Спорт - біздің досымыз тақырыбында сынып сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Спорт - біздің досымыз тақырыбында сынып сағатыСпорт - біздің досымыз тақырыбында сынып сағатыЖамбыл бастауыш мектебіСпорт - біздің досымыз тақырыбында сынып сағаты














(сынып сағаты)









Дайындаған: Аманбаева Г.С










Қарамеңді 2015 - 2016 оқу жылы.

Тақырыбы: Спорт біздің досымыз!

Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.

Көрнекіліктері: доп, шар, кедергілер, секіртпе, арқан.

Сабақ барысы
Қайырлы күн, құрметті оқушылар! «Спорт-біздің досымыз!» атты спорттық шарамызды бастаймыз. Еңкейген кәріден бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғамда, мектепте жағдай жасап, денсаулықты сақтауға атсалысуы қажет. Ол үшін күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауды, жүгіруді әдетке айналдыруымыз керек, сонда ғана егеменді еліміздің мықты азаматы болып өсеміз.

Ендігі кезекте бұл сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар:
1. Топтарды ортаға шақыру
2. Әнұран
3. Сайыс 2 бөлімнен тұрады.
І бөлім - «Жарысайық бәріміз».
ІІ бөлім - «Кім ұқыпты, кім шапшаң».

III бөлім - Қорытынды.
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстыра кетейін.

Сайысымыздың басталуы.
Таныстыру. Топтар өз топтарын таныстырады.
І бөлім «Жарысайық бәріміз». Бұл бөлімде топтар топтасып сайысқа түседі.

1 - ойын «Допты шапшаң бер»
Әр топтың алдыңғы жағынан 6 - 8 м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде топ басшысы допты ұстап тұрады. Жүргізушінің берген белгісі бойынша топ басшысы өз жағының 1 - ойыншысына лақтырады да, өзі жүгіріп барып саптың соңына тұрады. 1 - ойыншы қолына доп тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты келесі ойыншыға лақтырады. Ойын осылайша ақырғы ойыншыға дейін жалғасады. Топ басшысы шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Топ басшы шеңберге бұрын келген топ жеңіске жетеді.

2 - ойын «Допты домалатып тез лақтыр»
Сөре сызығынан 5 - 7м жерде параллель сызық сызылады. Белгі бойынша 1 - ойыншылар допты сызыққа дейін домалатып тура сызыққа допты тигізіп, қолына алып 2 - ойыншыға кеуде алдынан лақтырады да өзі саптың артына барып тұрады. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы соңғы ойыншыдан допты алған мезгілде ойын аяқталады.

3 - ойын «Кім шапшаң»
Ойыншылардың аяқтарына тұсау салынып, бірінің артына бірі лек түзеп, сапта тұрады. Белгі бойынша 2 - ойыншы шапшаң жүріп, белгілі арақашықтықтан айналып келесі ойыншыға қолын тигізеді. ойын осылай жалғасады.

4 - ойын «Картопты егіп кел де, жинап ал»
Ойыншылардың алдында арасы 1 м қашықтыққа түзу бойынша сызылған 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алған мезгілде ойын аяқталады.

ІІ бөлім «Кім ұқыпты, кім шапшаң».
1 - тапсырма «Секіргіш жіппен көзді байлап секіру»
Әр топтан 1 - ойыншы шығып, секіргіш жіппен көзді байлап секіреді 30 сек ішінде. Егер ойыншы қателессе секіру тоқтатылады.

2 - тапсырма «Секіргішпен жұптасып секіру»
2 - ойыншы жұптасып секіргіш жіппен секіруі керек. Екі ойыншы бір - біріне қарама - қарсы қарап тұруы керек.

3 - тапсырма «Кім ұқыпты?»
Ортаға төсеніш қойылады. Әр топтан 1ойыншыдан шығып, Еңкейіп саусағының ұшына қарап 10рет айналады да болған соң төсеніштен тоңқалаң асып допты алып серіктесі ұстап тұрған сақинаға лақтырып түсіруі керек.

III бөлім. Қорытынды.
Төрешілер алқасының шешімі бойынша 1, 2, 3 орындар анықталып, арнайы дипломдар тапсырылады. Сол сияқты төмендегі арнайы жүлде белгіленді:
«Ең үздік» ойыншы.




Тақырыбы: Спорт біздің досымыз!

Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.

Көрнекіліктері: доп, шар, кедергілер, секіртпе, арқан.

Сайыс сабақты бастамас бұрын оқушыларды топқа бөлдім:

1 - топ: «Қырандар»

2 - топ: «Барыстар»

3 - топ: «Бүркіт»

Келесі кезекте оқушыларды бағалайтын әділ қазылар мүшесімен таныстырдым. Одан соң әрбір топ өздерін таныстырып өтті.

Сайыс 2 бөлімнен тұрды:

І бөлім - «Жарысайық бәріміз». Бұл бөлімде топтар сайысқа түсті. Бұл бөлім 4 ойыннан тұрды:

1 - ойын: «Допты шапшаң бер».

2 - ойын: «Допты домалатып тез лақтыр».

3 - ойын: «Кім шапшаң»

4 - ойын: «Картопты егіп кел де, жинап ал».

Бұл ойындарда топ мүшелерінің барлығы қамтылды. Барлығы да берілген тапсырманы дұрыс орындап, тобына ұпай санын әкелуге тырысты. Бұл ойындарда топтардың келу ретіне байланысты бағаланды.
ІІ бөлім «Кім ұқыпты, кім шапшаң». Бұл бөлімде топтағы ойыншылар жеке - жеке сайысқа түсті. Бұнда оқушыларға 3 тапсырма берілді және әрбір топ мүшесінің орындау шапшаңдығына байланысты бағаланып отырды. Ондағы тапсырмалар мынадай болды:
1 - тапсырма «Секіргіш жіппен көзді байлап секіру». Әр топтан 1 - ойыншы шығып, секіргіш жіппен көзді байлап секіреді 30 сек ішінде. Егер ойыншы қателессе секіру тоқтатылады.
2 - тапсырма «Секіргішпен жұптасып секіру». 2 - ойыншы жұптасып секіргіш жіппен секіруі керек. Екі ойыншы бір - біріне қарама - қарсы қарап тұруы керек.
3 - тапсырма «Кім ұқыпты?». Ортаға төсеніш қойылады. Әр топтан 1ойыншыдан шығып, Еңкейіп саусағының ұшына қарап 10рет айналады да болған соң төсеніштен тоңқалаң асып допты алып серіктесі ұстап тұрған сақинаға лақтырып түсіруі керек.

Сайыс сабақты қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына сөз берілді. Олар өздерінің шешімін жариялап, жеңімпаз топты құттықтады. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша:

1 - орын: «Барыстар»

2 - орын: «Қырандар»

3 - орын: «Бүркіт» тобына берілді.

«Ең үздік» ойыншы арнайы жүлдесі Қойшыбай Сұңқарға берілді.

Сайыс сабақ жақсы өтті. Барлық оқушылар сайысқа белсенділікпен қатысты. Барлық берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, өз топтарына ұпай қосуға тырысты. Әділ қазылардың шығарған шешімімен толықтай келісіп, өз марапаттарын алды.


© 2010-2022