Математика пәнінен Уақыт туралы түсінік тақырыбының қысқа мерзімді жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Уақыт туралы түсінік.

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі

Сабақтың жабдығы

күн тәртібі, сағат макеті, суреттер

Жалпы мақсаттар

Оқыту нәтижесі

1.Білімділік: оқушылардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру , нақтылау.

2.Дамытушылық: уақытты анықтайтын терминдерді дұрыс қолдана білуге үйрету; оқиғалардың ретін қоя білудағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Топқа бөлу

Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлемін

Ынтымақтастық атмосферасы

«Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер -Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанамын мен»

-Балалар, бүгін біздің сабағымызға Аю келді. Ол бізге көп тапсырма

әкелді ( әр тапсырманы Аю үнтаспадан хабарлап тұрады)

1.Тыныштық сақтау

2.Бір -бірін тыңдау

3. Ойды ашық айту.

4.Жауапты толық айту.

Қызығушылықты ояту

Кеңістіктегі заттардың орналасуы туралы түсініктерін бекітетін, санауды қайталауға бағытталған ойындар мен жаттығуларды кіргізе отырып, ауызша жұмыстар жүргізуге болады («Не өзгерді?», «Ұшақтың ұшуы», «Дыбыс қайдан шықты?», «Керісінше», «Сөйлемді аяқта») т.б.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Жаңа материалмен таныстыру. Ауызша жаттығулар.

Аю: -Мен бірнеше сөздерді айтамын, сендер мұқият тыңдап, қай сөзді бұрын, қай сөзді кейін айтқанымды байқандар: дүйсенбі, сәрсенбі, сейсенбі. Енді 5-ке дейін хормен санайық. Қай санды бұрын айттық, екі ме, әлде үш пе? т.б

-Келесі Аюдың тапсырмасы, оқулықпен жұмыс.

V. Оқулықпен жұмыс.

Балалардың назарын №1 тапсырмадағы суретке аударып, баланың алдымен не істегенін, содан соң не істейтінін ретімен айтуларын сұрау.

Оқушының күн тәртібі туралы әңгіме жүргізуге болады.

№2 тапсырма бойынша кім үлкен,кім кіші екенін анықтау керек. Отбасының барлық мүшелерінің жасын өсу және кему реті бойынша айтқызу.

№3 тапсырма «ерте -кеш» түсініктерін қолданып, уақыт туралы әңгіме жүргізуге арналған. Оқушылардың бақылағыштығын, салыстыра білу дағдыларын арттырады.

-Балалар, Аю бізді демалуға шақырып жатыр.

Ой толғаныс

Дәптермен жұмыс 7-8 бет .

Жаңа білімді игеру деңгейлерін бақылау үшін оқиғалар ретінің орны ауыстырылған суреттерді ұсынуға болады (мысалы, ертегі мазмұнының сюжетті суреттері , жыл мезгілдерінің суреттері, т.б.) және қателерін түзеу өздеріне тапсырылады. №1 тапсырма орындалады.

№2 бұл тапсырманы түсіндіре отырып орындау. «Бір шаршы оңға сызамын, бір шаршы жоғары, екі шаршы оңға, бір шаршы төмен, бір шаршы оңға», т.б.

№3 тапсырма алған білімдері бойынша сөздік қорларын бекіту үшін орындалады. Заттарды өзара байланысты топтарға бөледі: ағаш, тақтай, орындық: қой, жіп, свитер, дән, ұн, нан. Содан соң олардың пайда болу ретін анықтау.

VIIІ.Өздік жұмыс .

Өзіндік жұмыс ретінде №4 тапсырманы орындауға болады. Кестеге қарап, суреттерді салыстыру. Егер оқушыларға қиындық тудырып жатса, мұғалім жоғарғы, ортаңғы, төменгі қатарда не бейнеленгенін анықтауға көмектеседі. Содан соң бұл заттарды топтайды, артық затты атайды.

Үй тапсырмасы

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?

Күнделіктеріне жазады

Кері байланыс

Мадақтау

Смайликтерді жабыстырады



© 2010-2022