Ашық сабақ Обал мен сауап

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Тақырып: «Обал мен сауап» Құндылық: табиғатқа қамқорлық жасау Қасиеттер: рухани адамгершілік, адалдық, сүйіспеншілік, мейірімділік

Сабақ мақсаты: «Мейірімділік» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Обал мен сауап туралы түсінік беру. Халық дәстүрлі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру. Мейірімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.
  2. Шаттық шеңбері:Қайырлы күн,менің сүйікті шәкірттерім!Бүгін біз үшін ерекше күн,аптасына бір рет болатын,ыждағатпен,асыға күтетін пәніміз «Өзін-өзі тану» сабағына қош келіпсіңдер!
1. Балалар,Қазір қай мезгіл? Қыс мезгілі болса да,біздің сыныбымыздағы алма ағашы жемісін беріпті.Сол алмалардың ішінде ең тәттісі,ең үлкені бар екен. Сол тәтті алманы Сержан бастап алып, осы алма арқылы бір-бірімізге игі тілектерімізді білдірейік. 1. Судай таза бол 2. Ағаштай мықты бол 3. Кітаппен дос бол 4. Ұстазыңа ризашылығыңды білдір 5. Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсет 6. Кешірімді бол 7. Адал бол 8.Ақылды бол 9. Алмадай тәтті бол 10. Ата-анаңды құрметте 11. Сабақта алғыр бол 12. Достарыңның арасында сыйлы бол. 13. Бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін
  1. Үй тапсырмасын тексеру
Сабақ барысын талқылау:
  1. Дәйек сөз
Обалды біліп өссең - сауапка кенелесің.

Халық даналығы

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

  • Обал дегенді қалай түсінесіңдер?


Өлеңмен жұмыс. «Көк алма» . А. Естенов

Обал дегенді қалай түсінесіңдер?

  • «Обал болады», «сауап болады» деген сөздер қандай жағдайларда айтылады?
  • Обал мен сауаптың айырмашылығын қалай ажыратуға болады?
- Обал мен сауап мағынасы жағынан бір-біріне ұксас үғымдар. Обал - жақсы нәрсенің қадірін біл, болмаса түбінде оның зардабын тартасың деген үғымды білдіреді. Сауап - адамға жақсылық жасау, табиғатқа қамқорлық көрсету, жақсы іс істеу дегенді білдіреді.

Мәтінмен жұмыс «Обал деген не?»

Топтарға мәтінді бөліп беру.

(Оқушылар жауабын тыңдау, қорытынды шығаруға сұрақтар қою арқылы көмектесу)

  1. Шығармашылық жұмыс.

1 тапсырма. Тапсырма:

  • Дәптерде берілген суреттерді бояңдар. Сурет бойынша кыскаша әңгіме кұрастырып, жазыңдар.


  1. Топпен ән айту.
«Мен әдепті баламын» деген өлеңін айту
  1. Үй тапсырмасы.

  1. Соңғы тыныштық сәтi.
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Туған жеріміздің таза ауасын терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, тыныштық пен махаббатқа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Көзімізді ашамыз.
  1. Бағалау : Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.




© 2010-2022