Әдептілік дегеніміз не?

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Әдептілік дегеніміз не?

Мақсаты:1.Оқушылырдың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру,

әдептілікке тәрбиелеу

2.Өз ойын нақты,анық жеткізе білуге үйрету

Көрнекілік:

Жүрісі: І.Ұйымдастыру бөлімі:

1.Қызығушылықты ояту.

2.Оқушылармен сәлемдесу.Жылы психологиялық жағдай туғызу

ІІ.Негізгі бөлім:

Кіріспе (мұғалім сөзі)

Бүгінгі сынып сағатымыз әдептілік тақырыбында өтеді.«Әдептілік-адам көркі» деп Абай аталарың адам болу үшін

Сүймек, сезбек, кейімек,

Қарекет қылмақ, жүгірмек.

Ақылмен ойлап сөйлемек...

Ақыл керек, ес керек, мінез керек... деген екен.

Әдептілік-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі.

Біздің халқымыздыңәдепті де сыйластық қарым-қатынасқа ежелден-ақ көңіл бөліп келгендігі барлығымызға белгілі. Ұрпақтан ұрпаққа ауысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерінен күнделікті кезіктіреміз. Қазақ халқы дархан қонақжайлық, үлкенді құрметтеу, ағайын-туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып уәдеде тұра білуге ежелден тәрбиелеген. Жас ұрпақты әдептілікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазіргі кезде де ұнамды жалғасып, бүгінгі өмірімізбен үйлесім тауып отыр.

Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды әдепті бала қандай болады екен, содан бастасақ.

2. Ассоцициаялық картаны толтыру

Әдептілік дегеніміз не?Әдептілік дегеніміз не?Әдептілік дегеніміз не?

Әдептілік дегеніміз не?Әдептілік дегеніміз не?

Тәрбие тамыры халық қазынасында ғой. Енді ата-әжелердің өсиет сөздеріне назар аударсақ.

Ата мен әженің жаман әдетке тыйым сөздері айтылады. (Қысқа көрініс)

Балалар, әженің соңғы сөзі «Әдепті боп өс, балам!» деп аяқталды. Ендеше сол әдептілік деген сөздің үлкен астары бар екен. Соны ұғыну үшін келесі тапсырмаға назар аударсақ.

3. Мәтіндерге назар аудару

Әдептілік - Қарапайымдылық - Табиғилық үшеуі бір-бірінен ажырамас екен. Олай болса алдарына ұсылынған мәтіндерге назар аударсақ.

ІІ. Мағынаны ажырату

  1. Екі жақты оқыту. Үш топқа мәтіндерді тарату.

І топ: Әдептілік.

ІІтоп: Қарапайымдылық.

ІІІтоп: Табиғилық.

Оқушы мұғалімнің орнында, мұғалім оқушының орнында болады.

Бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

Міне, балалар, әдепті адам өзінің қадір-қасиетін жоғары ұстап, қай кезде болмасын табиғи қарапайымдылығымен ерекшеленуі керек екен. Осы әдепті адамға керекті қарапайымдылық, табиғилық, әдемілік, жақсылықтың барлығы қазақ халқының мақал-мәтелдерінде күнделікті кезігеді екен.

  1. «Ортада қалам» стратегиясын қолдану.

Әр топ оқушыларынан мақал-мәтелдерді толықтыруды сұрау.

І топқа 1. Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен. 2.Аға әдепті болса, Іні де әдепті. Ана әдепті болса, Сіңлі де әдепті

  1. «Сіз» деген - әдеп
«Біз» деген - көмек ІІ топқа 1.Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп, Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп. 2.Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, Балаң жаман болса, жердің асты жақсы. 3.Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді, Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді. ІІІ топқа 1.Ұлың өссе,ұлы үлгілімен ауылдас бол, Қызың өссе, қызы үлгілімен ауылдас бол. 2.Есер ұлдан, есті қыз артық. 3.Әдептінің белгісі-иіліп сәлем бергені. Балалар, «Әдептінің белгісі-иіліп сәлем бергені» деп өздерің айттыңдар.Міне, сәлем берудің өзі әдептіліктің биік шыңы екен.(Алдын ала берілген шығармашылық тапсырманы тыңдау) «Сәлемдесе білу» өлеңі оқылады. Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің «Әдеп» әңгімесін ұсыну. 3.»Екі жақты күнделік» стратегиясы

Маңызды фраза

Несімен маңызды





Топта жұмыс, жұптасып ақылдасу.Ортада ой бөлісу.Әр топтан 1-2 оқушыдан сұрау. Жақсы, енді алдарыңа таратылған дискуссиялық картаны толтырсақ.

Сұрақтар

Иә

жоқ

белгісіз 1.Өзің ренжісіп қалған досыңның сәлемін алудың қажеті бар ма? 2.Ол менен кіші, өзі бірінші амандассын.Дұрыс па?


Ойларын айтады.Пікірталас тууы мүмкін.
ІІІ.Ой толғаныс «Түймедақ» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап беру. -Әдеп дегеніміз не? -Неліктен «Әдепті бала-арлы бала,әдепсіз бала-сорлы бала» дейді? -«Әдептілік-әдеміліктің белгісі» деп неге айтады? -Әдептілер болмаса қоғамда не болар еді? Әдептілікті адамгершілікпен салыстыршы.Ұқсастық бар ма? -Әдепті болу керек пе?Неліктен? Оқушылар топта ақылдасып жауабын табады.Әр оқушы жауап беріп гүлді құрайды. IY.Қорытынды бөлім

Әдептілік дегеніміз не?

© 2010-2022