Қош келдің, Әз Наурыз!

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қош келдің Әз Наурыз»

Құрметті ата-аналар,қонақтар, балалар!

Наурыз-қазақ халқы үшін ернеуінен асып төгілген мол қуанышты көктем мерекесі.Мереке құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні

Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп тілектеріңіз қабыл болсын.

Мерекеге арналған «Қош келдің Әз Наурыз!» ертеңгілігімізді тамашалалаңыздар.

Жүргізуші: Келіңдер,наурызга бәрің бүгін Аямас бүлдіршіндер ән мен жырын

Тойлайық халық тойы наурызымды

Шуағын жерге төккен бақыт күнін

Келіңдер наурыз тойын қарсы алайық.

Билейік жыр жырлайық,ән салайық

Қаһарлы қыстан өтіп наурыз келді

Арқаңды кеңге салшы уа халайық

Қанеки қарсы алайық жылдың басын

Барайық келер жылға төрт көз түгел

Аман боп алыс жақын,кәрі жасың

Наурыз келсе құт келгені,халайық!

Есік ашып,шашу шашып

Ел боп қарсы алайық!

Хадиша әжей шашу шашады

Үнтаспадан Т.Сарыбаевтың «Наурыз» әні тыңдатылады Балалардың көрінісін тамашалау,таныстыру.

Наурыз күні адамдардың бір-біріне айтатын сөздері.

«Наурыз құтты болсын!»

«Ұлыс береке әкелсін!»

«Жыл басы наурызымыз мол болсын дәм-тұз»

«Наурызға ақ жол» деген сөздермен адамдар бір-бірімен құшақтасып амандасады.

Қыдыр ата:

Көктем келді,наурыз келді

Жер көгеріп тал түрленді

Дастарқанын жайып дархан Жақсылықпен бақыт шашқан.

Енді ортамызға үш биімізді шақырамыз: Осы үш би аталарымызға сөз берсек.

Қазыбек би:

Алтын ұяң-отан қымбат

Құт береке-атаң қымбат Аймалайтын-анаң қымбат

Мейрімді апаң қымбат

Кіндік кескен жерің қымбат

Ұят пенен ар қымбат.

Төле би: Арғымақтың құйрығы

Сатса-жібек кессе-қыл

Жақсы жігіт белгісі

Түзде-мырза,үйде-құл.

Әйтеке би:

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

Батыр болсаң,жауға найзаң тисін

Тазша бала:

Әнім де саған,биім де

Құт қонақ өзің үйімде

Қуаныш сыйлап елі ме

Күлімде наурыз, күлімде

Күн менен түн теңелді

Жер шуаққа кенелді

Тойлар соны ел енді

Көрініс: Күн мен түн ортаға шығады

Күн-Сәулесі мол күнмін!

Түн-Жұлдызы көп түнмін

Екеуі

Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін Жүргізуші:Наурыз мейрамында әр бір адам бір-бірін құшақтайды. Бұрында жаугершілікте халық осы наурыз күні бір-біріне деген өшпенділігін қойып бір-бірімен осы күні достасқан деседі.Қазақ халқының өзіне тән салт-дәстүрлері бар:мысалы «тұсау кесу», «бесікке салу», «қырқынан шығару» т.б дәстүрлері бар. Енді осы салт-дәстүрлерімізден «Баланы бесікке салу», «қырқынан шы-ғару», «тұсау кесу» салтын балаларымыз өз өнерлерін көрсетіп көрініс орындап береді. «Балаға ат қою»

Үлкен атасы балаға ат қояды

-Баламызға Наурызбек деп ат қойды

Құлағына 3-рет атын айтады

«Баланы бесікке салу» Әжелердің бірі Наурызбекті бесікке салайық әжелер дейді.

Келін бесікті алып келеді. Әже оны аластайды -Алас,алас бәле жоламасын

Кейін баланы шомылдырып,конфет,печенье алып тыштырма жасайды.Әр бір бала бесіктің астынан алады,кейін баланы бесікке бөлейді.Үстіне 7-адамның киімін жабады.

«Әже әлдиі»

Аштық өмір есігін

Ақ шуақты жамылып Тербетілсін бесігің

Мейрімге шомылып

Әлди-әлди-ай

Айналайын ақ бөпе

Көзі,қолы сүйкімді

Мазаны алмай жат бөпем

Қандырағой ұйқыңды

Әлди-әлди-ай.

Арадан 40-күн уақыт өтеді.

Енді Наурызбекті қырқынан шығару рәсімін жасаймыз.1-әже баланың басынан бастап 40-қасық су құяды

Қырқынан шығарған әже: -Әжелердің сезімін Дарқандығын баланың Аталардың төзімін

Саған берсін қарағым

Арадан 1 жыл уақыт өтті.

Енді Наурызбек 1-жасқа келді

Енді тұсау кесу рәсімін жасаймыз. Қаз-қаз балам,қаз,балам

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз баса ғой,қарағым,

Құтты болсын қадамың,

Өмірге аяқ баса бер.

Асулардан аса бер. Арасындағы жіпті қайшымен қыяды. Шашу шашады.

Келін:

Қаз-қаз-қаз,

Қаздаң бас. Бір,екі,үш

Аздан бас,

Қаз-қаз бас,

Құлама, Құласаң,жылама! Қыздардың орындауында «Қамажай» биі

Ортаға Наурыз сұлу Наурыз батырды шақырамыз.

Наурыз сұлу:

-Армысыңдар халайық, Бармысыңдар халайық,

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық.

Өшкен шырақ жағылсын,

Көктемнің әрбір ақ таңы, Құанышпен,жақсылықпен ашылсын.

Наурыз батыр:

Сәлем анам алтын күн

Нұр шуағы халқымның,

Ашық болсын аспаным,

Аман болсын жас-кәрің.

Балалар енді ортамызға ақ жаулықты ақ әжемізді шақырамыз. Жүргізуші:Армысыңдар ару ана!

Қош келдіңіз. Әже:Бар бол, наурыздарың құтты болсын! Қайда барсаң жол болсын! Асыға басып,менде сендерге әзер жеттім. Жүргізуші: Әже,наурыз күні балаларыңызға қандай сыйлық әкелдіңіз. Әже:Адал астан бұйырған

Дәм татсын деп жиылған

Бидай салдым көжеге

Мол болсын деп биыл нан

Күріш салдым көжеге

Болсын тойда палауда

Ауыздан ақ кетпесін

Келген риза, кеткен тоқ

Құтты болсын, ет жесін деп

Осы ақ дәмнен бәрің де ауыз тиіңдер,қарақтарым.

Жүргізуші: Ал қәне осындай әжелеріміздің,аналарымыздың дайындап келген ас дәмдерінен ауыз тиеміз бүлдіршіндеріміз сіздерге арнап «Дастарқан» әнін орындап береді.

Ұлттық ойындарын тамашалаңыздар.

«Қыз құу» «Күрес»

«Асық ойын»

Айтыс өнерін тамашалайық.

Менімен айтысар Құрбыларым қайсың бар

Қолдан келсе әзілдеп,

Маған сынды айтыңдар.

Айтысуға өзіңмен

Шығып тұрмын алдыңа Сыныбымның ішінде

Ұлдарға біз айтамыз

Оқу озаты болмаған Кемшілік емей немене

Біз дағы талпынамыз талаптанып,

Дұрыс қой сынағаның есіңе алып.

Озат болу талпынса болады ғой

Жүре алмаспыз сендерден қалыс қалып.

Ұлы наурыз бәріңді Татулыққа шақырған Тоқтатпасақ айтысты

Сөз қалған ба ақыннан. Жүргізуші: Қыдыр ата ортамызға келіп тұр,ақ бата сұрап алақанымызды жайып бата сұрайық (Қыдыр ата батасын береді) -Уа,құдайым оңдасын,

Еш жамандық болмасын,

Ұлыс бақытты болсын,

Әр күніміз жасылыққа толсын! Бүгінгіге өмір серік болсын,

Ұлыс оң болсын, «5»-тік баға мол болсын.

Мал-жаныңды мол қылсын,

Уайым-қайғы жоқ болсын, Әумин





© 2010-2022