Есеп. Қосу және азайту

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Есеп. Қосу және азайту.Есеп. Қосу және азайту.Есеп. Қосу және азайту.Есеп. Қосу және азайту.1 сынып Математика Сабақ № Күні:
Сабақтың тақырыбы: Есеп. Қосу және азайту. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әртүрлі объектілерді пайдалану арқылы қосындыны табуға арналған есеп жайлы оқушылардың білімдерін жетілдіру. Қосындыны табуға арналған есепті талдау және шығару жолдары жайлы оқушылардың білімдерін тиянақтау. Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыра отырып, есептеу, логикалық ойлау әрекеттерін дамыту. Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым- қатынасқа тәрбиелеу. Білімділікке баулу. Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс. Көрнекілік: Қосу кестесі. Тақырыпқа байланысты суреттер. Жоспар: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Өткенді қайталау ІІІ. Жаңа сабақ. ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Ү. Қорытындылау, бағалау. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу. ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау. Оқушылардың игерген білімдерін пысықтау кезеңі..

Сұрақ:

Есептің құрамды бөліктерін кім атайды?

Шарты деген не?

Сұрақ не үшін беріледі?

Шешуін табу үшін қандай амалдар пайдаланамыз?
Жаңа сабақ. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Мұғалімнің түсіндірмесі. Көрнекілікпен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықта берілген есептерді оқу. Оның есеп екендігіне көз жеткізу.

Көк - 5 ой. машина

Қызыл - 2 ой.машина

Барлығы - ? машина

5+2=7 (ой.маш.) - барлығы

Жауабы: барлығы 7 ойыншық машина бар Салыстыру:

Түске дейін - 6 қорап

Түстен кейін - 2 қорап

Барлығы - ? қорап

6+2=8 (қор.) - барлығы

Жауабы: барлығы 8 қорап жасады

Ұқсастығы неде? Ұқсастығы - екеуі де қосу амалымен шығарылады.

Айырмашылығы - қарастыру объектілерінде(ойыншық, машина). Іс-әрекетінде(сатып алды, жасады).

«Барлығы» деген сұраққа жауап беру үшін үнемі қосу амалын қолданамыз

2. Кесінді сызу. Балдырған сенің кесіндіңнен 1 см қысқа кесінді сызды. Сенің кесіндің неше см болуы керек?

Яғни, сенің кесіндің Балдырғанның кесіндісінен 1 см ұзын болуы керек.

2+1=3 (см)

3 см

3.

6 > 5 6 > 4 6 > 3 6 > 2 6 > 1 6 > 0

4 > 3 4 >2 4 > 1 4 > 0

5 > 4 5 > 3 5 > 2 5 > 1 5 > 0

4. Тиісті сандарды қой. Шығар:

9-7=2 2+7=9 9-2=7 7+2=9

10-2=8 8+2=10 10-8=2 2-+8=10

Есеп. Қосу және азайту.Логикалық тапсырма. Ойлан, тап.

Айырманың мәнін тауып жаз:

8 - 3

а) 4

ә) 6

б) 5

Рефлексия

Бүгінгі сабақта мен ... үйрендім.

Маған қызықты... болды.

Маған қиын болды.

Мен түсіндім.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.


© 2010-2022