Тандау курс дүниетану 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ

БЕСТОБЕ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ




Табиғатты қорғау

таңдаулы курс бағдарламасы

2-сынып




Орындаған:бастауыш сынып мұғалімі

Маханова А.С.

2014 жыл


Мазмұны:


1.Түсінік хат------------------------------------------------------------------------4

2.Курстың мазмұны мен құрылымы-------------------------------------------5

3.Тақырыптық күнтізбелік жоспар-------------------------------------------6-7

4.Оқушылардың білімі деңгейіне қойылатын талаптар--------------------8

5 Қорытынды ---------------------------------------------------------------------9

7. Пайдаланылған әдебиеттер---------------------------------------------------10





























3


Түсінік хат Адамзат қоғамы мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынас қазіргі кез еңдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Экологиялық жағдай дың нашарлауы қоршаған ортадағы қайтарымсыз табиғи өзгерістерге әкеліп соғып отыр.Айталық,климаттың жылынуы,өзен-көлдердің суының азаюы,мұздықтардың еруі, сел тасқындардың жиі қайталануы,биология лық алуантүрліліктің азайып, тіршіліктің жұтаңдануы және т.б.ғаламдық экологиялық проблемалар адамзат баласының болашағына деген алаңда тушылық туғызып отырғаны сөзсіз.
Курстың мақсаты:оқушыларға қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсінік беру; Міндеттері:экология мәселелеріне, табиғат келешегіне көз жүгіртіп, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту; қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті жоғары ұрпақ тәрбиелеу;
Курсты жүзеге асыру формалары: Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы курс бойынша құрас тырылған жұмыс дәптерін толтырады,өз білімдерін тексереді.
Бағалау формалары: оқушылардың білім деңгейі алға қойылған мақсат пен жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады.Бағалау барысын да:материалдың дұрыс әрі сапалы баяндалуын,ұғымдар мен заңды лықтардың толық ашылуын,оқушылардың дербес жауап беруін,материалдың дәлелді баян далуын,интеллектуалды,жалпы оқуға қатысты және өзіндік икемділік қалыптастырғанын ескеру қажет






4




Курстың мазмұны мен құрылымы

(Барлығы 34 сағат,аптасына 1сағат)


Кіріспе (1 сағат) Табиғи ортаны қорғаудың маңызы және міндеттері Адам және қоғам (3сағат) Табиғи ортаны қорғаудың экологиялық негіздері.Экологиялық түсінік тер.Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы.Негізгі тарихи кезеңдер. Адамның табиғатқа әсерін бақылау Табиғат байлықтары және оларды тиімді пайдалану (3 сағат) Табиғат байлықтарын топтау.Оларды тиімді пайдалану жолдары.Қазақ станның табиғи байлықтары.Туған өлкенің табиғи байлықт Су байлықтары және оларды қорғау (3сағат) Адам өміріндегі және шаруашылық қызметіндегі судың маңызы.Су бай лықтарының таралу географиясы.Қазіргі кезеңдегі дүние жүзіндегі тұщы суды пайдалану мәселесі.Қазақстанның су байлықтары.олардың қазіргі экологиялық жағдайы. Жергілікті жердегі табиғи тұщы су көздерінің ластану себептерін анық тау және оны сақтау жолдары. Ауа қабатын қорғау (3 сағат) Атмосфера туралы түсінік.Атмосфераның құрамы мен сапасына әсер ететін антропогендік факторлар.Атмосфераның ластануы жәнее оны лас тайтын негізгі көздер.Шудың зияны.Автокөлік және қоршаған орта. Дүние жүзінің ауа кеңістігінің кең көлемде ластануының болу себептер

Жер байлықтары және оларды қорғау (3 сағат) Жер қоры және оның адам өміріндегі маңызы.Топырақ байлықтарының қазіргі экологиялық жағдайы. Жер байлықтарын мелиорациялау және тиімді пайдалану жолдары. Өсімдіктер және оларды қорғау жолдары (6сағат) Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы.Орман байлықтары және оның маңызы.Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер және оны қорғау. Қазақ станның «Қызыл кітабына» енген өсімдіктер. Қазақстанның жануарлары және оларды қорғау (8 сағат) Жануарлардың адам өміріндегі маңызы.Қазақстанның жануарлар дүние сін қорғау. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлар. Қазақстан ның қорықтары.«Қазақстанның табиғатын қорғау» картасымен жұмыс істеу. Жергілікті жерге жақын орналасқан қорық, қорықша,табиғат ескерткіштерімен таны су және негізгі мақсатын анықтау. Табиғи кешендерді қорғау (7сағат) Табиғи кешендерді қорғау шаралары. Экологиялық соқпақ.. Қорғауды қажет ететін жерлер мен территорияларды анықтау. Экологиялық жорық кезінде оқушылардың өзін ұстау ережелері.
5

Тақырыптық күнтізбелік жоспар:


р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

І

Кіріспе 1 сағат

1

Табиғи ортаны қорғаудың маңызы мен міндеттері

1

ІІ

Адам қоғамы және қоршаған табиғи орта 3 сағат


2

Адам және табиғат

1

3

Табиғатты қорғаудағы адамның рөлі

1

4

Адам және айналадағы дүние

1

ІІІ

Су байлықтары және оларды қорғау 3 сағат


5

Су. Судың қасиеті

1

6

Судың маңызы

1

7

Суды қорғаңдар!

1

ІV

Ауаны қорғау 3 сағат


8

Ауа.

1

9

Ауаның қасиеті

1

10

Ауаның табиғат пен адам өміріндегі маңызы

1

V


Жер байлықтары және оны қорғау 3 сағат


11

Топырақ

1

12

Топырақтың маңызы

1

13

Топырақты қорғау

1

Өсімдіктер және оларды қорғау жолдары 6-сағат


14

Өсімдік - тірі организм

1

15

Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы


16

Өсімдікке су керек

1

17

Өсімдіктің өсім-өнуі үшін не қажет?

1

18

Күзде жапырақтар неге сарғаяды?

1

19

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген өсімдіктер

1

VІІ


Қазақстанның жануарлары және оларды қорғау 8 сағат


20

Жануарлардың адам өміріндегі маңызы

1

21

Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау

1

22

Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай

1

23

Жануарлар қалай қоректенеді?

1

24

Жануарлар табиғатқа қалай бейімделеді

1

25

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлар

1

26

Құстардың алуан түрлілігі

1

27

Құстардың көбеюі

1


Табиғи кешендерді қорғау 7сағат


28

Табиғи кешендерді қорғау шаралары

1

29

Қазақстанның қорықтары

1

30

Қорғауды қажет ететін жерлер мен территорияларды анықтау

1

31

Экологиялық жорық кезінде оқушылар дың өзін ұстау ережелері

1

32

Топсеруен

1

33

Табиғатқа экскурсия

1

34

Қорытынды сабақ

1





















7


Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар:
Оқушылар:
-Табиғи ортаны қорғаудың маңызы және міндеттерін; -Табиғи ортаны қорғаудың экологиялық негіздерін; -Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасын; -Негізгі тарихи кезеңдерді; -Табиғат байлықтарын топтауды; -Адам өміріндегі және шаруашылық қызметіндегі судың маңызы -Топырақ байлықтарының қазіргі экология лық жағдайын; -Топырақ эрозиясы және оның түрлері -Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғауды; - Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарларды; - Қазақстанның қорықтарын; -Қазақстанның табиғи байлықтары мен туған өлкенің табиғи байлықтары- на -Қазақстанның су байлықтарына





8


Қорытынды Бүкіл жер бетіндегі адамзатты қатты ойландыратын және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі - табиғи ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану керек. Соңғы кезде қоршаған ортаның ластануы барынша көкейкесті мәселелерге айналып отыр, өйіткені техникалық прогрестің және адамның ойланбай жасаған әрекетінің салдарынан өмір сүруге қажетті нәрселердің бәрі ластануда.Экология - ол қоршаған орта, ал қоршаған орта дегеніміз - табиғат. Адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Алайда қазіргі кезде дүние жүзінде экологиялық апаттар көбейіп кетті. Соның бірі ауаның көп ластануы. Ауаны ең көп ластайтын - өнеркәсіп орындары мен завод, фабрикалар, әр түрлі көлік түрлері. Ластау көздері - ауаға түтінмен бірге күкіртті және көмірқышқыл газын шығаратын жылу элктр станциялары, химия өнеркәсібі және цемент зауыттары. Өнеркәсіп және өндіріс орындарында пайдаланылған сарқынды судың да келіп қосылуына байланысты су көздері ластануда. Топырақтың ластануы оның құнарлы қабатын жояды, топырақта жүретін табиғи процестерге кедергі келтіріп, онда өмір сүретін микроорганизмдерге зиян шектіреді. Топырақтың бүлінуінің салдарынан адамның денсаулығы нашарлайды. Ол адамға ластанған топырақта өскен өсімдіктер мен онымен қоректенетін жануарлар арқылы тарайды

















9

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Дүниетану 2 сынып 2013 2.Бейсенова Ә.С. Экология-ел тағдыры. Алматы.Мектеп.2006
3.Табиғатты қорғау жөніндегі материалдар жинағы.Табиғат -ел байлығы. Алматы.Қайнар.1982.
4.КовшарьА.Ф.Қазақстанның Қызыл кітабы беттерінен.Омыртқалы жан уарлар.Алматы.Алматыкітап ААҚ.2004
5.Сәтімбеков Р,Әлімқұлова Р,Шілдебаев. Биология.Дидактикалық матери алдар.Алматы.Мектеп.2007
6.Ковшарь А.Ф.Иващенко А.А. Заповедники Казахстана.Алматы.Наука. 1989.

7.«Таза болса табиғат-аман болар адамзат» республикалық конкурсының материалдары.Астана қаласы.2011






10

Қосымша №1

Тандау курс дүниетану 2 сынып

Тандау курс дүниетану 2 сынып


Қосымша №2 Табиғатты ластау

Тандау курс дүниетану 2 сынып

Тандау курс дүниетану 2 сынып


Тандау курс дүниетану 2 сынып


Тандау курс дүниетану 2 сыныпТандау курс дүниетану 2 сынып

13

© 2010-2022