Ашық сабақ. 3-сынып. Нөлдермен аяқталатын сандар

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері Сабақтың мақсаты: білімділік: нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілімен таныстыру, есеп шығара алу дағдыларын жетілдіру ; Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттері мен логикалық ойлауын дамыту; Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, ұтқыр ойға ұтымды жауап беруге баулу Сабақтың түрі: жарыс сабақ Пәнаралық байланыс: дене тәрбиесі Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру: -Бүгін бізде ерекше сабақ. Барлығымыз бірге биылғы жазда Лондонда өткен олимпиадада жүлделі орындар алған спортшыларымыз туралы айтып өтейік. Олимпиада жүлдегерлері - Александр Винокуров, Зулфия Чиншанло, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Илья Ильин, Серік Сапиев, Ольга Рыпакова. Күміс жүлде алған спортшымыз - Әділбек Ниязымбетов - Маңғыстаудың мақтанышы. Біз бұл спортшыларымызды мақтан тұтамыз. Олар 200-ден астам ел қатысқан дүбірлі додада елімізді 12-орынға алып шықты. Осы спортшыларға алғыс ретінде «Сіздер де осы спортшыларға еліктеңдер» деп, бүгінгі сабақты жарыс сабақ ретінде өтеміз. Сыныпты 3 топқа бөлеміз: 1-топ - Үшбұрыш, 2-топ - Төртбұрыш, 3-топ - Шаршы Бағалау: «5» - алтын түстес сары, «4» - күміс түстес ақ, «3» - қола түстес қоңыр 2. Үйге берілген тапсырманы ауызша оқыту 3. Өткен сабақты пысықтап, жаңа тақырыппен байланыстыру Тапсырма: Сандарды өсу ретімен орналастыр: 120002 105789 50005 362140 747002 78141 Бұл сандардың артына сөздер жасырынған, егер дұрыс тапсаңдар, бүгінгі жаңа тақырыбымыз келіп шығады. 4. Жаңа тақырыпты слайдтың көмегімен түсіндіру: 230 2300 230 20 20 2000 4600 46000 460000 Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту кезінде нөлдерді есепке алмай, алдымен көбейтуді орындайды, ал содан кейін жауабына екі көбейткіште неше нөл болса, сонша нөлді жазады. 3-есеп 1-топ 2-топ 3-топ 180*700 460*30 530*90 6800*60 7410*60 230*400 Сергіту сәті 4-есеп 1-топ 2- топ 3-топ 630 : ( 3*3) (360*5)*40 50*(21000*8) 300 : (3*25) 4*(6000*25) 450000 : (15*10000) 5. Жаңа тақырыпты пысықтау: Тест. 6. Үйге тапсырма беру 7. Оқушылар білімін бағалау, жеңген топты анықтау, сабақты бекіту



© 2010-2022