Ашық сабақ Тақырыбы: «Сөйлемдегі сөздердің байланысы»

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

Тақырыбы: «Сөйлемдегі сөздердің байланысы»

Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыпты ашу арқылы

Білімділік: оқушылардың сөйлем және ашық тыныс белгілері жайындағы алған ұғымдарын тиянақтау.

Дамытушылық: дұрыс сөйлеу, сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттіліктерін дамыту.

Тәрбиелік: таза, құыпты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың байланысы: ана тілі

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілік: ребус, кесте, карточкалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасы.

  3. Жаңа сабақ.

  4. Қорыты.

І Ұйымдастыру кезеңі.

А) Психологиялық дайындық.

Балалар сәлемдесу туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер? (Сәлем сөздің анасы. Сәлем беру де парыз, сәлем алу да парыз. Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60-тағы қария иіліп сәлем береді.)

Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

201- жаттығу. Тиісті тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріп жаз. Бұлар қандай сөйлемдер? Хабарлы.

ІІІ Үй тапсырмасын бекіту. «Ойлан тап» ойыны

Ұяшықтар берілген. Оқушылар қалауы бойынша таңдайды. Әр ұяшықтың артында сұрақтар:

  1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

  2. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

  3. Лепті сөйлем дегеніміз не?

  4. Сөйлем дегеніміз не?

  5. Жұмбақ:

Өзім сөзден тұрамын

Аяқталған ойды құрамын.(сөйлем).

  1. Мәтін деген не?

ІV Жаңа сабақ. Кесте.

Тақтаға плакатты ілемін. Жаңа сабақты хабарлаймын: «Сөйлемдегі сөздердің байланысы»

Сызбаны түсіндіру:

Қайрат ағаштан қайық жасады.

Ережені айту.

Кітаппен жұмыс. 207-жаттығу. Екі бағанды оқып салыстыру.

Сызбаны ілем.

Біз, ауыл, тұр. Біз ауылда тұрамыз.

Балалар, қала, бар. Балалар қалаға барды.

Киім, кірлетпей, ки Киімді кірлетпей ки.

  • Сөйлем болу үшін сөздер қандай өзгеріске ұшырады.

Тақтамен жұмыс.

Дәптерді ашамыз бүгінгі күнді жазамыз.

Көркем жазу минуты. Мм

208-жаттығу. Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтау.

Оқушылар сыныпқа кірді.Қоңырау соғылды. Сабақ басталды.

Мұғалім тапсырманы тексерді.

Мұғалім не істеді? Мұғалім тексерді.

Нені тексерді? Тапсырманы тексерді.

Тапсырманы барлық оқушы орындап келіпті.

209-жаттығу. Ребусты шеш

Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрап, сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.Ашық сабақ Тақырыбы: «Сөйлемдегі сөздердің байланысы» 8 ТЕҢГЕ ӨРІСТЕ

Малдар өрісте жайылады.

Малдар өрістен келді.

Сергіту сәті

Қарға қарқылдайды

Сауысқан саңқылдайды

Тырна тыраулайды

Торғай шырылдайды.

Қаз қаңқылдайды

Бұлбұл сайрайды

Шағала шаңқылдайды.

Өздік жұмыс: карточкалар

210- жаттығу. Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланыспағанын дәлелдеу.

Сиыр өріс(тен) келді. Нұрбол сиыр (ды) қораға кіргізді. Апа(сы) сиыр(ды) сауды.

Су(ды) науаға құйды. Асан құдық(тан) су тартты.

V Сабақты бекіту. «Жұбын тап» ойыны.

Сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқып, тыныс белгісін табу.

Алақай, әжем келді

Сенің атын кім

Оқушылар саяхатқа шықты

Ауа райы қандай жақсы

Қар қалың жауды ма

Толқын кітап алды

Тест.

1.Сөйлемнің неше түрі бар?

А)2 Ә)1 Б)3

2. Дұрыс сөйлемді тап

А) оқиды Асхат сыныпта бесінші.

Ә) Асхат бесінші сыныпта оқиды.

Б) бесінші оқиды Асхат сыныпта

3. Лепті сөйлемнің соңынан қандай белгі қойылады?

А) нүкте Ә) сұрақ белгісі Б) леп белгісі

4. Дұрыс жазылған сөзді анықта.

А) пийаз Ә) пияз Б)пийяз

5. «К» қандай дыбыс?

А) дауысты Ә) дауыссыз қатаң Б) дауысты жуан

6. Қазақ тілінде неше әріп бар?

А) 15 Ә) 42 Б) 55

Үйге тапсырма: 211-жаттығу, ережелерді жатттау. Бағалау.

© 2010-2022