Сауат ашу және жазу Хх дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:18.04.2015

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу және жазу

Тақырыбы: Хх дыбысы және әрпі

Мақсаты:

Білімділік:Х дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.Х дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорын молайтып, сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық:Балалардың ойлау қабілетін, қиялын , зейінін дамыту. Жазу дағдысына қолын жаттықтыру.

Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру

Көрнекілігі: кеспе әріптер,суреттер,компьютер,доп.

Билингвализм: хат-письмо- letter , аурухана-больница- hospital, дәріхана-аптека-chemist

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылы-

ғын ояту кезеңі:


І.Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге

ІІ.Өткенді еске түсіру.

«Серпілген сауал» ойынын ойнату. Доп ойнау арқылы

өткен әріптерге қайталау жұмысын жүргізу.

Балалар өлеңді қимылмен жасайды.

Дыбыс ,әріп буын,сөз,сөйлем туралы білгендерін ортаға салады.






Ұйымдастыру-

шылық ізденіс кезеңі

ІІІ.Жаңа сабақ

-Балалар мына суреттегі не?

-Бұл түлкі барлық аңдарды алдап кеткен екен. Үйіне барайын десе, барлық аңдар жолына тұрып алыпты.

-Балалар түлкіге көмектесеміз бе?

-Ол үшін мына жолда тұрған аңдардың тапсырмаларын орындауларың қажет.

1. «Аң патшасы арыстанның » тапсырмасы.

Суреттерді атау,буынға бөлу Халат, аурухана, дәріхана, шахмат, хат.

Х әрпі туралы түсінік беріп кету. Дауыссыз,кедергіге ұшырайды. Көк түспен боялып көк үйге орналасады.

ІV. Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға ,

Бұрыламыз солға,

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз

2.«Піл тапсырмасы»

Буындарды оқу.

Ха,хо,ху,хи,ха-лат,ха-бар т.б

3. «Аю тапсырмасы»

Әріптерді жаздыру:ауаға,тақтаға,оқулықтағын

4 .«Жолбарыс тапсырмасы»

Жұмбақ шешу:

Сәлем алып алыстан

Туысынан таныстан

Келетұғын хат,хабар

Қай әріптен басталар

(Х)

5. «Арқар тапсырмасы»

Мына сөздерді үш тілде айт. хат-письмо- letter , аурухана-больница- hospital, дәріхана-аптека-chemist

-Мінекей балалар,біз түлкіге көмектестік ол бізге рахмет айтып үйіне де жетті.

-Енді мына компьютерге қарап Х әріпі туралы сөздерді қарайық. «Әліпби» сиқырлы әріптер мен сөздер бейнетаспасынан Х дыбысына сөздер тыңдайды.

V.Оқулық бойынша жұмыс

Оқулықта берілген буындарды оқыту. Сөздерді буынға бөлгізу.

Х-а,х-о,ха-бар,ха-лат,са-я-хат,шах-мат,Ха-мит.

VІ.Дәптермен жұмыс

Х әрпін бастыру,дәптерге жазу.

-Түлкі

-Иә

Суреттердің атын атап айту.Сөздерді буынға бөлу.

Қимылдарды көрсету.

Буындарды қосып оқу.

Ауаға ,тақтаға жазу.

Жұмбақтарды шешу.

Сөздерді үш тілде айтып үйрену.

Х әріпі бар сөздермен танысу.

Буындарды оқу,сөздерді буынға бөлу.

Өз беттерімен жұмыс жасайды.

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі

«Өз-өзіңді бағала»

Смайликтерге стикер жапсыру.

Өте көңілді

Көңілді

Орташа бейнелерге стикер жапсыру арқылы балалар өздерін бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Х дыбысымен танысты,сөз,сөйлем құрауға дағдыланды.

Білік: Тапсырмаларды өз беттерімен орындауды білді.

Дағды: Х әрпін таза,әдемі,сауатты жазуды үйренді.

Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі

2014-2015 оқу жылы


Тақырыбы:

Х дыбысы мен әрпі

(Сауат ашу пәнінен ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті)

Сауат ашу және жазу Хх дыбысы мен әрпі

Мектепалды даярлық тобы


Өткізген: тәрбиеші Капашева А. Н.


© 2010-2022