Вне классный работа Әліппемен қоштасу

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Рахмет саған, Әліппе!

Мақсаты: Алған білімдерін ортаға салу, өнер, білімге баулу.

Күтілетін нәтиже: білім, білік, дағдыларын ортаға салады.

Көрнекіліктер: шарлар, қанатты сөздер,

Өтілу түрі: топтық жұмыс

Өтілу барысы:

Ерте, ерте, ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болыпты. Бұл елде ханшайым мен ханзада ұзақ өмір сүріпті. Екеуі баққа көптеген ағаштар отырғызыпты. Бірақ, бір алма ағашы тамыр жайып, өссе де, ешқандай жеміс бермепті.

Ханзада:

-Бізотырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенімен неге жайқалып өспейді.

Ханшайым:

-Иә, солай, оның себебін білу керек. Бұл сұрақтың сырын сиқыршы қыздан сұрап көрейік.

Сиқыршы қыз:

Бұл орманда бәрі ұйықтап қалған екен.

Ханзада:

Онда оларды оятайық.

Біз саған көмектесейік.

«Ертегілер әлемі» әні орындалады.

1.Армысыздар жас достар! Кәусәр

Армысыздар ата аналар!

Болашаққа жол бастар ,

Оқушы келді ортаға

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады Біздерден!

2.Армысыздар аналар! Айқын

Бармысыздар балалар!

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр әніміз.

3. Бірінші беттен елімнің Ерназар

Елтаңбасын таныдым.

Көк байрақты қазақтың

Ұрпағымын, сәнімін.

Жуытар бойға жамандық

Біз емес нашар балаңыз

Өнермен шашу шашамыз

Айшықтап сурет саламыз.

4.Біліммен табар ырыс бақ Мадина

Келешек өмір гүліміз.

Білгіңіз келсе дұрыстап

Ал, қане құлақ түріңіз.

5.Әжептәуір бойымда, Дамир

Сабақ қана бойымда

Оны ұқпас інім тек

Шақырады ойынға

Дейді: жел боп есейік, ойын отын көсейік.

Қайдан білсің ол менің

Кеткенімді есейіп

6.Жақсы білім көрімдік Марал

Болсын сізге халайық

Не үйрендік, не білдік

Кане орта,салайық.

7.Кешегі сәби баласыз, Азамат

Жарады, міне қараңыз,

Ғылым, білім жолында

Енді қайық саламыз.

8.Оқтитын әрі жазатын Нұрай

Білімге қолын созатын

Оқушы болдым сауатты

Білімнің клтін ашатын.

9.Мектепке алғаш келгенде Айдана

Білмеуші едік әріпте,

Оқимыз қазір ертек те,

Үйретті оны әліппе

10.Әліппем менің әліппем Оразәлі

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен

11.Жақсы кітап әліппе Сұлтанали

Үйретеді әріпке

Қуыршақпен қоштасып,

Әліппемен достастым

12.Қош бол құтты әліппем, Алихан

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің

13. Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті Әліппем

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

14. Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілді аламыз,

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз

15. Енді біз жаза аламыз

Әріпті қосып әріпке

Сағынып сені жүреміз

Қош бол, сүйікті Әліппем!

«Әліппе» әні хор

1-кезең Таныстыру

Мектеп қамқор анамыз

Оқып білім аламыз

Өнерпаз боп өсетін

Біз оқушы оқушы қыздармыз!

Бір белестен өттік біз

Өсті міне бойымыз,

Толды ақыл ойымыз

Болашақта ел қорғар

Біздер нағыз жігітпіз

2-кезең «Санамақ» амалдарды орындау

«Қара жорға биі»

3-кезең

Жұмбақ шешу

Жаңылтпашты қайталау

4-кезең


© 2010-2022