Бастауышым-бастамам, Білім жолын бастаған! тәрбие сағаты жоспары 2 класс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауышым-бастамам,Білім жолын бастаған!

Мақсаты: білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге, өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, ақыл, ой-өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Өту барысы:

Кіріспе сөз. (әдемі музыка әуенін қоюға болады)

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!Сіздерге «Қош бол, аяулы бастауыш!» атты бастауышпен қоштасу кешіне жиналып отырсыздар. Баршаңызға бүгінгі той құтты болсын!

Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына төрт жыл бойы алған білімдері мен тәлім-тәрбиелерін көрсетуге дайын.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

Бүгінгі шәкірттерді ортамызға.

(оқушылар ортаға шығады)

Бүгінгі ертеңгілігімізді класс белсенділері Көшкінбай Қызғалдақ пен Есхожин Тимур жүргізеді.

1-жүргізуші:

Армысыздар,ұстаз қауым, ата-ана,

Құлақ түрің жақсы лебіз, батаға.

Келдік біздер, 4 жыл бойы еркелеп,

Бастауыштың балалары атана.

2-жүргізуші:

Би биленіп, ән айтылар аспандап,

Бірте-бірте көтерілер баспалдақ.

Алғашқы ұстаз, алғыс айтып өзіңе,

Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ.

1-жүргізуші:

Өзгеріп жатыр бүгін қала, қырым,

Құп алып ағалардың даналығын.

Бет алып бара жатыр болашаққа,

Он жасар, он бір жасар балалығым.

2-жүргізуші:

Мен бүгін бұрынғыдан саналымын,

Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім.

Дәптердің жазылмаған ақ парағы,

Ақ көйлек он жастағы балалығым.

1-2-жүргізушілер қосылып:

Мен ұстазым-анамның,

Өнегесін аламын.

Ертең мен де маманмын,

Оқытушы боламын.

Хор: «Мектебім»

1-оқушы:

Әлі есімде мектепке алғаш келгеніміз,

Келгеніміз сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақтарда,

Өзің болдың ұстазым сенгеніңіз.

2-оқушы:

Бар баланың сенгені бір өзіңіз,

Сол сенімді ақтаумен өрледіңіз.

Құтты болсын ұстазым мерекеңіз,

Жана берсін жасампаз еңбегіңіз.

3-оқушы:

Қоссаңдар бірді екіге үш болады,

Деуші едің біліммен күш толады.

Алғыр бол,әдепті бол,сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең іс болады.

1-жүргізуші:

«Алматы» көшін бастап білімнің,

Сырын ұқтық жаңа бағыт-ілімнің.

Қабыл алың «Өзбек биін» тамаша,

Қызғалдақтай аруымыз мың бұрала билейді .

4-оқушы:

Беруші ең бізге өлең,тақпақ.

Таласып алушы едік біздер жаттап,

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрмін сақтап.

5-оқушы:

Алдымды меңзеп таныттың,

Сырыңа қамқор қанықтым.

Сімірсін деп шәкіртім,

Арнасын білім ағыттың.

6-оқушы:

Шөлімді әбден қандырдың,

Жүректе от жандырдың.

Білім құйып кеудеме,

Зердемде мәңгі қалдырдың.

7-оқушы:

Әліппемен аштым мектеп есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

Жаттап өстім ұстазымның есімін.

8-оқушы:

Үйреттің өмір дағдысын,

Жақыннан бастап арғысын.

Қадірлі Абзал ұстазым,

Таусылмас саған алғысым.

9-оқушы:

Әлпештеген анамыз,

Біз бақытты баламыз.

Оқып,білім аламыз,

Жұлдыз болып жанамыз.

10-оқушы:

Өнерлі боп өсеміз,

Өмір сырын шешеміз.

Өсіріп ой-сананы,

Қуантамыз ананы!

11-оқушы:

Әлпештеген баласын,

Ана-бақыт, ана-күн.

Әркім сүйіп, өзінің,

Мақтан етер анасын.

12-оқушы:

Ана-көркі көгімнің,

Ана-нұры жерімнің.

Ана-бағы баланың,

Мақтанышы елімнің.

13-оқушы:

Есімде ерен ұстазым,

Басымнан сипап өткенің.

Аянбай бізге қыс-жазы,

Молынан мерей төккенің.

14-оқушы:

Ана тіл мен аға тілді салмақтап,

Меңгертті олар орыс тілін ардақтап,

Дәріс беріп көп нәрсеге үйретті,

Гүлзағира, Балдай апайлар жан жақты.

1-жүргізуші:

Күндер зулап,сағат,шіркін,сырғиды,

Алтын ұям баптар сұңқар,қырғиды.

Вальс билеп биші ұл мен қызымыз,

Көлде жүзген аққулардай жылжиды.

2-жүргізуші:

Барлық білім бастауыштан басталған,

Алғыс алған үлкендер мен жастардан.

Сөз береміз басшы-Айжан апайға,

Абыроймен бір ұжымды басқарған.

Ән: «Светит месяц»

1-жүргізуші:

Алғыс жиған дархан дала-кеудеге,

Жарасады барлығыда бәріне,

Сөз кезегін ұсынамыз ниетпен,

Завучтар Райхан апай,Клара апай,Абзал ағайға,

2-жүргізуші:

Ролдерде ойнайтын,

Оқушылар тағы бар.

Өнерлілер жиналған,

Класымның бағы бар.

КВН: Ұлдар

15-оқушы:

Ақылшым, асыл ұстазым,

Жолымды айқын нұсқадың.

Қасыма кеп қанша сен,

Қамқор боп қалам ұштадың.

16-оқушы:

Білім аққан селдейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кендейді.

17-оқушы:

Менің терең мәндерім,

Мерейінде пәндердің.

Мерекеде сөйлесін,

Мектептегі пәндерім.
1-жүргізуші:

Ұғындырып сырлы бояу әлемін,

Меңгертті тез қыл қаламның мәнерін.

Бейнелеудің жұмбақ сырын үйреткен,

Тыңдайық біз Ильмира апай сәлемін.

18-оқушы:

Балалықтан Бақыт, Шаттық сеземін,

Қиялыммен кең даланы кеземін.

Ағылшыннан біз Венере апайға,

Алғыс айтып, береміз сөз кезегін.

19-оқушы:

Сабақ сайын ән салдырған әдемі,

Бұлақтайын мөп-мөлдір жан әлемі.

Аяулы ұстаз, Дания апай,сөйлеңіз.

Татар әні: «Су бойында»

20-оқушы:

Мектебім , сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін, жетемін.

Сен бұлақ, мен қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

21-оқушы:

Мектебім, жылы ұя бесігім,

Күнде ашық мен үшін есігің.

Білімнің шуағын мол сепкен,

Ұстазым,қымбат қой есімің.

1-жүргізуші:

Күй тыңдасам, мен тамаша күйге енем,

Адам бар ма сұлулықты сүймеген.

Қол соғыңдар, енді ортаға шығады,

Ару қыздар «Испан биін» билеген.

Ендігі кезекті: Оқушылардың өз жүрек жарды өлең шумақтарына беріледі.

22-оқушы:

Әліппем менің! Әліппе-менің дүнием,

Сенен мен әлі үйренемін деп сүйенем.

Әлемнің барлық азаматына бір тілек:

Әліппе ұстап бүлдіршін шықсын үйінен.

2-жүргізуші:

Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай күн қаттың,

Өміріме нәрін бердң ақ сүтің,

Кең құшағың-аясындай гүл бақтың.

Ендеше, ата-аналарға сөз кезегін берейік.

1-2-жүргізушілер қосылып:

Өткіздім,алтын ұям,нұрың жарық.

Жаныма сіңді сенің асыл киең,

Сарқылмас бастауышың ұлылықтың,

Ұстазым, саған мәңгі басымды ием.

(бастарын иеді)

1-жүргізуші:

Мынау өмір арнасымен ағады,

Білімді жан әркез жолын табады.

Сіздерменен бастауыштар қоштасып

Көгершіндей самғап қанат қағады.

Қорытынды сөз: Құрметті ата-аналар бүгінгі қуаныштарыңыз тағы да құтты болсын! Келгендеріңізге көп рақмет айтамын.

Ал қымбатты шәкірттерім,

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серпіліне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік шәкірттерім ертеңіне.

Осымен «Бастауышым-бастамам, Білім жолын бастаған!»

атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

ӘН: «Бақытты балалық»

№52 негізгі мектеп













Бастауышым-бастамам, Білім жолын бастаған!

Өткізген: Қарабаева.А.Н.















2014 жыл

9


© 2010-2022