"Математика сабағы + 1+1;-1-1 түріндегі қосу мен азайту"

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 1 «а»

Пән: математика

Сабақтың тақырыбы: + 1+1;-1-1 түріндегі қосу мен азайту

абақтың мақсаты: Сандар қатарының негізінде бөліктер бойынша қосу,азайту тәсілдерін меңгерту.Тірек білімдерін бекіту

шапшандық дағдыларын арттыру. Мысалдарды математикалық тілде оқуларын қалыптастыру. Есте сақтау.логикалық ойлау қабілеттерін, сабаққа қатысу қалыптастыру.

Тапқырлыққа , бірін-бірі сыйлауға, пәнге дешген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Кезеңдері

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі


Ауызша есептеу


Жаңа сабақ


Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті

<<Балық аулау>>ойыны

Оқулықпен және дәптермен жұмыс

Логикалық тапсырмалар

Қортынды

-Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Мен сендерді теңізге сахатқа шығуға шақырамын.нағыз теңізші болғыларың келе ме?(Мұғалім балаларға теңізші жағасын таратады) Ал қазір сабаққа дайындықтарынды тексерейін. (Қыздар дайынсыңдарма? Ұлдар дайынсыңдарма?)

Біз таңғажайып аралға жүземіз, ол аралдың қожайыны-математика ғылымы.өйткені біздің білімімізді сол ғана бағалай алады.

Кемені жүзу үшін,

Ұшақпен ұшу үшін,

Көп білу керек.

Көп нәрсе қолдан келу керек

Балалар , біздің саяхатымыз қызық әрі қауіпсіз болу үшін барлық білімімізді ортаға салу керек,өйткені қиындықтар кездесуі мүмкін

Ең тез тапқыш және өте ұқыпты оқушыға медаль таратылады. Сабақ соңында қорытынды шығарамыз

-Балалар саяхатқа дайынбызба? Саяхатқа аттанамыз, дұрыстап ыңғайланып отырайық(Музыка естіледі, экранда кеме пайда болады)


  • Міне біздің кеме

  • Кемемен жолға аттану үшін тапсырманы орындау керек.

Тікелей есептеу.(партада сандар жазыл5ан карточка 1 ден 10ға дейінгі сандарды ретімен қояды)

-Ал, осы сандар туралы не білесіңдер?

- Сандар қандай ретпен тұр? Өсу ретімен

-Сандар көршісін атандар?

-4,,,,,8,,,,,2,,,,?

-Алдыңғы сандарды ата ?

Жарайсыңдар ,біздің кеме жүзіп барады

Экранда кеме ,таңіз, бөтелке көрінеді

-Ой балалар бөтелкені қараңдар?Ол мұнда қалай пайда болды?

Негізінде бөтеленмен хабар жіберген. Көрейік,не бар екен?

(мұғалім пластмасса бөтелкені көрсетеді. Бөтелкеден картаны алады)

-Балалар мұнда карта. Егер тапсырмаларды дұрыс орындасақ, әрі қарай қайда жүретінімізді білеміз

Экранда карта пайда болды

Онда +1+1 -1-1 түріндегі қосу мен азайту

  • Бұл біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы

  • Қосудың компоненттерін атандар

  • Азайтудың компоненттерін атаңдар?

  • 1 тапсырма

  • 1+,,,=2 7-,,,,=6 4+,,,,=6 3+,,,=4

  • Карта өте ескі ң бөтелкеге су кірген , кейбір сандар мен таңба өшіріліп қалған . оны қалпына келтірейік

№2 тапсырманы орындату. Таңбаларды қою

9,,,,1=8 8,,,1=9 2,,,,1=3 9,,,1=10 8,,,1=7 3,,,1=2

Жарайсыңдар бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар.

(Компьютерде музыкасымен бірге ойналады)

Ары қарай жүргіземіз .

Экранда балықшалар, қайықтар

-Өй,бұл кімдер? Балықшалар. Олар балық аулап отыр.

Біз де балық аулай аламыз ба?

Біз де балық аулай аламыз.

-Балықтың түрлерін білесіндер?

-Балықтын қандай пайдасы бар?

-Менде балықтар бар. Кім балық аулағысы келеді? (Оқушылар мысалдар жазылған балықтарды алып, жауап береді)

Дәптердегі тапсырмаларды орындау.

№3 тапсырма 7-1-1=5 5+1+1=7 3+1+1=5 5-1-1=3 6-1-1=4 4+1+1=6

-Жарайсыңдар?

Әрі қарай қараймыз

-Бұл аралдын иесі қайда екен?

Математика аралының патшасы кіреді.

Мен сендерді манадан бері бақылап отырдым.

-Сендер тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.Жарайсындар!

-Сендерге арналған тағыда тапсырмам бар.

-Бұл тапсырма нағыз тапқырларға арналған.

-Мұқият тыңдаңдар.

1.Он асықтың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы,сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

-Сендерге саяхат ұнады ма?

-Математика ғылымы қызық ғылым ба?

-Ал,біздер қадап демалуымызға болады.Тамақтануымыз керек.

-Сабақ аяқталды.

Балаларға медальдар таратылады.

Сабақтын тақырыбы: М дыбысы мен әрпі

Мақсаты:М дыбысы мен әрпін таныту. Сөзге дыбыстық талдау жасау. М әрпі бар сөздерді оқи білуге,буынға бөліп оқуға жаттықтыру.

Дамытушылық:Өтілген дыбыстарды қайталау арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қаблеттерін, танымдық іс-әрекеттерін,шығармашылығын,сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, оқуға тәрбиелеу.

Сабақтын әдісі:Ой қозғау арқылы дамыта оқыту.

Сабақтын көрнекілігі:Суреттер сызбалар,сөзжұмбақ,шығармашылық жұмыс.

Сабақтын барысы:

Кезеңдері

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі:

Жылулық шеңбері

Үй тапсырмасын тексеру

Өткенге шолу:


Ойын:Кім шапшаң?


Жаңа сабақ:Ойқозғау;

Жұмбақ шешіп көрелік

Оқулықпен жұмыс:

Сергіту сәті:


Дәптермен жұмыс:


Шығармашылық жұмыс:

Ұйқасын тап

Сабақты қортындылау:


Үй тапсырмасы:

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.


Қане,шеңбер бойына тұрып,бүгінгі күнмен сәлемдесейік. Алақанды ашайық, Күннің нұрын алайық Жүрекке жылу салайық. Жиналған жылы шуақты Бір-бірімізге шашайық.

-Сурет бойынша әңгімелесу

-Мақта-бағалы өсімдік. Ол жылылықты,күн көзін ,құнарлы топырақты және ылғалды қатты ұнататын өсімдік. Ол суармалы жерлерде өседі.

-Ойын;<<Сөз ойла,тез ойла>>

ойны арқылы <<м>>дыбысынан басталатын сөзер айтқызу.

-Сөздерді тізбектеп оқыту

-Моншақ сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Ойыны сәйкестендір

Буыннан сөз құрау

А па

Та ла

Ал на

Да ға

Ай ра

Ой ша

Қа ма

Марат та өлең жаттады, Манас та өлең жаттады. Қай әріптен басталған. Екеуінің аттары?(м)

Ал енді балалар, түйе өркешіне қарайық. Ұқсайды оған қандай әріп?(м)

-оқулық бетіндегі сөздерді оқушыларға буынға бөліп оқытып,әр сөзге түсінік беру.

-Оқушыларға дауыстап, іштей оқыту.

Пеш үстінде мысық отыр,

Аяздап көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі онын қышып отыр.

Мысық-таза хайуан.Олар мұқият жуынады. Мысық тарғыл жолбарыс пен аң патшасы арыстанға өте ұқсас. Мысық тышқанның інін тапжылмай андып отырады.

-М м әрпі бар сқздерді байланыстырып жазуға үйрету

-<<Жоғалған әріптер>>жазу

Дәптерімізді ашайық

Әдемі етіп жазайық

-Қаламсапты дұрыс ұстап,жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп жазу.

Іші толған шәрбат,

Дәмі қандай әйбат.

Үзесің бірден жүзін,

Оның аты...(жүзім)

М дыбысы

-Дауыссыз дыбыс

-Ерін дауыссыз

-Үнді дауыссыз дыбыс

-Мұрын жолды дауыссызы

-Сөздін басында, ортасында және соңында кездеседі.

М дыбысы мен әрпін оқу





© 2010-2022