План по казахскому языку

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні/ Дата/ Date: 12.02.2016

Сынып/Класс/Klass: 3

Пән/ Предмет/ Subject: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: Зат есім.Негізгі және туынды зат есім.

Мақсаты/ Цель занятия/ Objectives :

білімдік / образовательная/ educational: Өтілген тақырыпты бекіту. Зат есім туралы грамматикалық ұғымдарын кеңейту. Сөйлем ішіндегі зат есімді дұрыс танып, оларға сұрақ қоя білуге үйрету. Зат есім жайлы алған білімдерін кеңейту. Негізгі және туынды зат есімнің айырмашылығын білу. Негізгі зат есімнен туынды зат есім жасау жолдарын үйренудегі практикалық дағдыларын қалыптастыру, өз ойларын мысалдар арқылы дәләлдеуге үйрету.

дамытушылық/ развивающая/ developing: Оқушылардың ойын дамытып сөздік қорын молайту. Ұжымдағы шығармашылық қабілеттерін арттыру.

тәрбиелік/ воспитательная / bringing-up: Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысқа үлес қосу , сабақ үстінде өз бетінше ойлау,іздену әрекетіне баулу.

Сабақ түрі/Вид урока/Kind of lesson: Бекіту

Сабақ типі/Тип урока/ Тype of lesson : Ертегі сабағы

Сабақ әдісі/Методы урока / Lesson methods: әңгімелесу,көрнекілік,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар/ Оборудование/ Resources: презентация,тақта, жеке карточкалық жұмыстар.

1.ұйымдастыру кезеңі.

2.психологиялық сәт.

3.кіріспе.

4.негізгі бөлім.

-Кірпінің тапсырмасы;

-Қасқырдың тапсырмасы;

-Қоянның тапсырмасы;

-Түлкінің тапсырмасы;

-Аюдың тапсырмасы;

5.Қорытынды.

Сабақтың кезеңдері:


Өту барысы:

Ұйымдастыру:



Психологиялық сәт:







Кіріспе:
















Негізгі бөлім:






Кірпінің тапсырмасы:








Қасқырдың тапсырмасы:





Қоянның тапсырмасы:

Түлкінің тапсырмасы:





Аюдың тапсырмасы:







Қорытынды:







Бағалау:

Үй жұмысы:

-Сәлеметсіздер ме, балалар!? (сәлеметсіз бе), көңіл -кұйлерін қалай?(жақсы)

-Бүгін бізде кезекші кім?Сабақта кім жоқ?

-Сабаққа дайынсындар ма? (иә)

-Балалар білесіңдер ме? Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет!

-жақсы, ал енді кішкене мені тыңдай тұрындар.

Ерте , ерте, ертеде

Денисовка ауылы деген өлкеде,

№ 3-ші мектепте

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Білімді де тәртіпті,

3-ші сыныбы болыпты.

Аптаның бір күнінде

Ертегілер өлкеден

Кейіпкер ол домалақ

Келді бізге көмек сұрап...

-балалар, бұгінгі сабағымызға «Бауырсақ» келіп көмек сұрап жатыр, ол ата мен әжене барғанда орманда адасып кетті, ал орманда неше түрлі аңдар бар. Аңдар бауырсаққа тапсырмаларды ұсынды, бірақ оған көмек керек, бауырсаққа көмектесеміз бе? (иә). Жақсы!

-Тапсырмаларды бастамас бұрын, бүгінгі күнің сынып жұмысын дәптерімізге жазып қоямыз.

-Балалар, біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?
-зат есім дегеніміз не? (ережесін айту)

-негізгі және туынды зат есімдер дегеніміз не?( мысал келтіру)

-Жарайсыңдар!

-ормандағы бірінші бөгеті ол - кірпі.

-Қане кірпінің тапсырмасына назар аударайық

№ 1.Сөздерді оқы.Олар қай сөз табына жатады? Осы сөздерден бірнеше сөйлем құрастырып жаз.

Ақын,бала,адам,шаттық,жел,қуаныш,түлкі,Айгуль,алма,қауын,

кесе,сандық,Балхаш,Астана


№2 Мына схема бойынша туынды сөз жаз.

. . . -дық . . . -тық
. . . . . .

. . . . . .
. . . -лық . . . -лік
. . . . . .

. . . . . .
. . . -қыш . . . -кіш

-Жарайсындар !

-Өте жақсы!!!Сендер кірпінің тапсырмасын орындап болдындар!!!Енді бауырсақты әрі қарай жібереді!

Ендіше бауырсақтын келесі бөгеті ол-қасқыр. Қасқыр сендерге Зат есімдерді сын есімдермен байланыстырып(ауызша) деген тапсырмасын ұсынып тұр,және кітаптағы 39 бетте 4 жаттығуны орындау.

-сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

-Жақсы! Міне қасқырдын тапсырмасын да орындап болдық!!!

-Жарайсындар!!!Енді бауырсақ қасқырдан да өтті!!!

-Демек келесі бөгетіміз не? Қоян дұрыс!

-Қане барлығымыз орнымыздан тұрып сергіту сәтін өткізейік!

(сергіту сәті)

Балалар, сендер түлкіні қорқасындар ма? Ендіше түлкінің тапсырмасына қараймыз.

Негізгі зат есімдерді тап.Оларды айналдыра сыз.

Көк, дос,балық,оқулық,балапан,табақ,үй,сауыншы,көлшік,мал,сары, өнер,келді,кітап,ойнады,орын,бұтақ.

-Жарайсындар!!!

Біз жана қу түлкіден құстарды және бауырсақты құтқардық.

-Балалар ендіше бауырсақтын келесі бөгеті не?(аю)

-Аю сендерге жанағы тапқан туынды сөздерден сөйлем құрастыруға және тест тапсырмасын дайындады! Сол тест тапсырманы тез орындап шығамыз.

-Жаксы жарайсындар балалар!!!!

-Біз жаңа бауырсақты қандай аңдардан құтқардық?

(кірпі,қасқыр,қоян,түлкі,аюлардан)

-Жарайсығдар ендеше сіздер білесіңдер ғой иә?Біз тек қана қазақша сөйлемей тағы да екі тілді білу керекпіз.

-Қандай тілдер екен?

-Қане сөздікпен жұмыс жасап жіберейік.

-Балалар олардын тапсырмалары қиын болды ма? (жоқ)

-Біз қандай тапсырмаларды орындадық?

-Бауырсақ сендерге өз алғысын білдіріп жүруде және сендерге кішкентай сыйлықтар дайындады.

(сыйлықтарды таратам)

39 бет,5жаттығу





© 2010-2022