Сауат ашу. Х дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу. Х дыбысы мен әрпіСауат ашу. Х дыбысы мен әрпіСауат ашу. Х дыбысы мен әрпіСауат ашу. Х дыбысы мен әрпіСауат ашу. Х дыбысы мен әрпіСауат ашу. Х дыбысы мен әрпіСауат ашу. Х дыбысы мен әрпіСауат ашу. 1- сынып

Тақырыбы: Хх әрпі мен дыбысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Х әрпі мен дыбысы туралы білім беру,сөз ішінен Х әрпін табу.Тілдік құбылыстарды талдап,олардың мәнін ажырата білу.Сауатты жазып,оқуға дамыту.

Дамытушылығы: Сауатты жазып,оқуға,буынға бөлуге,сөйлеу мәдениетін

дамыту,сауатты көркем жазу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,оқыту түсіндіру.

Көрнекілігі: Плакаттар,буын сөздер,кеспе әріптер,т.б. тірек сызбалар.

Сабақтың барысы: 1)Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім : Парта саған төсек емес жатуға

Түзу ұста,тік отыр сен партада.

Бойды түзе,көтер басты жоғары

Сымбаттылық болсын сенің бойыңда.

Балалар қазір бізге қандай сабақ?

Психологиялық дайындық:

Оқушылар: Мақсатымыз-білім алу

Міндетіміз-еңбек ету.

Еңбектену арқылы.

5-ке қолды жеткізу.

2)Өткенге тоқталу

Мұғалім: Балалар өткен сабақта біздер қандай әріппен таныстық?

Оқушы: Ю-әрпімен таныстық.

Мұғалім: Тағы қандай тапсырма бердім?

Оқушы: «Жақсы көркем» жаттау

«Жарыс» мәтінін мазмұндау.

Мұғалім: Олай болса сабақты кім айтқысы келіп отыр?

а) 1) «Жаттау» сұрау.1/2-оқушыдан.

2) «Жарыс»мәтінін сұрау.1/2-оқушыдан.

3)Сөздерді оқыту 3/4-оқушыға

Қо-ю,а-ю,а-яқ,ко-ян,мер-ген,үй-рек,көр-пе,қар-быз.

4)Кеспе әріптер оқыту,жаздыру.аю,тою.

Осы кезде аю сөзін талдап айу-а-ю деп жазылуын түсіндіру.

(айтылу,естілуі мен жазылуы)

ә) Сергіту сәті:

Оқушылар: Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Балалар біз аюға да көмектесейік,кім көмектеседі?

3)Жаңа сабақ

Хор Асхана Хамит

б) Балалар бұл сөзде бізге қайсы әріп таныс емес?

Оқушылар: Х-әрпі, Х-дыбысы.

  1. Плакат ілінеді.

Балалар біздің бүгінгі өтетін әрпіміз яғни дыбысымыз Хх-дыбысы деп келіп плакатты айтып өтем. Хх дыбысы сөздердің бірінші екінші соңғы буындарында кездеседі. Көбіне басқа тілден енген сөздерде кездеседі,қазақ тілінде көп кездесе бермейді,сирек кездеседі.

  1. Деп Цех плакатын ілінеді. Оны түсіндірем бұл сөзде қай жерде кездескенін оқушылардан сұрау.

Хат жазып отырған бала плакат іледі.Түсіндіріп хат сөзіне дыбыстық талдау жасату. Х А Т-дегенде бірінші қай әріп естіледі т.б.

Оқулықпен жұмыс.

Балалар оқулыққа назар аударайық

Мұғалім:

в) 1 Оқып беру

хат ха бар шах мат Халел

хор ха лат са я хат Хамит

хан ха дис хат та ма Тахауи

Осы сөздердің ішінде қай сөз бізге таныс емес

(оқушылардың бәріне тізбектеп оқыту)

2 . Оқып берем Кітапхана мәтіні

3 . Түсіндірем (плакат ілінеді) толықтырып айтамын

4. Сұрақ-жауап

5 . Көзбен оқыту ½ минут

6 . 2/3-оқушыларға оқытам

г). Мұғалім:

Емхана асхана Хамит

Дәріхана дәмхана Хадиша

Шеберхана ұстахана Нұрхат

Мұғалім: 7. Хана жұрнағына түбір сөздер жалғап,жаңа сөздер жалғап,жаңа сөздер жасайық. Кәне кім келеді? Мыс: асхана т.б.(плакат ілінеді).

Дәрі ас

Кітап хана ем

Ұста шебер

Дәріхана деген сөздің мағынасын ажыратайық.Дәрі-ол ауырғанда ішетін дәрі,оған хана леген қосымшаны жалғаңдар,сонда ол дәрі жасайтын,сататын орынға айналып кетті.

(деп мысал келтіріп кетемін)

ғ) Дәптермен жұмыс.

д) Сергіту сәті.

Оқушылар: 1) Орнымыздан тұрайық

Біз тынығып алайық

Орнымызда отырып

Әдемі етіп жазайық.

2) Тақтаға жазып көрсетем.

3) Үлгісін іліп койам.

4) Ауада жазамыз.

5) Жазу жұмысы өз беттерімен.

ж) Хат жазу

Балалар біздер хат жазып білеміз бе? Хат қалай басталады,қалай аяқталады?? Қане олай болса бәріміз «Айгөлек» журналына хат жазайық,(1/2 оқушыға оқыту)

Оқытып мақтау.Қалғандарын жинап алам.Бүгін почтаға апарып саламыз.т.б.

4 Сабақты қорыту

1)Сөйлем,сөздер іліп жоқ әріпті табу.

2)Сұрақ-жауап.Сөз жұмбақ.

Х

а

т

а

й

н

а

б

а

т

а


5.Оқушыларды бағалау.

6.Үйге тапсырма беру.Оқу.





© 2010-2022