Көпбұрыш қабырғаларының ұзындықтары

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білімділігі: Көпбұрыш қабырғаларының ұзындықтарын өлшеуге және геоме-

триялық фигураларды ажырата білуге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілеттерін,зейіндерін,шығарма-

шылық белсенділігін дамыту, ауызша санау, логикалық ойлауын,

байқағыштығын қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды шапшаңдыққа,ептілікке баулу.Ұлттық ойындарды

насихаттауға, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға, табиғатты

сүюге тәрбиелеу.

Түрі: ойын сабақ.

Әдісі: топпен жұмыс,ойын,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: құстар макеті,ұя, асық,орамал,геометриялық фигуралар,суреттер.

Құрал-жабдықтар: ақпаратты технология,үнтаспа.

Пәнаралық байланыс: дүниетану,технология,ана тілі.

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа дайындығы).

Психологиялық дайындық.

«Көңіл ашар» жаттығуы.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да,

Шуақты көктем нұр төгіп

Көңілді кетті көтеріп.


Оқушыларға жыл мезгілін айтқызып, табиғатта қандай өзгерістер болатынын,келетін жыл құстарын атап, оларды қалай қарсы алатынын айтқызу. (Көктем мезгілі, құс мезгілі, құстардың ұшып келе жатқан суретін слайдтан көрсету, даусы)


Бүгінгі сабақта жыл құстарын қарсы аламыз және әрқайсысының тапсырмалары бар, орындау арқылы құстарды өз ұяларына қондырамыз. ІІ. Өткен сабақты пысықтау. Жұмбақ шешу арқылы құстың атын табу. Көктемде құстар қайтқанда, Ең алдымен келетін. Өзіміз күтіп алатын, Ұя жасап беретін.

  • Бұл қандай құс, балалар?
(Қараторғай) Енді осы құстың даусын тыңдайық. Сонау алыстан бізге қараторғай қонаққа келіпті. Оның бізге екі тапсырмасы бар екен. Деңгейлік тапсырмалар. 1-тапсырмасы: «Ханталапай» ойыны . Бұл қазақтың ұлттық ойыны. Асықпен ойналатын ойын. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар жылдам жиып алулары керек.Көп асықтың ішінде біреуін қызыл түске бояйды. Сол асық «хан» болады.Ханды алған бала арнайы сұраққа жауап береді, қалған балалар асықтағы нөмірлерге қарап, сұраққа жауап береді. Мақсаты: балалардың жылдамдығын жеделдету, нерв жүйелерін шыңдау, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.
1. Екі жағы бітеу түзу сызық (кесінді). Арнайы сұрақ:Шаршының сол жағында үшбұрыш, оң жағында дөңгелек орна- ласқан. Шаршы қай жағына салынған? (ортасында). 2. Төрт қабырғасы бар фигура қалай аталады? (төртбұрыш). 3. Натурал сандарды ата (1, 2 ... 9). 4. Ондықтарды ата (10, ... 90).
ІІІ. Жаңа сабақ. 2-тапсырмасы. «Ребус» шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын білу (үшбұрыш,төртбұрыш - көпбұрыштар деп аталады).
1Көпбұрыш қабырғаларының ұзындықтары) Мұғалімнің түсіндірмесі. №1 Практикалық жұмыс жүргізу. Көпбұрыш қабырғаларының ұзындықтарыКөпбұрыш қабырғаларының ұзындықтарыКөпбұрыш қабырғаларының ұзындықтары

4 см

4 смКөпбұрыш қабырғаларының ұзындықтары 4 см 4 см Бұл қандай фигура? Бұл қандай фигура? Оның неше қабырғасы бар? Оның неше қабырғасы бар?
Фигуралардың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеуге болады (өлшеп көрсету). 2) Ұзақ қарғаны жұмбақ шешу арқылы табу,ұясына қондыру (даусын тыңдау).
Жыл құстарының ішіндегі ең қарасы, Егінді құрттардан қорғайды. (Ұзақ қарға)
1). №2. Өлше. Кесінділер ұзындықтарының айырмасын тап. Көпбұрыш қабырғаларының ұзындықтары 6см 2см 6см - 2см = 4см
2). «Ақсүйек» ойыны. Қызықты тапсырмалардың артында «ақсүйек» тығылып жатыр.Тапсырмаларды кім дұрыс шешсе,сол «ақсүйекті» табады.

А) Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады оның нешеуі

Қане, кім тез шешеді?

(Бес)

Ә) Су құйып ем астауға,

Үш қаз ұшты аспанға.

Үш қасқалдақ, бір қазан,

Екі үйрек, бір сазан.

Бір көксерке, бір қарға

Қосылды кеп бұларға.

Айт неше құс ұшып жүр,

Неге екенін түсіндір (10).

Б)Үшеуі аз деп балапан,

Қосты тағы үш балапан.

Табыңдаршы ойланып,

Қанша болды балапан? (6)

3) Қарлығашты ұясына қондыру (даусы).

Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады (Қарлығаш).

А) №3 Фигураларды ата. Шаршының қабырғаларын өлше.

2см

Көпбұрыш қабырғаларының ұзындықтарыКөпбұрыш қабырғаларының ұзындықтарыКөпбұрыш қабырғаларының ұзындықтары

2 см

2 см

2см

Ә) Сергіту сәті: Көк аспанға қараймын,

Келген құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар

Жылы жақтан оралар.

4) Көкекті ұясына қондыру (даусы).

Қайталап атымды,

Ән салып аламын.

Кез келген ұяға,

Жұмыртқа саламын. (көкек)

Ә) Геометрияық фигуралардан балапан суретін құрастыру:

Көпбұрыш қабырғаларының ұзындықтарыКөпбұрыш қабырғаларының ұзындықтарыКөпбұрыш қабырғаларының ұзындықтарыКөпбұрыш қабырғаларының ұзындықтары

Көпбұрыш қабырғаларының ұзындықтары

5) Аққуды айдын көлге қондыру (даусы).

Көлдің көркі, сәні екен,

Ұшқанда сазды ән екен.

Адамдар оны атпаған

Бұл қай құс, балалар?

(Аққу)

А)№5. «Орамал тастамақ» ойыны.

Ойын басқарушы санды айтып,орамалды кез келген оқушының алдына тастай салады.Ол оқушы тез жауабын айтып,орамалды келесі оқушының алдына тас-

тайды.

10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100.

Ә)Еркін өлшеммен көпбұрыш сызу.

ІҮ.Үйге тапсырма: №4, 199-бет.

V. Сабақты бекіту.

2.Сөзжұмбақ шешу.


ү

ш

б

ұ

р

ы

ш

а

л

п

ы

с

а

р

т

ы

қ

ү

ш

а

й

ы

р

м

а

1.Көпбұрыштың бірі.

2.6 ондық.

3. «Кем» ұғымына қарсы.

4.Натурал сан.

5.Азайтудың компоненті.

ҮІ.Бағалау

Үздіктер тобы. Екпінділер тобы. Қанағаттанарлық тобы.

ҮІІ.Ән көңілдің ажары.


© 2010-2022