Урок Біздің тілегіміз-достық 3 класс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты: «Біздің тілегіміз - достық»
Сабақтың тақырыбы: «Біздің тілегіміз - достық»
Сабақтың мақсаты:
1. Балаларға достың адам өміріндегі маңызы, орны туралы, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру.
2. Балаларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққы, тату, мейрімді болуға тәрбиелеу. Әр балаға өзінің досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін көріп өз бойына сіңіре білуге және өз досын дұрыс танып білуге үйрету.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, шарлар, мақал - мәтелдер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Сабақтың тақырыбын жариялап, мақсатын түсіндіру.
Бүгінгі біздің тәрбие сабағымыздың тақырыбы «Біздің тілегіміз - достық» деп аталады.
Бүгінгі тәрбие сабағымызда 2 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз
1 топ «Сыйластық»
2 топ «Достық»
- Балалар, барлығымыз ойланып қарайықшы «Дос», «Дос болу», «Достық» дегеніміз не? (оқушылар өз пікірлерін айтады).
- Дос деген кім?
- Сыр бөлісетін адам
- Мені өте жақсы түсінетін адам
- Көмекке әрдайым дайын адам
- Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам
- Сенімді адам
Сендердің достарың бар ма?
Ол қандай адам? Оның қасиеттері, мінезі қандай? (оқушылар өз достары туралы айтып өтеді).
III. Олай болса балалар «ДОС» күншуағын құрастырайық.
Тақтаға «дос»күншуағын сөзін жазу
Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді дос, кешірімді, төзімді ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік
Дос дегеніміз - өмірдегі ең шыншыл, адал, қымбат жан.«Жаман дос көлеңке дейді» дана халқымыз. Демек, дос деп қиын сәтте арқа сүйей алатын, көмегін аямайтын, сырыңды басқа біреуге шашпайтын ізгілік иесін айтамыз. Қазақта: «Дұшпан күлдіріп айтар, дос жылатып айтар» деген мақал бар. Досыңның шындықты айтқанына байланысты сен мініңді, кемшілігінді түзейсің. Сондықтан өмірде, сөзіне берік, абзал дос таңдау өте маңызды және өзің де осындай жолдас бола білуің керек.
Достық - адамның бір - бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес болуы. Достық өмірдің ең зор қуаныштарының бірі - сырыңды айтатын, қуаныш - қайғыңды бөлісетін адамның болуы.
Не жетеді нағыз досқа, асылға,
Қуанса да, қайғырсаң да қасында.
Қиналады, сен қиналсаң болғаны
Ұйықтамасаң - ұйықтамайды ол дағы,- деген Шекспирдің сөзі өте дұрыс.
Балалар сендер «достық» жайлы өлең шумақтар білесіңдер ме?


Дос дегенің байлық қой
Басқа байлық іздеме
Досың болса ойнайтын
Қарамайсың түзге де
Досыңменен ұрыспа
Досың барда еркесің.

Бір - біріңді бағалар
Дос болыңдар балалар
Дос болсаңдар қуанар
Ата, әже, аналар


Дос дегенің ұлы ұғым
Бала кезден бұны ұғын
Достарына әр күні
Сыйла көңіл тұнығын

Адал дос барлық жерде екен
Өмірде достың орны ерек екен,
Жақсы дос жадыратса жан дүниеңді
Жаман достар жамандық ойлайды екен.
Балалар, бізге Айгөлек журналы арқылы хаттар жіберіпті. Осы хаттардың ішінен бір - екі хатты сендерге көмек сұрауда (хатты оқып, оқушылар жағдаятты талдайды).
IY. Пікірталас. Жағдаяттан шығу.
«Достық» және «Сыйластық» топтары
Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді. Жанар мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма? Неліктен? Олардың достықтары қалай жалғасады, деп ойлайсыңдар?
2. Құрбылары Жанарға балмұздақ берген - ді.
Жанар кетті алға тез,
Алды - артына қарамай,
«Рахмет» - деп, жалғыз сөз
Айтуға да жарамай!
Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?

Балалар бүгін дос және достық туралы көп мәліметтер біледі екенсіздер,
Ендеше достарымызға арналаған
Y «Досымның жүрегі» деп аталатын ойын ойнайық.
Кеудеге тағылған жүрекке бір - бірінің жақсы қасиеттерін жазу. Бәрі жазып болған соң оқу.
YI. Қорытынды
- Балалар достық туралы мақал - мәтелдер білеміз бе?
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды».
Сонымен балалар енді мен сіздерге мынадай достық ережесін ұсынғым келеді. Осы ережелерді есімізде сақтайық.
«Достық» ережесі.
• Қиын кездерде бір - біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Ал ендеше балалар достық адамдар арасында ғана емес ұлттар арасында, мемлекеттер арасында да достық болады. Біз Қазақстан дүние жүзі елдерімен достық қарым - қатынас орнатудамыз.
Тәуелсіздік алғаннан бері Н. Ә. Назарбаевтың дана басшылығының арқасында бүкіл әлемге танылдық. Бұл күнге біз бірлігіміздің, достығымыздың арқасында жеттік. Біз қазір бірлігі жарасқан елміз. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, қазағым» деп тілек айтамын.
Рефлекция: - Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
Тәуелсіздік таңы арайлап атып, арамызда тек достық болсын дей келе бүгінгі сабағымызды «Достық»әнімен аяқтайық.
Достық
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан. 2 рет
Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы,
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы. 2 рет
Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз,
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз. 2рет
Оқушыларды мадақтау сәті: Бүгінгі өз білімдеріңмен сабаққа белсене қатысып өз ойларыңды білдіргендеріңе алғысымды білдіре отырып, сіздерге «Достығымыз нығая берсін!» деп сөзімді аяқтаймын.

© 2010-2022