ақталады.
10-оқушы: Исакова. Кейде жайлы мінезіне қызығамыз, Кейде ашусыз мінезіне табынамыз. Күліп жүрер үнемі Әсем апай, Жан жүрегін қашанда ұғынамыз.
11-оқушы: Даяна Білімнің байыбына барып терең, Әсем апай бастап еді әліппеден. Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс, Бастаған тәрбиесін алып келем.
12-оқушы: Алишер Жүзіңіз жылы, құшағыңыз кең, Сізден түлеп ұшамын мен. Өзіңіз берген біліміңмен, Биіктерге ұшамын мен.
13-оқушы: Кайруллинова Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен, Көкейіме көрік беріп, гүл еккен. Мені оқытып, өркенімді өсіріп, Жалындатып жанарымды нұр еккен.
14-оқушы: Руслан. Өмірге жол бір өзіңнен бастадым, Әліпбиді оқи біліп жаттадым. Ұстаз Ана естен кетпес мәңгілік, Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
15-оқушы: Бимахан Көреміз көзіңізден мейірімді, Сеземіз анамыздың алақанын. Қыран ана секілді күтіп баптап, Ұшырған ұясынан балапанын. Айтамыз, апай, сізге көп-көп алғыс, Қашанда қасыңыздан табылармыз, «Бастауыш - бар білімнің негізі» деп Біз сізді әрқашанда сағынамыз.
16-оқушы: Гульназ Жадыраған жаздай жылы жаны бар, Жақсылықтың шырағы боп жағылар. Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған, Шәкірттің жүрек сөзін қабыл ал.
17-оқушы: Исаканова Шәкірттердің тыңдап жауап сұрағын, Жас санаға төгіп білім шуағын. Хат танытып жол сілтеген өмірге, Барша жанға құрметті жан -мұғалім.
1-жүргізуші: Ән мен биге басайық, Өнерімізді көрсетіп, Құрметіне бұл тойдың, Ән мен шашу шашайық,-дей отыра Аяулым мен Санияның орныдауында «Аяулы ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші: «Ұстаз» сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі мәні жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету, тәрбиелеу дегенді білдіреді.
1 - жүргізуші: Достар, бізді болашаққа не бастайды?
Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы. Ата-ананың ақылы. Болашаққа деген сенім.
2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз. Жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.
1- жүргізуші: Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинациялармен сіздерді марапаттауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Мектепті ойлап өткен айы, жылы-күні, Сондықтан да біздің мектеп үлгілі. Гүлайым апай -дана кісі басшымыз. Тәртіп пенен мәдениетттің символы - дей отыра, «Ең көрікті де жаңашыл басшы» номинациясымен мектеп директоры Гүлайым Егеубайқызы марапатталады. Сөз кезегі мектеп директоры Гүлайым Егеубайқызына беріледі.
1-жүргізуші: Өз есімі жүректерде жатталған, Клара апай талай жерде мақталған. Тілін тауып, көңілін тауып бәрінің, Бастауыштың 19 мұғалімін басқарған -дей отыра, « Ең қадірлі және мейірімді» номинациясымен бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Клара Камалбайқызы марапатталады. Сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Клара Камалбайқызына беріледі.




2- жүргізуші: Сәлем, әнші халайық! Әсем күйге салайық -дей келе , Анар мен Русланның орындауында « » күйін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Әсем апай анашымдай аялаған, Нұрланған шуағымсың саялаған. Айналдық мейірімді жүрегіңізден, Шәкірттен өз бақытын аямаған-дей отыра, «Ең аяулы да жанашыр» номинациясымен Әсем Марсқызы марапатталады. Хормен: «Балдырғандар» вальсі әнін қабыл алыңыз. 2-жүргізуші: Мектеп өмірінен көрініс: Мұғалім: Самат, маған столды орнынан қозғалтуға көмектесіп жіберші. Самат: Тағы да мен,әне Айдос кетіп барады ғой.Әй, Айдос столды орнына қозғалтуға көмектесші ( Айдос көмектеседі.) Мұғалім: Самат, гүлге су құя салшы! Самат: Тағы да мен бе? Нұрсәуле, сен құйшы.(Нұрсәуле құяды) Мұғалім: Самат! Айбекке үй тапсырмасын апарып бере қойшы, бір жағынан денсаулығын біліп келесің. Самат: Тағы да мен бе? Әмір сен апарып берші. Мұғалім:Әзірге осы,Самат. Самат:Міне, көрдіңіздер ғой, халайық..Саматсыз еш шаруа бітпейді.
1-жүргізуші:
Орыс тілі әр кезде керек ертең, Альфия апайымыздың көңілі өте көркем. Ашық жарқын жанары қашан көрсең, Барлық жандар осындай болса екен-дей отыра, «Ең жайдарлы және салмақты» номинациясымен Альфия Нурсултанқызы марапатталады. 1-жүргізуші: Арманым боп аңсаған, Мәңгілік қалдым мекендеп. Өзіңе арнап жыр айтам, Ардақтап сізді өтем деп. Сізге арнап Жамбутаева Ясминаның орындауында «Страна чудес» әнін қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші:
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты, Менің де көкейімде із қалыпты. Сәуле апай неткен мықты төзімдісіз, Шәкірттерім орыс тілін білсін дейсіз - дей отыра, «Ең байсалды және инабатты» номинациясымен Сәуле Елгондинқызы марапатталады.
Сізге арнап қыздардың орындауында «Ежик» биін қабыл алыңыз.






1-жүргізуші: Білім берген бар ынта-жігерменен, Үйреткен бізді ағылшын тілін зейінімен. Ұстазымыз бар салмақты Динара апай, Кең пейілді қазақтың сұлу қызыңдай -дей келе, «Ең сүйкімді де сүйікті» номинациясымен Динара Бейбутқызы марапатталады.
2 - жүргізуші: Өнерліге әсем ән мен сән керек, Өнегені қанжығаға өңгеред. .....Папури.....биін билегенде биші қыз, Бүкіл әлем кетер бір сәт дөңгелеп-дей келе, Султангазина Дильназдың «Папури» биін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Спорттан талай шәкірт даярлаған, Шәкіртіне денсаулық сырын аямаған. Әзілі бірге жүрер өзіменен, Қунышбек ағай үйретуден шаршамаған -дей отыра, «Ең шымыр және жігерлі» номинациясымен Қуанышбек Қабдулуахтиұлы марапатталады.
Хормен: Білім берген біздерге, Рахмет үлкен сіздерге!
2 - жүргізуші: Ұлдардың орындауында «Қара жорға» биі
1 - жүргізуші: Келесі тамашалайтыңдарыңыз «Мектеп өмірінен» шағын көрініс. «Көп сөзді бала мен мұғалім диалогы» Мұғалім: Сабақта көп сөйлейсің бе? Бала: Жоқ, о не дегеніңіз. Мұғалім: Көшіресің бе? Бала: Жо -жоқ! Мұғалім:Балалармен төбелесесің бе? Бала: Ешқашанда. Мұғалім: осы сенің жаман қылықтарың бар ма, өзі? Бала:Әрине бар, көп өтірік айтамын.
2 - жүргізуші: Шуақ төгіп күлімдейтін- қарасам, Анашымды күнге ғана баласам. Жер бетінде ең жақыным өзіңсің, Мәпелейсің, аялайсың әрқашан.
1 - жүргізуші: Қамқорсың ана өмірде, Қуатым сенсің көңілге. Әлпештеп мені өсірдің, Ұшармын ертең көгінде.
1-оқушы: Аяулым О,менің ардақтаған, асыл анам, Ақылмен, ақ сүтімен асыраған. Айналдым қасиетіңнен әрқашанда, Жыр арнап міне, бүгін отыр балаң.



2-оқушы: Әділбек Теңейміз аналарды аппақ таңға, Теңейміз аруларды шапағатқа. Ана деп ән саламыз, жар саламыз, Бас иіп «ана» деген асыл затқа.
2 - жүргізуші: Үлкенді сыйлау -қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау ең алдымен әке мен шешенді сыйлаудан басталады.
1- жүргізуші: Бала ата-ана ісінен көпті үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін де бойға сіңіре біледі. Сондықтан 4 жыл бойы оқығанда ата-ананың да еңбегі мол.
2 - жүргізуші: Ардақты да ұғымтал аналарымызға көптен -көп рахмет.
Хормен: Ата-ана, сіздерге мың алғыс!
1 - жүргізуші: Аналарға арнап Амангелді Рабиға мен Темірболатова Данелдің орындауында «Бақытты балалық» әнін қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің қоштасу кешімізге болашақ 1-сынып оқушылары да келіп отыр.Біз бүлдіршіндерге бастауыш сыныптың кілтін ұсынбақпыз. (ұсынамыз) (Оқушы қыз бала мен ұл бала жүгіріп шығады.)
1-сынып оқушысы қыз бала: О, мынау қандай керемет! 1-сынып оқушысы ер бала: Мен де сіздер сияқты болғым келеді және сіздер сияқты жетістіктерге қол жеткізіп, мектептің атын шығарғым келеді.
1 - жүргізуші: Інішек, ұмтылысың жақсы екен. Олай болса, «Бастауыштың білім кілтін» табыс етейік.
2 - жүргізуші: Бұл кілт арқылы сендер ұмтылған нәрселеріңнің барлығына қол жеткізесіңдер!
1-сынып оқушысы қыз бала: Білім алуға, үлкенді сыйлауға, отанды қорғауға тіліміз бен салт -дәстүрімізді сақтауға,
1-сынып оқушысы ер бала: Мәдениетті болуға, үлгілі болуға, ерінбей еңбек етуге, мектебіміздің даңқын көтеруге, Екеу бірге: (бәрі) АНТ ЕТЕМІЗ!!! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ!!
1-жүргізуші: Бүгінгі қоңырау үні біз үшін ерекше. Ол біздің бастауыш сыныппен қоштасып, сәби шақтан өмірдің келесі баспалдағына -оқу, білім, ізденіс жолдарына шығарып салатын қоңырау үні.
2-жүргізуші: Болашағы бейне қызыл қыр гүлі, Бүлдіршінді аяласын күн нұры. Жаңа табыс жақсы күнге батасын, Бүгін соңғы қоңырау сыңғыры, Бастауыш сатысының соңғы қоңырауы соғылсын! (Қоңырау соғу)
1-жүргізуші: Келес тамашалайтыңдарыңыз « Арива» биі, қабыл алыңыздар.




18-оқушы: Данел Мынау өмір арнасымен ағады, Білімді жан әркез жолын табады. Сіздерменен бастауыштар қоштасып, Көгершіндей самғап қанат қағады.
19-оқушы: Рабиға Тұрмыз міне, бастауышпен қоштасып, Жетіліп ек бәріміз қол ұстасып. Іс ілгері, толығып біліміміз, Теріс басып жүрмейікші шоқ басып.

20-оқушы: Сультангазина Дильназ Жаным толқып, лүпілдейді жүрегім, Бойым өсіп, ойым толып түледім. Бірі құрбы, бірі шын дос біз үшін, Боламыз ендң жоғары сынып түлегі.
21-оқушы: Әлімжан Ұстаз деген ұлық атты сыйлаймыз, Жақсы әдетті сол жандардан жинаймыз. Болашаққа ұмтыламыз үмітпен, Әйтсе де әлі бастауышты қимаймыз.
22-оқушы: Сейтхан Жалықпай үйреттің де балаларды, Өмірге тарту еттің даналарды. Ізгілікке жол ашып көрсетумен Қара шашың қыраулап ағарады.
23-оқушы: Зухра Шаттанамын мен бүгін шаттанамын, Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын. Осы сырды үйреткен бастауышым, Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.
24- оқушы: Аделя Бір ұядан түлеп ұшқан құстармыз, Жақсылықпен адалдыққа құштармыз. Еңбек пенен тіршілікке сән берсін, Достық туын әр кез биік ұстармыз.
2-жүргізуші: Бірге өсіп ен жайлаған ұл мен қыз, Асыға сәлем жолдап біз жүретінбіз. Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді, Сіздерге тарту етіп ұсынамыз - дей отыра, «Қоштасу вальсін» қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім - тәрбиесі , үлкен жүрегі, мейірім, уыстап жұтқызған өмір шербеті - тіршілік зәмзәмі.
2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан зор алғысымызды білдіреміз.

1 - жүргізуші: Баланың да тірегі, Дананың да тірегі. Шаншымасын ешқашан, Аналардың жүрегі.
2 - жүргізуші: Тойымызға бүгінгі Ақ тілегін арқалап. Келі ата-анамыз, Кезек беріп соларға Сөзіне құлақ саламыз.
1 - жүргізуші: Сөз кезегін ата-аналарымызға береміз.
2-жүргізуші: Өтті сенде қызық шағым, Бастауышым- балбұлағым. Қоштасар күн жетті міне, Қимастықпен қол бұлғаймыз! Қош бол, қош бол сүйікті бастауышым. (Бәрі.)
1 - жүргізуші: Сондықтан да бұл сәтті қасиеттеп, Мәңгі сақтап қалармыз жүректе біз. Қош айтысып соңғы рет осы жерде, «Мың алғыс, бастауышым, саған!» дейміз.
2 - жүргізуші: Сенен алған білімге де рахмет! Сенен тапқан достарға да рахмет! Бастауышым, қоштасарда тағы да, Жүз қайтара айтармыз рамет!
Бастауышпен қоштасу ертеңгілімізді «Сыныптастар, құрдастар» әнімен аяқтаймыз. ( «Армандастар» әні әуенімен)
Бүгін міне бастауышпен қоштасамыз, Ұстаздар -ау, жақсы істі қоштасаңыз. Үлкен сынып балалармен достасамыз, Сыныптастар , құрдастар.
Қайырмасы: Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік, Бәріміз де өмір жолын бастап едік. Білімменен алға, біліммменен алға, Ұмтылайық, ұмтылайық біз достар.
Біліменен көрселетік біздер қызмет, Білім берген ұстаздарға көп-көп рахмет. Көрсетпесін өмір-өзен еш тауқымет, Сыныптастар, құрдастар.
1-жүргізуші: Ата-аналарға марапаттау, оқушыларға бітіру парағын тапсыру. Осымен «Бастауышым-балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білідерміз.

© 2010-2022