Проект на тему Лимон жайлы білгіңіз келе ме ?

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ

С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия

Талгатова Сабира

3 сынып оқушысы





«Лимон жайлы білгіңіз келе ме?»

Секция: биология,химия,экология

Ғылыми жетекшісі: С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Абуева Райса Турлыбекқызы



Петропавл қаласы, 2015

Аңдатпа

Мақсаты:Адамдардың күнделікті өмірде пайдаланып жүрген лимон жайлы мәліметтер жинау, өсіру, бақылау.

Міндеті: Бүгінгі таңда қолданыста жүрген көкөніс жайлы таныстыру, қызығушылығын арттыру.

Тәжірибелік маңыздылығы: Лимон бізге сонау Үндістан мен Қытай жерлерінен келген екен. Біртіндеп Жерорта теңізі аймақтарына және Батыс Еуропа өңірлеріне жерсіндірілгенне қарамастан оның қаншама таңқаларлық сырының зерттеліп ашылуы. Зерттеу болжамы:

  • Лимон қайда өсіріледі?
  • Мәселен, лимон тіршілік үшін қажетті ме?
  • Егер лимон болмаса немен ауыстыруға болар еді?
Ғылыми жобамыздың зерттеу кезеңдері:
  • Кітаптарды, журналдарды, тарихи әдебиеттерді, зерттеулерді оқып, қарбыз туралы материал жинау;
  • Материалдар жинағын құрастыру;
  • Ғылыми жобаны компьютерге теру, басып шығару.

Ғылыми жобамыздың зерттеу әдісі:
  • Зерттеу жұмысында лимонның тарихын іздестіріп, материалдар жинақтау.
  • Бүгінгі таңда лимонның күнделікті өмірде қалай қолданылатынын көрсету;

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:
  • Лимон тарихы туралы материалдар жинақталды.
  • Басқа елдер мен өзім отырғызған лимон салыстырылды.
  • Сынып сағаттарында, дүниетану сабақтарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Міндеттерді шешу әдістері:

-лимонның пайдасы мен зияны туралы мәлімет жинақтау; -Жинақталған мәліметтерді сұрыптау,салыстыру; - Бүгінгі таңда лимоннан жасалған өнімді күнделікті өмірде қалай қолданылатыны төңірегінде өзіндік ой топшалау.







3 «ә» сынып оқушысы Талгатова Сабираның

«Лимон жайлы білгіңіз келе ме?»» атты ғылыми зерттеу жұмысына

Пікір Ғылыми зерттеу жұмысында 3 «ә» сынып оқушысы Талгатова Сабира адамдардың күнделікті өмірде пайдаланып жүрген лимон жайлы мәліметтер жинау, өсіру, бақылап танысып, әртүрлі жолдарын зерттеуді мақсат еткен. Ғылыми жұмыстың жазу барысында лимон бізге сонау Үндістан мен Қытай жерлерінен келген екен. Біртіндеп Жерорта теңізі аймақтарына және Батыс Еуропа өңірлеріне жерсіндірілгенне қарамастан оның қаншама таңқаларлық сырының зерттеліп болатындығы жайынды жалпы оның қаншама таңқаларлық сырларын біліп ерекшеліктерін сипаттап жазған. Бүгінгі таңда қолданыста жүрген көкөніс жайлы таныстыру, қызығушылығын арттыру оны тек алға жетеледі. Талнатова Сабира бұл зерттеу жұмысын дүниетану, зерттеу негіздері сабақтарында, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады. Өз зертеу жұмысында түрлі әдебиеттерді ізденімпаздықпен пайдалана білген. Зертеу жұмысы баланың жас ерешекшелігіне лайық.


Жетекшісі:С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық

гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Абуева Райса Турлыбекқызы







Жоспары:

I. Кіріспе II. Негізгі бөлім: 2.1 Лимонның пайдасы 2.2 Лимон зиян емес пе? 2.3 Лимонның өсірілуі 2.4 Қызықты деректер III.Зерттеу бөлімі IV. Қорытынды V. Пайдаланған әдебиеттер





































І . Кіріспе

Начало формы

Лимон (Cіtrus lіmon)- руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаш. Лимон бізге сонау Үндістан мен Қытай жерлерінен келген екен. Біртіндеп Жерорта теңізі аймақтарына және Батыс Еуропа өңірлеріне жерсіндірілген. Жабайы түрі жоқ, қолдан өсіріледі. Биіктігі 3 - 7 м-ге жетеді. Бұтақтары тікенекті. Жапырағының жоғарғы ұшы үшкірленген, пішіні жұмыртқа тәрізді, шеттері ара тісті болып келеді. Өзіне тән эфир майының хош иісі бар. Гүлдері (6 - 8 күн) ашық ақ түсті. Жемісі ірі, салмағы 200 - 400 г, сопақшалау, сары түсті қалың қабықпен қапталған. Ішіндегі шырын жемісі 8 - 10 бөлікке бөлінген, сыртын жұқа ақ қабық жауып жатады. Шырынының дәмі қышқыл, құрамында 5 - 7,2% лимон қышқылы, 1,9 - 3% қант, 50 - 90 мг С витамині, темірге бай, эфир майы, кальций, калий, т.б. болады. 3 - 4-жылдары жеміс береді. Бір ағаштан 15 - 30 кг жеміс алынады. Лимонның жемісін шырын және Лимон қышқылын алуға пайдаланады. Ашық алқапта өсіріледі. Қарашірігі мол, кәрізделген топырақта жақсы өседі. Лимон жылу, жарық, ылғал сүйгіш, оны тұқымы, қалемшесі және өркендері арқылы көбейтеді. Өсу кезеңінде артық өскіндерін қиып, биіктеп кеткендерін қысқартып отырады.

Кезінде экзотикалық болған бұл жеміс қазірде елімізде орнығып, халқымыздың көңілінен шығып жатыр. Лимонның пайдасы мен зиянын біліп жүрейік.
Лимон - жыл бойы жасыл ағаштың жемісі. Оның құрамында пектин, эфир майлары, биофлавоноидтар бар. Лимон асқазандағы қорытуға көмектесетін заттардың бөлінуіне әсер етіп, ағзаға темір мен кальцийдің сіңіруін жеңілдететін энзимдарды бөледі. Өзі қышқылболғанына қарамастан, ол асқазан суларының қышқылдығын төмендетеді. Әрине лимон құрамындағы С дәрумені жайлы айтпай қоймасқа болмайды. Ол жалпы иммунды жүйені жақсартып, түрлі ауруларға тосқауыл болады. Лимон ағзадан қажет емес кір-қоқыстарды шығаруға да көмектеседі. Мысалы ұзақ уақыт дәрі, антибиотик қабылдасаңыз, лимонның көмегімен бауырыңызды улы заттардан тазартсаңыз болады.
Лимон шырыны мен қабығы антисептикалық қасиетке ие. Онымен жараларды сүртіп, ерітіндісімен тамақ шайса болады. Лимон қан құрамындағы холестерин деңгейін төмендетіп, тәбетті ашады. Лимон құрамындағы Р дәрумені қан тамырларын беріктендіріп, қан қысымын көтереді. Әрине лимонның ең танымал қасиеті - жұқпалы тұмау ауруына төтеп бере алуы.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1.Лимонның пайдасы

Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі белгілі. Ол дәрумендерге бай өнім.

Әр от анасының өз үйі мен өз туыстарының денсаулығын күтуде өз құпия сырлары мен қулықтары болады. Әр кез химиялық жолмен алынған дәрілер бір жерді емдесе, екінші жеріңізге зиян тигізуі мүмкін. Тәжірбиелі от аналар өз жанұясын қорғаудың ең қарапайым жолдары болады. Міне, осындай құпия қаруларының бірі лимон.

1. Денсаулыққа тигізетін пайдасы:

Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, склероз, анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.

Лимонның құрамында 5-8% лимон қышқылы, азот пен пектинді заттар,қант, фитонцидтер, калий, мыс, флавоноидтар, А, В1, В2, С, Д, Р дәрумендері, қабығында - эфир майы болады. Лимон қосылған шәй тұмау тигенде, тыныс алу жолдары қабынғанда, өте жақсы көмек береді. Шөлді қандырып қана қоймай, жүйке жұмысын реттеп, қан қысымын төмендетіп, қан жолдарын тазалап, ревматизмді жазуға көмек береді. Тісті ағарту үшін тіс пастасына лимон шырынын екі тамшысын қоссаңыз жетіп жатыр. Тісті ағартып қана қоймай қызыл иектің қанауын мен қабынуын төмендетеді. Уланғанда шырынын жылы суға салып, ішсе, токсиндерді шығарады. Етеккір қатты келгенде әйаелдерге лимон шырынын ішу пайдалы. Алма мен лимон шырыны араласқан шырын дизентерия кезінде ем. Жүрек әлсіз болғанда, лимон қабығын шайнайды. Мұрыннан су аққанда, 4 тамшы шырынды мұрын қуысына күніне бірнеше рет тамызады. Мұрын қанағанда шырынға мақтаны батырып, қояды. Ангина кезінде 1 стақан жылы суға жемістің шырынын араластырып, тамақты шаяды. Лимон қан қысымы жоғарылағанда, атеросклерозда, асқазан ауруында, өт жолында тас бар кезде, пайдалануға болады.

2. Теріні күтуде тигізетін пайдасы: құрғақ әрі сезімтал теріні ылғалдандыру үшін 8 шәй қасық жоғары сұрыпты өсімдік майына 4 шәй қасық лимон шырынын мен 2 шәй қасық балды ыдысқа салып, араластырып жағады. Лимон терінің майлылығын азайтып, безеуден де арылтуға пайдалы. Бір жұмыртқаның ақуызы мен лимон шырынын араластырып 20 минуттан кейін жуып тастаса, тері тазаланады. Тері күйгенде лимоннаен компресс жасап, 1 күн байлап ұстаңыз. Жазылуды тездетеді.

3. Күнделікті үй тұрмысында: лимон киімге тамған дақтарды кетіреді. Былғары киіміңізге сия тамып кетсе, лимон шырынына батырылған шүберекпен сүртіңіз. Киімге фломастер не маркер тигізіп алсаңыз, аз ғана лимон шырыны мен тұз сеуіп қойып, кейін жуып тастаңыз. Металл ыдысты лимон қабығымен сүртсеңіз, жарқырап шығады. Үйіңізге құмырсқа үйір болса, жүретін жолына лимон шырынын немесе 2 тілігін тастасаңыз, қайтып кетеді. Көкөніс салынған ыдыстың арасына 1 дана лимон салсаңыз, көкөністер ұзақ сақталады. Сарғайып кеткен киімді қайнаған суға лимон шырынын қосып жусаңыз, түсі орнына келеді. Микротолқынды пештің жағымсыз иісінен арылу үшін, суға бірнеше тамшы лимон шырынын қосып, суды кейін суытып, тоңазытқышқа салып қойыңыз. Иісін тез кетіреді.

2.2.Лимон зиян емес пе?
Лимонның осыншама пайдасына қарамастан, ол да зиян болуы мүмкін. Тым көп мөлшерде қабылданған лимон ем емес, керісінше болуы мүмкін. Лимон қатты аллергия қоздырғышы болуы мүмкін. Лимонды тіс эмальдары нашар жандар сирек жегені дұрыс, лимон шырыны оны біржолатақұртуы мүмкін. Тамағы қабынған, ісінгендер де лимон жемегендері жөн, лимон тамағыңызды ашытып, күйдіріпжібере алады. Гастрит, асқорыту жолдарының ауруынашалдыққандарға лимон жеуге мүлдем тыйым салынған.

2.3.Лимонның өсірілуі

Үй көмекшісі лимонның биіктігі 89 метрге жететін бұл өсімдіктің үйде өсірілетіні 2 метрге дейін жетеді. 60 жыл жасайтын лимон ағашы үй жағдайында 40 жыл өмір сүреді. Оны бабын жасасаңыз әрине, одан ары тағы 10 жыл қосады. Алғашқы жемісін, 10 жыл, ұзақ күтуіңізге тура келеді, баяу өседі. Баяу өскенімен, сіздің үйіңізге әкелер пайдасы шаш етектен. Лимоннын жапырақтары фитонцидтер шығарады- биологиялық белсенді заттектер.Ол бактериялардын дамуына және саңырауқұлақшаларға өніп өсуіне жол бермейді. Бөлмені жағымды жұпар иіспен желдетеді және қатынасушыларды жағымды ықпалмен үлістіреді.

Тек жаздың ыстық айларында ғана тіке түскен күн көзінен қалқалау қажет, басқа уақытта жарықта жақсы өседі.

Қыс айларында 12-14ºС төмен болмағаны дұрыс, егер осы температуралық жағдай жасалмаса өсімдік көктемде гүлдемей қояды. Ал, гүлдегенде, түйін салғанда 18ºС төмен болмауы керек. Азынақ желден, температураның кенет өзгеруінен, өсімдік гүл күлтелері мен түйінін тастап жібереді.

Жаз айларында аптасына 2-3 рет, қыста айына 2-3 рет суғарып тұру керек.

Су бүркіп ылғалдандырып әрі шаңнан тазартып тұрған абзал.

10-15 күнде бір рет толық минералды тыңайтқышпен қоректендіріп тұру қажет.

Ауа құрғап кетсе өрмекші құрты, кене, өсімдік биті секілді зиянкестердің әсерінен ауырады.

Тұқымы және қалемшелеу, жалғау арқылы көбейтеді.

Жарықты жақсы көреді, тек жаздың аптап ыстық күндерінде терезеден түскен күн сәулесінен қалқалау қажет. Қыста 12ºС салқын жерге қою керек, егер осы температуралық жағдай туғызылмаса, өсімдік көктемде гүлдемей қояды. Оның себебі, салқын жерде өсімдік өсуін тоқтатып, «ұйқыға» кетеді де, көктемге дейін демалады. Дәл осы демалу кезеңінде гүл түйнегін қалай бастайды. Демалу кезеңінде тыңайтқыштармен қоректендіруге болмайды, ал басқа уақыттарда 10-15 күнде толық минералды немесе арнайы лимонға арналған тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған дұрыс. Су бүркіп ылғалдандырып, әрі шаң-тозаңнан тазартып тұрған абзал. Лимон гүлдей бастағаннан орнынан қозғап

мазалауға болмайды, гүлін, түйінін тастап жібер



2.4. Қызықты деректер

Лимонның тарихы өте қызықты. Әрқайсысы білмейтін мәліметтер: Алғашқы рет Джеймс Кук- әйгілі зерттеуші, теңізші,тұңғыш ашушы лимонның емдік қасиеттерін тапқан. Ол теңізшілердің цинга ауруына (витамин С жетпеушілігінен тап болған ауру) қарсы лимонмен емдеуді тауып ашқан. Ерте заманда көп уақыт ашық теңізде өткізетін теңізшілердін цинга ауруы, көп адамдардын өмірін әкететін, ол С гиповитаминозбен жөнелтілген.Осы ашуы үшін Британ Адмиралдығы Джеймс Кукты Корольдік бірлестігінен алтын медальмен марапаттады.

Грецияның мәдениет мұрасы адамзат тарихына айрықша мәнділік беріп отыр.Сонымен қоса осы ұлт өкілдері сұлулықты бағалау біледі және жай заттармен шаттануды біледі, олардын арасында лимон. Осы күнге дейн лимон грек тойларында манызды орын алады.

Испанияда лимон ағаш арқылы ғашықтар өз сезімдерін білдіретін Жігіт немесе жас қыз лимонды сыйға тартса немесе сыйғы алса бұл жауапсыз махабатты білдіретін.

Проект на тему Лимон жайлы білгіңіз келе ме ?

Біздің Петропавл қаламызда ботаникалық бақ бар. Бүл бірегей кешен 1912 жылы ашылған. Онда бүкіл жер жүзінен көптеген экзотикалық өсімдіктер өседі, пальма, жасмин ағаштары, шығыс бүрлі ағашы, мандарин ағашы солардың арасында лимон ағашы да өседі .Мен сол баққа экскурсияға бардым, өсімдіктерге қызықтап қарадым әсіресе лимон ағашына.

Проект на тему Лимон жайлы білгіңіз келе ме ?Проект на тему Лимон жайлы білгіңіз келе ме ?







III.Зерттеу бөлімі

  1. ші тәжірибелік жұмысым : Мен үй жағдайда лимонның сүйегінен лимон ағашын отырғыздым. Енді өсуін бақылаймын.

Проект на тему Лимон жайлы білгіңіз келе ме ?Проект на тему Лимон жайлы білгіңіз келе ме ?



Лимонмен тәжірибе жасау 2- ші тәжірибелік жұмысым:

1.Керегі

-Лимон, жуылған құрғатып сүртілген.

-Екі ажыратылған мыс сымдын үзіндісі жуандығы 0,2-0,5 мм ұзындығы

-Құрыштан жасалған қағаз қыстырғышы.

-Кішкентай шам

Тәжірибе жасау

Қарама-қарсы сымның екі ұшын аралығы 2-3см тазалап жіберу керек. Лимонға қағаз қыстырғышты салып, оған сымның бір ұшын орап қою керек. Лимонға аралығы 1-1,5 см қағаз қыстырғыштан екінші сымның ұшын қадау керек. Алдымен лимонды сол жерде инемен тесу керек. Сымның екі еркін ұштарын қосып алып шамға жалғастыру керек.

Не болды?

Шам жанды!

Проект на тему Лимон жайлы білгіңіз келе ме ?



Шам жанбаса, бірнеше лимон алып оларды жалғастыру керек, суретте көрсетілгендей.

Проект на тему Лимон жайлы білгіңіз келе ме ?

Лимон қышқылы мыс сыммен және құрыштан жасалған қағаз қыстырғышпен байланысқанда химиялық реакция басталады, осыдан электр тоқ пайда болады.

Проект на тему Лимон жайлы білгіңіз келе ме ?

2. Лимонмен және алмамен жасалған тәжірибе

3- ші тәжірибелік жұмысым:

Алманы ортасынан бөліп бір бөлігінің жартысын лимон қышқылымен жағып қоямыз. Біраз уақыт өткен соң көреміз, лимон қышқылымен жағылған жартысы өзгермейді, ал екінші жағы қарайып қалады .Алманың қарайғаны оттек ауасы темірді тотықтындыру салдарынан. Ал лимон шырындағы аскорбин қышқылы- табиғат антиоксиданты тотықтындыру үдерісін баяулатады.

Проект на тему Лимон жайлы білгіңіз келе ме ?

Проект на тему Лимон жайлы білгіңіз келе ме ?

IV. Қорытынды

Жұмысымның қорытындысын шығара келгенде: Лимон жайлы зерттеу- өте қызық. Лимон туралы әдебиетті зерттеуді қорыта келгенде: Лимон - жыл бойы жасыл ағаштың жемісі. Оның құрамында пектин, эфир майлары, биофлавоноидтар бар. Лимон асқазандағы қорытуға көмектесетін заттардың бөлінуіне әсер етіп, ағзаға темір мен кальцийдің сіңіруін жеңілдететін энзимдарды бөледі. Өзі қышқыл болғанына қарамастан, ол асқазан суларының қышқылдығын төмендетеді. Әрине лимон құрамындағы С дәрумені жайлы айтпай қоймасқа болмайды. Ол жалпы иммунды жүйені жақсартып, түрлі ауруларға тосқауыл болады. Лимон ағзадан қажет емес кір-қоқыстарды шығаруға да көмектеседі. Мысалы ұзақ уақыт дәрі, антибиотик қабылдасаңыз, лимонның көмегімен бауырыңызды улы заттардан тазартсаңыз болады. Лимон шырыны мен қабығы антисептикалық қасиетке ие. Онымен жараларды сүртіп, ерітіндісімен тамақ шайса болады. Лимон қан құрамындағы холестерин деңгейін төмендетіп, тәбетті ашады. Лимон құрамындағы Р дәрумені қан тамырларын беріктендіріп, қан қысымын көтереді. Әрине лимонның ең танымал қасиеті - жұқпалы тұмау ауруына төтеп бере алуы. Лимонның осыншама пайдасына қарамастан, ол да зиян болуы мүмкін. Тым көп мөлшерде қабылданған лимон ем емес, керісінше болуы мүмкін. Лимон қатты аллергия қоздырғышы болуы мүмкін. Лимонды тіс эмальдары нашар жандар сирек жегені дұрыс, лимон шырыны оны біржолата құртуы мүмкін. Тамағы қабынған, ісінгендер де лимон жемегендері жөн, лимон тамағыңызды ашытып, күйдіріп жібере алады. Гастрит, асқорыту жолдарының ауруына шалдыққандарға лимон жеуге мүлдем тыйым салынған.

Лимон үй жағдайында өсіруге қолайлы. Баяу өскенімен, сіздің үйіңізге әкелер пайдасы шаш етектен. Лимонның жапырақтары фитонцидтер шығарады- биологиялық белсенді заттектер.Ол бактериялардың дамуына және саңырауқұлақшаларға өніп - өсуіне жол бермейді. Бөлмені жағымды жұпар иіспен желдетеді және қатынасушыларды жағымды ықпалмен үйлестіреді.



V. Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том

  2. Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені,

  3. Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011.











© 2010-2022