Тақырыбы: Ыбырай. Әбдіраштың Жарасқаны. 2 класс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ыбырай.Әбдіраштың Жарасқаны. 2 классТақырыбы: Ыбырай.Әбдіраштың Жарасқаны. 2 классТақырыбы: Ыбырай.Әбдіраштың Жарасқаны. 2 классТақырыбы: Ыбырай.Әбдіраштың Жарасқаны. 2 классТақырыбы: Ыбырай.Әбдіраштың Жарасқаны. 2 класс

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Ыбырай Әбдіраштың Жарасқаны

Өткізген: Садуакасова Б.Е.

Садуакасова Базаркул Ертасовна

Бастауыш класс мұғалімі

№39 қазақ орта мектебі

Тақырыбы: Ыбырай.Әбдіраштың Жарасқаны.

Мақсаты: оқушыларды өлеңдегі негізгі ойды аңғарып,түсініп,мәнерлеп оқуға үйрету. Міндеттері: Білімділік: оқушылардың өздеріне тұжырымдар жасатып,өз ойларын дәлелдеуге төселдіру. Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін,білімін,сөздік қорын,сөйлеу тілін жетілдіру. Тәрбиелік: қазақ даласына білім әкелген,жас ұрпақты өнерге,оқуға шақырған Ы.Алтынсарин есімін мақтан ету сезімін оқушы санасына ұялату.

Типі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,ойындар,көрнекілік. Құрал-жабдықтары: жекелеген заттардың суреттері.

Сабақтың барысы

l.Ұйымдастыру.Бағдарлау-мотивациялық кезең. а) оқушыларды сабаққа әзірлігін қадағалау. ә) психологиялық дайындық.

ll.Үй тапсырмасын сұрау. Көктемнің кереметі. Оқушылардан қысқаша мазмұнын айтқызу.

ll.Ой қозғау. 1.Алғашқы ұстаз болған.«Кел,балалар,оқылық»,-деп ұран тастаған ақынды есімізге түсірейікші.Ол қандай ақын еді?-Ыбырай Алтынсарин.Дұрыс айтасыңдар.Бүгін біздер Әбдіраштың Жарасқаны жазған «Ыбырай» атты өлеңімен танысамыз.

Авторға тоқталу. Әбдіраштың Жарасқаны 1948жылы 7наурызда Қызылорда облысы,Арал ауданы,Аманөткел ауылында туған.

lV.Операционалдық-орындаушылық кезең. 1.Өлеңді мәнерлеп оқу. 2.Қысқаша мазмұнын оқу. 3.Оқушылардың оқуы. 4.«Ұлы болып кетсек те,ұлы ұстазға шәкіртпіз» мағынасын ашу.

2.Дәптермен жұмыс.210-жаттығу (ауызша) №2 жазба дәптермен жұмыс.

Сергіту жаттығуы «Кім? Не? Қайда тұрады?» ойыны. Ортаға екі оқушы шығады. Бірінші оқушы не? сұрағына жауап беретін суреттерді жинайды. Екінші оқушы кім? сұрағына жауап беретін суреттерді жинайды. Тапқан суреттерінен сюжетті сурет құрастырады.Мысалы: Күн аспанда.

V.Рефлексиялық-бағалау кезеңі. Қимақағазбен жұмыс. -Балалар,қимақағаз таратып беремін,сол тапсырмаға дұрыс жауап беруге тырысайық. Берілген сөздерді кімдер? сұрағына жауап беретін сөздерге айналдыр. Іні,дос,жазушы,зергер,шопан.

Vl.Қорытынды. Сонымен Ы.Алтынсарин кім екен? -Ақын,жазушы,ұстаз. Ой шашырату.

ана

Ұстаздос қамқоршы

білім сыйлаушы сыйлы

Олай болса,ұстаздың берген білімін,көрсеткен тәлімін санамызға сіңіріп,тапсырмаларын бұлжытпай орындайтын болайық.

© 2010-2022