Эссе на тему: Көшбасшы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:













Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы

(шығарма)















Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Мыңжанова А.Қ.











































Бала күнімізде кімді үлгі тұтасың десе, бірден ұстазымыздын аттарын атаушы едік. Шын мәнінде осы ұстаным өмірде өз жолымызды табуға көп септігін тигізді. Сынып болып , жанарынан мейірім төгіліп тұратын аяулы ұстазымыздың әр қылығын іштей бақылап, жүріс-тұрысын мұқият көз алмай қарап, сүйкімді жүзіне қараумен отырушы едік.Осындай ұстаздарымызды мақтан тұтатынбыз. Кейбір күндері көшенің балалары жинала қалып, мұғалім, енді біріміз оқушы болып, асыр салып ойнаушы едік.Мұғалім ол ең биік тұлға, ең ардақты жан. Көгілдір көк аспанда тұрып жер планетасына жарық сыйлаушы. Осындай қасиеттері өне бойына дарыған жан, ол кез-келген адамның шынайы көшбасшысына айналады. Осы ұстаздарымыздың бойындағы адами қасиеттеріне қарап өскен мен , мектеп бітірмей -ақ өзімді болашақта мұғалім ретінде көретінмін. Ұстазымның өмірлік сабақтарын жадыма тоқумен өстім. Әр баланың досы болуға, осы ұстаздарым сияқты әр бір баланың екінші анасы болуға дайындалдым.Ол дайындық , әрине ұстаз салған сара жолдың бағыты еді. Өмір өтеді, адамның бала күнгі армандарына жету үшін өмірлік көшбашының рөлі зор екендігіне ешбір шүбә келтіру мүмкін емес. Осылай ұстаздық өмірде басталды. Қазіргі таңда менде әрбір баланың анасы, досы ретінде өмірге деген қанаттарын қатайту үстіндемін. Кезінде ұстазымыз кез келген адам көшбасшы бола алады, ертең есейген соң сендер де көшбасшы болуларың мүмкін деуші еді. Сол кезде осы бір саналы сөздерді мағынасына терең үңілуші едім. Осы бағыт мені ұстаздық жолға түсірді.Шын көшбасшы ең әуелі өзін-өзі сыйлауы керек, өзін сыйласа өзгелерді де сыйлай алады. Өзіндік пікірі болуы керек, және сол пікірін тыңдармандарыны жеткізе алуы қажет. Әрекеті шыншыл болу керек. Түр-тұлғасы былай тұрсын сөзі мен ісіне жауапты болуы тиіс. Міне осындай қасиеттердің иесі нағыз көшбасшы болуға лайық. Ал мен осы қасиеттерді өз ұстазымның бойынан көрдім. Сондықтан да ол кісінің бүкіл болмысы, жандүниесі маған үлгі, өнеге. Өмір деген неткен қызық, неткен ғажап!!! Осы бір түсінікке жеткізіуші, шабыттандырушы, жетелеуші тағы бір көшбасшыларым өз анам мен әкем. Мен осы кісілерге қарап отырып, өмірдің ғажап сәттерін сезінудемін. Әке асқар тау, ана аққан бұлақ, бала яғни, біздер жағасындағы құрақ дегендей, әр баланың өмірге деген қанаттарын қатайтып, осы өмірдегі өз орындарын табуға көмек көрсетуші тау тұлғалар олар ата-анаң. Мен әкемнің ешқашанда өмірдегі кездесетін қиындықтарға мойымай қарсы тұра алатын қасиеттерін, үлкенді сыйлауға деген, өзінен кішілерге қамқор болуды,айналасындағы қоршаған ортаға деген сыйлы қарым-қатынасын көзбен көріп, жүрекпен сезініп өстім. Қазіргі таңда осындай қасиеттерді бойыма бала кезден сіңіріп өскен мен, кейбір жайттарды жеңіл шешім арқылы орындап отыратынымды байқадым. Бұл арине, әкемнің көшбасшылық қасиеттеріне қарап өскендіктін белгісі. Анам ең бірінші өмірлік көшбасшым. Ана неткен керемет жан. Түн ұйқысын төрт бөлген ананың бойында көшбасшылық қасиет тұнып тұрғанын әр бір бала сезінеді, үйренеді,өседі. Қандай қиыншылық болсын, жетіспеушілік болсын, анам еш бір қиын сәттерді сезіндірмей өсірді. Кейбір кездері өз-өзінен құдайға әр бір баласының, жер бетіндегі әр бір пенденің аманшылығын, саулығын жалбырына отырып тілейтін сәттерін жие көруші едім. Неткен махаббат, мейірім.Осындай қасиеттерді бойға жиған әр бір пенденің жүрегінде тек қана мейірім шапағаты төгіледі. Өмірдегі нағыз көшбасшы ол мен үшін - ана, әке, ұстаздар!Сондықтан мен асқар таудай әкемді, аяулы анамды, мейірімді ұстазымды үлгі тұтып , өз өмірімнің көшбасшысы деп білемін.



© 2010-2022