Қош, бол сүйікті Әліппем! (сыныптан тыс шара)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қош,бол сүйікті Әліппем!

Мақсаты:Оқушылардың мектеп табалдырығын аттағаннан бастап ең алғаш қолдарына ұстаған әліппе оқулығынан алған білімдерін тиянақтау. Ата- аналарға өз өнерлерін көрсету, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі:Әліппе,ана тілі макеттері,мақал-мәтелдер,шарлар,слайд

Мұғалім:Құрметті ұстаздар,ата-аналар, оқушылар!Бізде бүгін үлкен той.Оқушыларымыз мектеп табалдырығын алғаш аттағанда қолдарына алғаш ұстаған Әліппе кітабы болатын.Міне, осы әліппе оқулығы арқылы балаларымыз 42 әріпті түгелдей меңгеріп,өз ана тілінде оқып, жаза да алатын болды. Олай болса,"Қош, бол сүйікті Әліппем!" атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: 2-жүргізуші: Уа,халайық,жарандар, Өмір берер ертеңгі бағаларын Босқа қарап тұрмаңдар. Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың Бізде бүгін үлкен той, Халқыма ұрпақ берген,өмір берген Қош келіпсіз,ұстаздар,ата- аналар Шашу,шашу шашыңдар! Әліппемен қоштасу тойымызға.

Жүргізушілер:Әліппемен қоштасу мерекесі құтты болсын! Жансая Бүгін бізде үлкен қуанышты күн.Біз алғаш мектепке келіп,оқу,жазу үйренген алғашқы оқулығымыз әліппені аяқтап, қоштасқалы отырмыз. Нұрдәулет Алғаш қолымызға гүл шоғын алып мектептің табалдырығын аттап өткелі 4 ай уақыт өтіпті.Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп,енді өзіміз оқып та,жаза да аламыз.

Жансая Ең алғаш алғанымда "әліппені" Нұрдәулет Қызығып қарай бердім әріптерді Жансая Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді? Нұрдәулет Ұстазым кілтін оның алып берді

Нұрасыл

Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар. Ақылбек Орын алар өмірімде, Байсалды атам бар менің. Немеренің сәні боп , Ұзақ өмір сүре бер. Жайлыхан Әке деген асқар тау,

Қорған болар жаныңа. Ренжіп қалсам қай кезде, Еркелетер әрдайым. Марғұлан Бала,бала,бала деп, Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Мұздай бесік таянған.

1-жүргізуші:Бізді осындай күнге жеткізіп,бірге қуанып,бірге ренжіп жүрген аталарымыз бен әжелеріміз,әкелеріміз бен аналарымызға мың алғыс айтамыз.Ендігі шашуымыз сіздерге арналады.

2-жүргізуші:Ақылбек,Нұрия,Маржанның орындауында " Анашым" әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

Бар білімнің бастауы, Бар ғылымның бастауы, Жас балаға нұр шашқан, Қандай кітап тіл ашқан?

Хормен:Әліппе!

1-жүргізуші:Олай болса балалар,бәрімізге ең қымбат досымыз болған қолымызға алғаш ұстаған аяулы әліппемізді ортаға шақырайық.

Хормен:Болашаққа жол ашар,

ол сүйікті Әліппе! Әліппе3

Әліппе:

-Армысыздар, жас достар! -Армысыздар ата-ана! Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаға Білім деген ғажаптың Әліппесін меңгерген Келешегі қазақтың Басталады сендерден Жақсы білім көрімдік болсын сізге халайық Не үйреніп,не білдік Қане, ортаға салайық

-Балалар, мен өзіммен бірге сендердің осы тойларыңа өзімнің ізбасарым Ана тілін де шақырып келдім.Сендердің менен алған білімдеріңді,осы 4ай ішінде оқып,үйренгендеріңді болашақта білімдеріңді одан әрі шыңдай түсетін осы-Ана тілі.Олай болса Ана тілін де ортаға шақырайық.

Хормен:Ана тілі!Ана тілі!

Ана тілі: Балалар енді сіздер менен көп қызықты әңгімелер мен өлең оқып,көп нәрселерді үйренесіңдер.

Туған елдің тілімін Ақылы мен таңымын. Түсіндірер бәріне Ана тілі пәнімін Ана тілім ұраным Ана тілім құралым Ана тілім болмаса Мықты болмас тұрағың .

Әліппе:Балалар,бүгінгі тойларың құтты болсын! Менен алған білімдеріңді ортаға салатын кез келді.Қане, менен не оқып ,не үйреніңдер?

2-жүргізуші:Ана тілі мен Әліппеге не оқып не үйренгенімізді көрсетейік. 1-жүргізуші: Құрметті әліппе,сен шаршаған шығарсың.Кел тойымыздың төріне шық,балалардың саған айтар алғысы мол

Қайрат Ең алғаш ұстағанда әліппені, Қызықтап қарай бердім әріптерді. Әріптерді қосып оқи бастағанда, Қасиетін түсіндім Әліппенің.

Ерболат Суреттермен сөйлеткен , Әріптерді үйреткен Баспа әріп пен жазба әріп Дауысты мен дауыссыз Айтыңдаршы, балалар Қай оқулық үйреткен! Оқушылар хормен:Әліпе! Әліппе!

Мадина Әліппені ең алғаш ашқанымда, Шашқандай маржандарын жан-жағына. Бір көргеннен достастым әріптермен, Тапқышбектің көмегі арқасында.

Нұрия Әліппемен аштым өмір есігін, Тербетемін білім-бөбек бесігін. Табиғаттың тылсымына таңданып, Жаттап өстім ұстазымның есімін.

1-жүргізуші:

"Мұғалім -ол біздің" орындауында Әмірғали,Нұрдәулет,Жансұлу

Нұрқазы Алфавиттің "А" тұрады басында, Әрқашанда "Ә" тұрады қасында. Байқадың ба "Б" тұрады үшінші, Ал осының сыры неде түсінші.

Әмірғали Ә деген әріп мен болам, Әділдікке шақырам, Әдепті бол әрқашанда , Қасыңда болам сонда ғана

Дәмелі Барлық әріп бағалы, Айттық әділ бағаны Әріпсіз сөз болмайды Буын онсыз толмайды. Адам барлық әріпті, Ардақтайды қолдайды.

Маржан Щеткамен тіс тазалар, Щетка -киім тазалар. Щетка көрсе балақай, "Шапшаң бер!",-деп мазалар Арайлым Дыбыс емес тек әріп, Жіңішкертер көршісін. Жіңішкелік белгі бұл, Ол кездесер сөзді біл. 1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем әнмен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй деп Кішкентай әнші қызымыз, Төлеген Альбинаның орындауында "Ертегілер"әнімен қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші Ана тілің -арың бұл, 2-жүр. Ана тілі-бар білімнің қайнары : Ұятың боп тұр бетте. Аталардың өсиеті пайдалы. Өзге тілдің бәрін біл, Алақаны мейірімді анаңның, Өз тіліңді құрметте! Ұстазыңның жарқын жүзі-жайдары.

Еділ бауыржан Ана тілің-біліп қой, Еркіндігің, теңдігің. Ана тілің- біліп қой, Мақтанышың, елдігің.

Бухарбаев Бауыржан Отан-жерім,отан суым, Отан қуат нәр береді Отан ұран,Отан туым, Отан мәңгі гүлденеді.

2-жүргізуші: Көрініс

Қане,балалар,енді қонақтарға, ата-аналарға кітапты қалай оқитынымызды көрсетейік. 2-жүргізуші: Мың бұрала билеген

Өнерді кім сүймеген

Аққудайын қалықтап,

Вальс биін билеген

1 «Д» сынып оқушыларының орындауында" Вальс" биі.

Би:Қара жорға

1-жүргізуші: Ән: "Әліппе"

Әліппе:"Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады" дегендей мен сендердің білімді,ынталы,ақылды екендеріңе көзім жетті.Ана тілін де осылай қадірлеп,оқып білімдеріңді шыңдай түсіріңдер.

Мен сендерге ризамын,балалар!Сендерге ақ жол,сәт сапар тілеймін!

1-жүргізуші:Ендігі кезек ағылшын пәнінен үйренген імізді көрсетейік. "Үш шошқа " ертегісін тамашалаңыз

2-жүргізуші:"Барби" биі

Мұғалім:

Бүгінгі күн әр үйдің " Той басы" деп саналар, Балалардың есімі әулеттерге таралар Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында Ақ ниетпен баршаға тілек айтар қонақтар,-дей келе сөз кезегін мектеп әкімшілігі мен ата-аналарға береміз.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар.Осыменен 1"Д"сыныптың «Қош бол, сүйікті әліппем» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Алтыннан қымбат уақыттарыңызды қиып,біздің қуаныштарымызға ортақ болғаныңызға алғысымыз шексіз. Сау саламатта болыңыздар!

Қош,бол сүйікті Әліппем! (сыныптан тыс шара)

© 2010-2022