Дүниетану сабақ жоспарыҚазақстан таулары

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты: Дүниетану

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім: Жамауова.Р.

Сабақтың атауы

Қазақстан таулары. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік келелі мәселелерді кім шешеді? (экономика)№2

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік:Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығын таныту. Таудың түзілу жолдарымен таныстыру. Адамның тауды пайдалану жолдары.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз беттерімен іздене білу дағдыларын дамыту. Электронды оқулықпен жұмыс жасауға машықтандыру. Картамен жұмыс.
Тәрбиелік: Туған елінің әсем табиғатын сүйе білуге және алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивтік тақтада слайдтар. Оқушылардың кіші ғылыми жұмыстары. Қазақстанның физикалық карта.

Психологиялық ахуал

- Табиғат туралы бір - екі ауыз сөз (әр оқушы)
- Табиғаттың кереметі
- Табиғатты аялайық!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Дүниетану сабақ жоспарыҚазақстан таулары

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

Биік тау Аласа тау
Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығы.
Жер бетінің ерекше биік тұстарын тау дейді.
Аласа тауларда қар мен мұз жатпайды.
Аласа таулар Сарыарқада көп.

Дүниетану сабақ жоспарыҚазақстан тауларыДүниетану сабақ жоспарыҚазақстан таулары
ІV. Ғылыми зерттеуге сүйенсек
Қарқаралы өңірі: Қарқаралының тау сілімдері әсем табиғи ерекшелігімен әркімді қызықтырары сөзсіз.
Қарқаралы облыстың оңтүстік шығысындағы тау аты. Таудың ұзындығы - 40 шақырым. Ені 20 - 25 шақырым. Ең биік жері - 1338 метр.
Алатауда үнемі қар жатады. Қазақстанның оңтүстік шығысындағы тау жүйесі. Биіктігі - 3500 - 4000 метр. Ол шығыс және батысқа қарай төмендеп аласа таулармен жалғасады. Бұл жердің табиғаты өзгеше. Үнемі күшті жел соғады. Тау ішінде бұлақтар, сарқырамалар, мөлдір таза көлдер, ағысы жылдам өзендер кездеседі.
Ұзындығы 40км - 40000метр.
Ені 25км - 25000метр.
Биіктігі 1338метр - 133800см.

Экономика

Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын кіріктірумен түсіндіріледі.
Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесін құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлың (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердін оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дэрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлы мемлекет.
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады (14.2 сызбаны қараңыз).

Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады. Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Бюджеттік практикада «шоғырландырылған бюджет»ұғымы қолданылады. Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Шоғырландырылған бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады.


Сергіту сәті

Мен екімін балалар,
Екі деген баға бар,
Аз болған соң талабы,
Үлгіре алмай қалады.

Ой толғаныс

Таулардың пайдасы:
1. Тау - дем алуға қыдырып танығуға таптырмайтын орын
2. Таудағы жайлауда мал жайылады
3. Шипажайлар: Көкшетауда, Баянауылда, Қарқаралы тауларында
4. Тау етегінде егін егеді, жеміс бағы мен бақша өсірілді
5. Медеу спорт кешені, ондағы спорт кешені әлемге әйгілі.

Үйге тапсырма

- Таулар тақырыбы бойынша мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту.
- Таулар туралы қосымша деректер жинау.
- Таулардың суретін салу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Дүниетану сабақ жоспарыҚазақстан таулары

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022