2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы : «Менiң Қазақстаным - менiң болашағым»

Ұйымдастыру кезеңi : сәлемдесу; әнұран, 5 топқа бөлу.

Сабақтын мақсаты : «Менiң Қазақстаным - менiң болашағым» атты тәрбие сағатында

оқушыларды туған жерiн, елiн, Отанын сүйуге, қазақ елiнiн рәміз-

дерiн қастерлеуге тәрбиелеу, болашақта өз бiлiмi , еңбегi арқылы

Қазақстанға үлесiн қоса алатынын сезiндiру.

Мiндеттерi : 1. оқушылар елi, туған жерi жайлы көп бiлiм алуға , Отан, туған

жер туралы мақал- мәтел, тақпақ,өлең бiлуге мiндеттi;

2. оқушылар өз елiнiң әнұраны мен рәмiздерiн жатқа бiлетiн,

патриот болуы тиыс;

3. жақсы оқуына, тәрбиелi болуына тырысу мiндеттi.

Көрнекiлiктерi : Қазақстан картасы, көгершiн суреттерi , мақал- мәтелдер, қанатты

сөздер.

Барысы : 1-шi тапсырма: Қазақстан елтаңбасындағы,жалауындағы суреттердiн ма-

ғынасын түсiндiру(1топ-көк түс, 2топ-жұлдыз, 3топ-тұлпар

4топ-бүркiт, 5топ-шаңырақ).

2-шi тапсырма: Ел ортасы Астана және туған қаламыз Ақсудын әйгiлi,

белгiлi жерлерiн айтып беру.

3-шi тапсырма: Қазақстанға, әлемге танымалы адамдардың атын бiлу.

4-шi тапсырма: Қазақстанның 5 iрi қалалардың атын бiлу.

5-шi тапсырма: Адамның 5 жақсы қасиеттерiн айтып беру.

Сабақтын қортындысы:

-Неге бүгiнгi сабақ «5 белгiсiмен» өттi?( 5 топ, әр топта 5 бала, 5 тапсырма, әр тапсырмаға 5 жауап, 5 шi сыныпқа көшу, сыныпта 5 ұл балалар бар)

Мәнерлеп оқу кезеңi : 1. Отан, туған жер, ел, бiлiм туралы мақал-мәтел айтып беру.

2. Тақтадағы қанатты сөздердi мәнерлеп оқу.

Ой- пiкiр «Егерде мен болашақта…».Балалар күн шуақтын артында «Болашақта кiм

болғым келедi, туған жерiм, Қазақстаным қандай

болғанын армандаймын?» деген сұраққа жауап

беріп, тақтаға iлiп қояды

Тәрбие сағаты №2

Тақырыбы: сыныптын автопортретiн құрастырамыз»

(Өзіміз және біз туралы)

Мақсаты: сынып оқушыларымен жақынырақ танысу; қарым-қатынасты

жақсарту; психологиялық байланысын ұлғайту; тазалыққа

көзқарасын қалыптастыру

Көрнекiлiктер: түрлi-түстi шарлар, гүлдер, балалардын суреттерi, ватман

кағазында cынып символы «Көңiлдi бала».

Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. Әнұранды орындау.

Барысы: I. Кіріспе сөз. Мұғалім оқушылардың өздері туралы қандай мәлімет

білгілері келетінін сұрайды.

II. Оқушылардың сұрақтары.

III. «Автопортрет» деген сөздін мағынасын талқылау.

IV. «5 «б» сыныптың автопортретін » салу үшін қандай мәлімет қажет?

( Оқушылар сұрақтарды жинақтайды)

  1. Қандай сынып?

  2. Бiздiң жасымыз

  3. Бiздiң салмағымыз

  4. Бiздiң бойымыз

  5. Қанша көз бар? Қандай?

  6. Қанша мұрын, ауыз, қулақ бар?

  7. Қанша туған аға,сiңлi, қарындастарымыз бар?

  8. Қандай үй жануарларымыз бар?

  9. Қандай iспен айналысамыз?

  10. Қанша ұл мен қыз бар?

11. Сыртқы бейнеміз қандай?( шашымыздың көркем жиналуы, формамыз)

V. Сұрақтарды талқылау кезеңі.

VI. Ватман қағазында сынып жайында жалпы мәлімет жазылады. Автопортрет

салынады.

Қорытыды кезеңi: Балалар өз аты жөнiн суреттің астына жазып қояды.

Үй тапсырмасы: Сыныптың атын, әнұранын, девизін шығарма ретінде

ойластырып әкелу.


Тәрбие сағаты №3

Тақырыбы: Ұлы Отан соғысының қаһарманы Қасым Қайсеновпен танысу.

Мақсаты: Аға ұрпақтың өткен жолдарын, еңбектері мен ерліктерін қадірлеп-қастерлеу;

партизан-жазушы Қасым Қайсеновтын тағдырымен таныстыру.

Қолданылған көрнекіліктер: Қ. Қайсеновтың портреті, оның ата-анасы Қайса мен

Бижамалдың, жазушының Бауыржан Момышұлының бейті басындағы,

Президент Н.Ә.Назарбаевтың резиденциясында түскен фотосуреттері; шағын

көрме «Қайсеновтың кітаптары».

Барысы: Мұғалім Қ.Қайсенов туралы Ә.Кекілбаев пен М.Шахановтың сөздеріне

балалардың назарын аударады:

«Қасым Қайсенов - ерліктің ерен тұлғасы» (Ә.Кекілбаев)

«Ұлтымның дара батыры әрі рухани сүйеніші - Қасым аға. Қасым аға, бас аға! Құдай оны рух пен күш қоспасынан жасаған». (М.Шаханов)

1-ші оқушы: Ұлы Отан соғысы туралы қысқаша мәлімет.

2-ші оқушы: Қазақстан еліміздің Ұлы Отан соғысының қаһармандары туралы сөз.

3-ші мен 4-ші оқушылар М. Мақатаевтің соғысқа арнаған шығармаларын мәнерлеп айтады.

Мұғалім: Көрнекіліктерге назар аудара отырып, Қ. Қайсенов туралы әңгімелейді. Қалайша соғыс қаһарманы қаруды қаламға айырбастырғаны; шығармалардың басты тақырыбы; кейіпкерлердің көбі - қарулас серіктері болғаны жәйінде әңгімені жалғастырады.

Қысқаша мазмұндама. «Жас партизандар»,«Жау тылындағы бала»,«Илько Витряк»,

«Переяслав партизандары».

Мұғалім : - Бұл кітаптар оқырмандардың, орыс, украин тілдеріне аударылып, ыстық ықыласына бөлінді.

Қорытыды кезеңі: Венн диаграммасын толтыру

2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым



№ 4 тәрбие сағаты

Тақырыбы: « Фариза Оңғарсынованы білеміз бе?»

Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. Әнұранды орындау.

Мақсаты: Оқушыларды Фариза Оңғарсынованың шығармашылық жолымен таныстыру,

ақынның туған жер, ел-жұртына деген сүiспеншiлiгiн оқушылардын бойына

сiңiру, оқушылардың ой- өрiсiн дамыту, талғампаздыққа, әсемдiкке, поэзияны,

ақынның жан дүниесiн түсiне бiлуге баулу.

Қолданылған көрнекiлiктер: Ф. Оңғарсынованың портретi, ақынның сөздерi жазылған

плакаттар.

Кiрiспе сөз.

-Қурметтi оқушылар, бүгiн бiз қазақтың тамаша лирик ақыны Фариза Оңғарсынованын

шығармашылығына, өмiр жолдарына арналған тәрбие сағатын өткiзiп отырмыз. Бұл

ақынның биыл 70 жасқа толуы мерей жасы. Фаризаның көптеген өлеңдерiне компози-

торлар музыка жазып, өлеңдерi әнге айналып отыр.

- «Отты ақын», «сырлы ақын» Мұқағали Мақатаев нағыз досты көп iздеп, ақыры оны

Фариза Оңғарсыновадан ғана тауып, оған арнап «Фаризажан» деген әнiн жазады.

1-шi оқушы орындайды.

2-шi оқушы Фариза Оңғарсынованың өмiр жолы жәйiнда баяндайды.

05.12.1939 ж.- Атырау обл., Махамбет ауд., Манаш а. дүниеге келдi.

1961ж.- Атырау пединститутын бiтiрдi.

1961-1966ж.- орта мектепте муғалiмi, оқу iсiнiн меңгерушiсi, директоры болып iстедi.

1966-1970ж.- Гурьев обл. «Коммунистiк еңбек» газетiндегi әдеби қызметкер, «Ленин-

шiл жаз» газетiнiң меншiктi тiлшiсi.

1970-1978ж.- республ. «Қазақстан пионерi» газетiнiң бас редакторы.

1978-2000ж.- республ. «Пионер» журналының бас редакторы.

2000-2004ж.- ҚР мәжiлiсiнiң депутаты.

3-шi оқушы Ф. Оңғарсынованың марапаттарымен таныстырды.

1984ж.- Қазақстан Жоғары Кеңесiнiң «Құрмет белгici» грамотасы.

2001ж.- Парасат ордендерi мен медальдерi.

4-шi оғушы шыгармаларымен таныстырады.

1966ж.- «Манғыстау маржандары», өлендер.

1969ж.- «Мазасыз шақ», өлеңдер.

1972ж.- «Асау толқын», өлеңдер, сонымен қатар көптеген кiтаптар шығарған.

Оқушылар Ф.Оңғ,арсынованың сүйiп таңдаған өлеңдерiн орындайды.

Қорытындысы: Фариза Оңғарсынованың 70 жасқа толуына арналған альбом жасауына

ұсыныс.

Тәрбие сағаты №5

Тақырыбы: «Карты бардың-қазынасы бар»

«Ұстаз-ұлағатты жан».

Мақсаты: оқушыларды үлкенді сыйлау, ұстазды, қарияларды құрметтеуге,

қайырылымдыққа тәрбиелеу; ұстаздықтын маңыздығын түсіндіру.

Қолданылған көрнекіліктер: қанатты сөздер ( «Қарияларды ардақтап, етсең құрмет,

қартайғанда сені де етер ізет», «Ұстаз-ұлағатты жан»)

Гүлбадам-әжейді төрге қошеметпен шақырып, сәлемдесу.

1-ші оқушы: Баланың рухани өсуіне ұстаздың, ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдыменбаланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Мектепте, көшеде, журген ортада үйренген қолайсыз сөздерге тыйым қояды. Бұның бәрі - тәрбие.

2-ші оқушы: Олай болса, біздің құрметті әжеміз, ардагер ұстаз, Давлятчина Светлан Васильевна бізде қонақта. Хош келіпсіз!

Немересі: Мейрімді көзіңді,

Қамқоршы сөзіңді

Кемеңгерім көреген

Өмірге азық өнеген

Аяулы едің не деген

Асыл әже! -дей келе, қонаққа арнап, «Асыл әжем» әнін 3 оқушы орындайды.

Гүлбадам-әжеймен сұхбаттасу.Өмір жолымен танысу ретіндегі оқушылардың сұрақтары:

  • Қанша жыл ұстаз еттіңіз?

  • Неше немереңіз бар? Отбасыңызда немерелеріңізге қандай тәрбие бергіңіз келеді?

  • Ұстаз болып еңбек еткен кездегі бір қызықты, есте қалған уақиғаны айтып берсеңіз.

  • Немереңіздің ұнамай қалған немесе көңіліңізге келетін қылықтары бар ма?

  • 20-25 жыл бұрын оқушыларыңызбен бізді салыстыра отырып, не айтқыңыз келеді?

Қонаққа арналған би орындалады

1-ші оқушы: Асқар тауым,ақылгөйім, ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса, құлама.

Ер жетсемде еркелігім қадмайды;

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана.

Сынып жетекшісінің ұсынысы: - Қарттар жөнінде қандай тыйым сөздер білесіңдер?

  • Үлкеннің алдын кеспе

  • Үнемі сәлем бер.

  • Үлкенге қарсы шықпа.

  • Үлкеннің батасын қабыл ал.

  • Қарияларды ренжітпе. Т.б.

Сынып жетекшісі: - Балалар, біз ата-әжелеріміздің алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек қана жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Бұл қасиеттер ешқандай да ақшаға сатып ала алмайтын байлық. Ол тек адам жүрегінде орын алатын қасиет.

Оқушылар қосылып орындайтын бір шумақ ән

Әлдилеп, аялап,

Өсірген жемісін.

Самамл жел саябақ

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей,

Көзіңнен танимын.

Қорытынды кезеңі:

Сынып жетекшісі: Қарттарымызды ардақтап өтейік. Оларды сыйлап, қадірлеңдер! Алдағы өмірлеріңде жүректерің кең, адал, мейрімді, қайырымды азамат болып өсіңдер! Қарттардың алдында әрқашанда бас иіп тұрыңдар! Бүгінгі сабағымызға келіп отырған қонағымыздан Ақ бата алып, сыйлығымызды беріп, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Светлана апайдың балаларға арнаған тілегі.

Оқушылар қонаққа гүл, сыйлық, құттықтау открыткасын бере отырып, коштасып, шығарып салады.

Тәрбие сағаты № 6

Тақырыбы: «Адамгершілік құндылықтар»

Мақсаты: Рухани байлықты, мейрімділік, қайырымдылық, адамгершіліе, адам

баласына тән жақсы қасиеттерді оқушылардың бойына қалыптастыру;

шапшаң ойлауға, өз пікірін саналы, шебер ортаға сала білуге мүмкіндік

беру; тіл байлықтарын дамыту.

Қолданылатын қажет нәрселер: оқушылардың суреттері, таратпалы үзінділер, гүл шоғы, нақыл сөздер, торға қамалған көгершіннің суреті.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар бір-бірімен сәлемдесіп, әр түрлі көңіл-күй көрсетілген суретке қарап, өздеріне лайық деген суретке көңіл бөлді.

2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым


Оқушылар торға қамалған көгершінді ( мейрімсіз жандар қамап қойған) қалай босату әрекеттерін ойластырады.

Мұғалім: Қазақ халқының қонақжай болып келетінін айта тұрып, оқушылармен үйде қонақты қандай көңіл-күймен қарсалатын туралы әңгіме жүргізді.

Қонаққа орыс тілі пәнінің мұғалімі келеді.

Оқушылар жағымсыз әдеттерді айтады. Қонақ көгершінді босата бастайды.

Нақыл сөздерді оқытып, ой қозғау.

Сергіту сәті. Адамгершілік жайында шағын шығарма жазып, шығармаларын оқыту.

( орыс және қазақ тілінде )

Сөзжұмбақты шешу. ( «адамгершілік» )

Қонақ орыс тілінде адамгершілік құндылықтарын қаза тіліне аударғанын ұсынады:

Милосердие, человечность, доброта, заботливость, уважение, вежливость.

«Тілек айту». Оқушылар бір-біріне таратпалы үзінділерді сыйлап, тілек айтады.

Гүл шоғын қонаққа сыйлап, оған да қазақ және орыс тілінде тілек айтады.

Қонақ көгершінді босатады.

Қорытынды кезеңі.

2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым

2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым

2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым

2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым

2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым

2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым

Тәрбие сағаты № 7

Тақырыбы: «Еліміздің рәміздерін қастерле»

Мақсаты: Оқушыларды өз халқын, Отанын, туған жерін сүюге, патриотизмге тәрбиелеу;

ҚР рәміздерінің авторларын білу, рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу;

оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге үйрету., аузекі сөйлеу

дағдырларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын көрнекіліктер: ҚР рәміздері; сөзжұмбақ, тәуелсіздік туралы қанатты сөздер, сигналдық белгілер.

Барысы: Мұғалім оқушылармен өткізілген сауалнаманың жауаптарын қорытындайды.

Топпен жұмыс - Сөзжұмбақ ( «Тәуелсіздік»). 5 топ берілген уақыттың ішінде сөзжұмбақты шешіп, басты сөзін шығарады.

Мұғалім: Тәуелсіздік - сәбиім жаңа туған

Қан мен терден шынығып жаратылған

Арманы бар алдында асқар таудай

Қуат алған қыранның қанатынан.

- Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесіңдер? Ол сөздің синонимы қандай?

Оқушылардың пікірі ( қанатты сөздерге назар аударылады).

«Ұпайды жинап ал!» атты 3 кезеңнен тұратығын топтық ойын.

1-ші кезең. - ҚР мемлекеттік рәміздерін ата. (3 ұпай)

- Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? (04.06.92ж. - 5 ұпай)

- ҚР туы ең алғаш қашан көтерілді? ( 01.06.92ж. - 5 ұпай)

- Қандай салтанаттық жиналыста және қашан ең алғаш рет ән ұран

орындалды? ( 5 ұпай )

- 16 желтоқсан қандай мереке? (2 ұпай)

2-ші кезең. - Елтаңба авторы кім? ( 5 ұпай)

- Ән ұран авторлары кім екенін айтып шық (5 ұпай)

- Туымыздың авторы кім? ( 5 ұпай)

- ҚР рәміздерінің авторлары жөнінде не білесіңдер? ( 3 ұпайдан әр жауап )

3-ші кезең. - Тудың түсі және келбетіндегі әр сурет нені білдіреді? ( 5 ұпай )

- Елтаңбаның сипаты неде? ( 5 ұпай)

- Елтаңбадағы сурет элементтерін түсіндіріп беріңдер. ( 5 ұпай )

- Ән ұранды қалай орындауы қажет? ( 5 ұпай )

«Мақал-мәтелдерді жалғастыр!»

  1. Ел-елдің бәрі жақсы

Өз елің... (бәрінен жақсы)

2. Жері байдың... (елі бай)

3. Отан үшін күрес

Ерге ... ( тиген үлес)

  1. Туған жердей жер болмас

Туған ... (елдей ел болмас)

Қорытынды кезеңі. Туған жер туралы тақпақ мәнерлеп оқу.

М. Әлімбаев «Республикама қарашы!», Ө. Тұрманжанов «Туған өлкем», Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын», М. Мақатаев «Отан туралы», Қ. Баянбаев «Қазақстан».

Тәрбие сағаты № 8

Тақырыбы: «Менің құқығым»

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім - әр адамның ісі

екенін ұғыдыру, «Бала Конвенция» шарттарын меңгеру.

Оқушылардың ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға

үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіру.

Оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.

Қолданылған көрнекіліктер: оқушылардың бала құқығы туралы салған суреттері, «Бала Конвенциясынан» алынған маңызды баптары жазылған плакат.

Тәрбие сағаттың түрі: іскерлік ойын

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Іскерлік ойын шарты

I. Оқушылар «Адам» және «Қоғам»тобына бөлініп, әр топ аттарын қорғайды.II

II. «Адам» тобы көрініс көрсетеді. «Құқық» тобы көрініс бойынша сұраққа жауап береді.

III.Адам құқығы бойынша «Құқық» тобы суреттер көрсетіп, әңгімелейді.

IV. «Біз неге құқықпыз?» ойыны. 2 топқа «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы» және «Бала құқығы туралы Халықаралық Конвенция шарттары» бойынша сұрақтар беріледі.

«Адам» тобы: - Адам- жер бетіндегі тірі организмдердің жоғары сатысы. Қоғамдық қатынастардың негізгі нысаны. Олар 4 мың аса тілде сөйлейді.адам құқықтары өмір сүруді қамтамасыз ететін адам мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары. Олар негізінен 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында» көрсетілген жер бетіндегі адамдардың бостандығы мен құқығы қорғалуы тиіс.

«Құқық» тобы: - Құқық мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы. Кез келген адам қоғамдағы әрекет етуші болғандықтан заң негіздерін білу оған құрметпен қарау жәнеодан үлгі алу қажет. Құқықты заң қорғайды. Заң құқық талабын бұзғандарға жазалау тәсілін қолданады. әрбір адамның құқықтық санасы, мәдениеті болуы керек.

Жүргізуші:

Ақыл-білім - жастарда,

Сөз беремін ұландарға!

Әділдікке иемін,

Әділдікті сүйемін.

Жасөспірім жастардың,

Тыңдайық білім өнерін.

Көрініс көрсету.

Сапарбек пен Азаматтың партаға таласуы.

Мұғалім: - Сендердің бұл қылықтарың дұрыс емес.өздлеріңнің жеке бастарыңның қажетін ойлап бір-бірлеріңе тіл тигізу адамгершілікке жатпайды. әркім өз құқығын дұрыс түсіну қажет. әрине сендердің әр қайсысң білім алуға, ойнауға, демалуға құқықтарың бар. Бірақ барлық мәселені ақылмен шешу керек.

«Құқық» тобына сұрақтар:


  • Менің құқығым деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

  • Сапарбек пен Азаматтың арасындағы дауды сендер қалай шешкен болар едіңдер?

«Біз неге құқықтымыз?» ойыны. Сауалға сұрақтар:

  1. Құқық деген не?

  2. Құқық немен қорғалады?

  3. Адам құқығының қорғалуы ққай жерде бастау алды және қай жылы?

  4. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?

  5. Бала құқық тұралы Конвенция қай кезде қабылданды? Бүкіләлемдік бала құқықтары күні қашан аталып өтеді? ( 20 қараша 2009ж. - 20-жылдық)

  6. Бала болып кімдер саналады?

  7. ҚР -да жетім және мүгедек балалардың құқығы қалай қорғалады?

  8. «Бөбек» қоры туралы нені білесіңдер?

  9. Адам құқығы қандай жағдайда бұзылады?

  10. БҰҰ адам құқығына байланысты қандай халықаралық шартты қабылдады?

Қорытынды кезеңі.

2 топтың оқушылары кестені толтырып, белгілі бір пікір айтып, тұжырым жасайды.

Біз құқық туралы нені білгенбіз?

Сабақта құқық туралы нені білдік?

Біздің құқығымыз туралы нені білгіміз келеді?



Тәрбие сағаты №9

Тақырыбы: «Тазалық- денсаулық кепілі»

Мақсаты: оқушыларға тазалықтың денсаулыққа қаншама маңыздылығын түсіндіре білу.

Қолданылған көрнекіліктер: салыстыруға арналған 2 баланың суреті; жеміс-жидектің

суреттері.

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Әнұранды орындау.

(Үй тапсырма бойынша балалар 5топқа бөлініп жұмыс істейді)

  1. Кіріспе сөз. Мұғалім басты тақырыптың әр адамға және ұлтымызға маңыздылығын жеткізеді.

  2. Топпенен жұмыс.

    1. Әр топ өзінің микротақырыбын қорғайды.

1 топ- «Дене тазалығы»

2 топ- «Киім тазалығы»

3 топ- «Бөлме тазалығы»

4 топ- «Оқу құралдарының, пайдаланатын бұйым, азық-туліктің тазалығы»

5 топ- «Рухани тазалық»

III. Әр топтын шағын көрінісі.

  1. Мақал-мәтелдер. Қарама- қарсы топ өз тақырып бойынша мақал-мәтелдін

басын айтып, басқалары оны жалғастырады.

  1. Сурет көрмесі. Әр топ өз тақырып бойынша үйден сурет салып, көрме

ұйымдастырады


  1. «Дәрігердің кеңесі»

Топ бойынша «дәрігер» ортаға шығып өз тақырып жөнінде кеңес айтып, тыйымды сөздермен таныстырады.

Қорытынды кезеңі.

Балалардың жалпы ой-пікірі.

Тәрбие сағаты №10

Тақырыбы: « Қазақстанның әр-бір күні »

Мақсаты: Оқушылардың біліктілігін нығайту; сөз байлығын дамыту; ақпарат

мәліметтеріне қызығушылығын ұлғайту.

Көрнекіліктер: «Ақжол» атты қалалық баспасөзі, «Сарыарқа самалы», «Звезда

Прииртышья» атты облыстық баспасөздері, күнтізбелердің әр түрі, «ҚР-

ның мемлекеттік мерекелер»- плакат, сигналдық белгілері.

Жаңа сөздер: хроника, рубрика, очерк, мақала.

Кіріспе сөз: - Еліміздегі әр күні болып жатқан жаңалықтарды қайдан білуімізге болады?

  • Отбасыларыңда қандай газет пен журналдарды қызығып оқисыңдар.

  • Қандай теледидар бағдарламалардан еліміздің жаңалықтарын естуге болады?

  1. Топқа бөліну (сигналдық белгі бойынша)

  2. «Тапқырлар сайысы»

  • ҚР-ның мерекелерін айтып беріңдер. (дұрыс жауапқа - 1 ұпай)

  • Күнтізбенің қандай түрі болады? Ол не үшін қажетті?

  1. «Ізденімпаздар» кезеңі.

  • Баспасөз дегеніміз не?

  • Біздің аумақтық, облыстық баспасөздері қалай аталады?

  • Жаңа сөздердің мағынасы қандай?

  • «Ақжол» атты баспасөздің 5 рубрикасын берілген уақытта табу.

  • «Ақжол» баспасөзімізге неше жыл толды?

  • Мектеп туралы мақалалардың атын айтып беру.

  1. «Ой-пікір» кезеңі.

  • Баспасөздерде қандай мәселелер қозғалады?

  • Қаншалықта оларды білгеніміз маңызды?

  • Өз мектебіміздің баспасөзі бар ма? Оны қайдан көрдіңдер, қалай аталады? Онда қандай жаңалықтар ортаға салынады?

  1. «Шығармашылық» кезеңі. А-4 қағазына әр топ қызықты эссе немесе «хроника»,

сөзжұмбақ немесе бір тақырып бойынша мақал-мәтелдер құрастырып, оқиды.

Қорытынды кезеңі: Ұсыныс - «Мөлдір бұлақ» атты журналына жазылып, онымен байланыста болу, «Школьный вестник» атты мектепшілік газетіне мақала жазу.

Тәрбие сағаты №11 Тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік»
Мақсаты: Оқушылардың білгендерін бір жүйеге келтіру, толықтыру, сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрету; оқушылардың сөздік қорын молайтуға, әдептілік пен әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету; үлкенді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ребус, «Венн диаграммасы», «7 күлте гүл»

  1. Кіріспе кезеңі.
  1. Ребус шешіп, тақырыбын хабарлау.
Мектеп ережелерін қайталап, әдепсіздікті, тәртіпсіздікті болдырмау жолдарын табу. «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді», «Сәлем - сөздің анасы», деген сөздерді түсіну жөнінде диалог. Сәлем деген сөз тыныштық, бейбітшілік болсын деген мағынаны білдіреді. Сәлемдесу - адамдардың бір-біріне жақындық ниет, жылы шырайын білдіреді. 2. Адамның әдепті екенін білдіретін негізгі қасиеттерді жинақтау. 2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым

II. Көрініс көрсету.

1. Көріністен кейін басты кейіпкрлерге мінездеме беру.

2. «Кім тез табады!» атты ойын.

- «Рахмет» деген сөзді қандай сәтте айтасыңдар?

- «Рұқсат бола ма» деп қай кезде айтасыңдар?

- «Кешіріңіз» деген сөзді қашан қолданасыңдар?

- Ұйықтар алдында не тілеп жатасыңдар?

- Ас ішкен кезде бір-бірлеріңе не деу керек?

- «Сау болыңыз» деген сөздің қандай түрлерін білесіңдер?

- Амандасудың қандай түрлері бар?

3. «Әдептілік - әдемілік» оқушылар шығармашылығы, үйге берілген тапсырма

бойынша әңгімелер оқыту ( 5 топтан бір оқушыдан).


  1. Қорытынды кезеңі.

  1. Венн диаграммасы арқылы оқушылардың бойындағы жақсы, жаман және екеуіне де ортақ қасиеттерді тапқызып, кескіндету.

2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым2 -сынып Менің Қазақстаным-менің болашағым

Ортақ қасиеттері:

1. Мінезіне әсер етеді.

  1. Адам.

  2. Орта

  3. Дос

  4. Қоғам.

2. «7 күлте гүл»

5 топтағы балалар бір-біріне әдепті сөз сыйлап, қоштасады.

Тәрбие сағаты № 14

Тақырыбы: «Тәуелсезді аңсаған АЛАШ»

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қыйыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зияларының пікірлеріне тоқталу. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: Таным сағаты.

Көрнекі құрал: ИБТ бойынша қолданылатын слайдтар: Абылай ханның, С. Датұлының, Н. Назарбаевтің фотосуреттері, қанатты сөздер:

Жеткен арман- жаса тәуелсіздігім, Біздің туымыз - тәуелсіздік, тілегіміз - бей-

Өз қолыма берген ерік тізгінің. бітшілік, тыныштық. Күш қолдану мен жан-

Ие болған әлем ілтипатына жал атаулыны бар ерік-жігерімізді аямай бол-

Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін! дырмаймыз. Н. Назарбаев

Кіріспе сөз: Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Шоқан, Ыбырай, Абай дәуірі қаламның қуаттылығын дәлелдеді. Байтұрсынов, Дулатов, Шоқай, Торайғыров, Рысқұлов, Бөкейханов т.б. елінің азаттығын, жеке мемлекет құруын аңсады.

1-ші оқушы: Торайғыровтың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жар салғанда, ұлт зиялары «қалай ел боламыз?»деп ойлағанда, Бөкейханов «Автономия, бізге керегі Автономия» деп шырылдайды. Қазақ автономиясы ұзақ тұрақтанбады. Алаштың арыстары «Міне, еркіндік қолымызға тиді!» деген қуныштарынан қорқып, қызыл империя көсемдері Алаш туы астына біріккендердің бәрін құртты. Аймаутов атылды, Шоқай шет ел асты, көбі репрессия құрбаны болды.

2-ші оқушы: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешті

Слайд-тарихи хронологиясы 1723-25ж. - Ақтабан шұбырынды

1836-38ж. - Бөкей ордасындағы көтеріліс

1837-47ж. - Кенесары бастаған көтеріліс

1916ж. - Ұлт-азаттық көтеріліс

1918-20ж. - Азамат соғысы

1931-32ж. - Жаппай ашаршылық

1937-38ж. - Жаппай репрессия

1941-45ж. - Ұлы Отан соғысы

1986ж - Желтоқсан оқиғасы

Осыншама азаптың ең сұмдығы - 1949 жылғы Семей полигоны. Енді қазақ халқы білім мен бірлікке ұмтұлуы керек.

3-ші оқушы: Байтұрсынов: Қазақ халқының тәуелсіз өмір сүруі - басты мәселе болып тұр

4-ші оқушы: Сәдуақасов: Ендігі тірек - жастар. Жастсрдың жігері мол, қайраты күшті.

5-ші оқушы: Дулатов: Жұрттың жолында қаншама құрбан шығардық .Жұрт боламыз дегендер не қылып жатыр? Соған ой жіберу керек.

1-ші оқушы: Шоқай: Атамекеніңді орыс тепкісінен құтқарып, азат тәуелсіз құру жолындағы күреске жатпай-тұрмай дайындал!

2-ші оқушы: Торайғыров: Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сенбейміз.

Енді ешкімнің Алашты,

Қорлығына бермейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Бұл заманға жеттік біз!

3-ші оқушы: Алаш зиялары мемлекет құруды аңсады, азаттықты көкседі. Бірақ бұл күнге жете алмады. Ендеше ОЛАРДЫ нағыз ерлер деп айтуымыз керек.

ОЛАР - азап пен қорлықтан басқа түк көрген жоқ.

ОЛАР - қазақ халқының мемлекет болар күнін жақындатып кетті.

ОЛАР - бар білімін, қайратын тек қана халқының көзіін, бағын ашуға, азаттыққа арнады.

ОЛАР - артында мейірім, шуақ қалдырды. Біз ғасырлар бойы соған жылындық.

ОЛАР - көл-көсір кітап, білім жинап, бізге қанымен, жанымен тәуелсіздікті әперді.

ОЛАР - оралуы керек.Оларды ортамызда жүргендей сезінуіміз керек.

ОЛАР - өлген жоқ. «Өлмейтұғын- артына сөз қалтырған» демекші, мәңгі бізбен бірге.

Қорытынды кезеңі: Алаш арыстары аңсаған күнге біз қолымызды жеткіздік. 1991ж. 16- желтоқсаны еліміз тәуелсіздік алып, ірі мемлекеттердің қатарына қосылды, 1991ж. 1-ші желтоқсанда тұңғыш Елбасымыз Н:Назарбаевты сайладық. Төл теңгеміз бен Ата заңымызды жарияладық. Аспанымызда Көк туымыз желбіреп, Әнұранымыз шарықтап шырқатылды. Бүгін тәуелсіздік алғанымызға 18 жыл толып отыр. Осы уақытта қандай жетістіктерге қол жеткіздік?

(оқушыларға сөз беріледі)

Жас ұрпақ, өз елің үшін, өз жерің үшін өмір сүр.Өз еліңді көркейту, гүлдендіру сендердің қолдарыңда.

Тәрбие сағаты №15

Тақырыбы : «Мен ежелден егемен аңсаған»

Ұйымдастыру кезеңi : Сәлемдесу.

-Ұранды елдің - ұрпағы қайсар демекші әнұран

орындалады.

Сабақтын мақсаты : «Мен ежелден егемен аңсаған» атты тәрбие

сағатында оқушыларды туған жерiн, елiн, Отанын

сүйуге, қазақ елiнiң рәміздерiн қастерлеуге

тәрбиелеу, болашақта өз бiлiмi , еңбегi арқылы

Қазақстанға үлесiн қоса алатынын сезiндiру.

Мiндеттерi : 1. Оқушылар елi, туған жерi жайлы көп бiлiм алуға ,

Отан, туған жер туралы мақал- мәтел, тақпақ,өлең

бiлуге мiндеттi.

2. Оқушылар өз елiнiң әнұраны мен рәмiздерiн жатқа

бiлетiн, патриот болуы тиыс.

3. Жақсы оқуына, тәрбиелi болуына тырысу мiндеттi.

Көрнекiлiктерi : Қазақстан картасы, көгершiн суреттерi , мақал- мәтел,

қанатты сөздер, ҚР рәміздері, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің

фотобейнесі.

Барысы: 1. Кіріспе сөз. «Көкпар» атты білім сайысының соңында сабақтың тақырыбын ойластырып, және тақырыпқа сай әр топ өзін өзі атап, топтың атын маркермен жазып , бекітеді.

  • Желтоқсанның қозғалыс болған уақыты қандай?

  • Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті кім?

  • Н.Ә.Назарбаев қашан Президент болып сайланды?

  • Ата Заң дегеніміз не?

  • Қазақстан Конституциясы қашан қабылданды?

  • Референдум дегеніміз не?

  • Демократия деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

  • Біздің мемлекетімізде ең қымбат қазынасы не?

  • Қандай нышан-белгілерді білесіңдер?

  • ҚР -ның елтаңбасының авторлары кім?

  • Ту деген сөздің синонимы қандай?

  • Мемелекетіміздің туының авторы кім?

  • Тәуелсіз еліміздің әнұранын кім жазды?

  • Нумизматика деген сөз нені білдіреді?

  • 1993 жылы 15 қараша күннің ерекшелігі неде?

  • Мемлекетіміздің егемен ел болғанына қанша жыл толды?

  • Қазақстанның қандай қалаларын ел мақтанышы деп санауға болады?

  • Патриот деген сөзді қалайша ұғасыңдар?

  1. Тақпақ айту сайысы.

  • Сабағымыздың тақырыбына сай берілген тақпақтардан 1 тақпақ таңдап орындап беріңдер. («Қазақстан картасы»Т.Молдағалиев, «Республикама қарашы!»М.Әлімбаев, «Мен қазақпын» (үзінді) Ж.Молдағалиев, «Қазақстан» (үзінді) Қ. Баянбаев, «Елтаңбасы», «Біздің ту», «Әнұран» Т. Молдағалиев).

3. Мақал-мәтел білу сайысы.

- Мақал-мәтел де тақпаққа жақын салт санасына сәйкес айтылатын пікірлер. Тақпақтан гөрі олар маңызды, шыны келеді.

А) «Жалғастыр!»

- Жері байдың... (...елі бай)

- Отан- елдің анасы, ел... (...ел - ердің анасы)

- Туған жержей жер болмас... (...туған елдей ел болмас)

- Елің - панаң... ( ...жерің - анаң.)

- Ел-елдің бәрі жақсы ... (...өз елің бәрінен жақсы)

Б) «Мозаика». - Мозаикадан мақал құрастырып, мағынасын білдіру.

1. Отан үшін күрес - ерге тиген үлес.

2. Бірлігі жоқ ел тозар, бірлігі күшті ел озар.

3. Бейбіт елде береке бар.

4. Басшысыз елде береке болмас.

5. Отан отттан да ыстық.

4.Суретшілер сайысы. «Менің болашағым»

5. Қорытынды кезеңі.

1) Жеңімпаз тобын мадақтау.

2)«Атамекен» әнін орындау.

3) Қ. Жанпеисовтың әні «Туған жерім»


Мерекелі тәрбие сағаты

Тақырыбы : «Ана - бақыт, ана - күн»

Сабақтын мақсаты : «Ана - бақыт, ана - күн» атты тәрбие сағатында

анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру,

ата-ананың мектеппен тығыз байланысын дамыту,

оқушыларды сыпайылыққа, инабаттылыққа

тәрбиелеу.

Мiндеттерi : 1. Оқушыларды аналарын, әжелерін, жалпы әйел

адамды аса құрметтеуін тәрбиелеу.

2. Оқушыларды ана туралы жазылған өлеңдерді, қазақ

елінің мақал-мәтелдерін білуге дағдыландыру.

3. Отбасындағы ынтымастық, көмек,жақсы өнеге-үлгі

алуына тәрбиелеу.

Көрнекiлiктерi : Балалардың аналарына, әжелеріне арнап, өз қолдарымен

дайындаған гүлдер мен құттықтау қағаздары; домбыра,

ватман, түрлі-түсті қағаздары, маркер, ұлттық киім.

Ұйымдастыру кезеңi : Сәлемдесу.

Мұғалім: -Көктемгі шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де ананың ақ сүтінен нұр алып,өсіп-өніп келеміз. Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - Ана. Үш ақ әріптен құралған «Ана» сөзінің астарында үлкен мән жатқанын кез келген азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусәр бұлағы - Ана есімінен артық қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Күллі дүние абзал да асыл жандардың алдында бас иеді.

1 жүргізуші: - Құрметтесек - ананы құрметтейік, дегендей мереке қарсаңында біз де осы бір аяулы аналарымыздың басын қосып отырмыз.

2 жүргізуші: - Жылына бір келетін мерекеде еңбектеріңізді бағалап, сый-құрмет көрсету біз үшін қуаныш әрі парыз да. 1 жүргізуші: - Олай болса ардақты әжелер мен сүйікті аналарымыз, мерекелеріңіз құтты болсын!

2 жүргізуші: - Отбасымыздағы ата, әже, әке, ана тәрбиесі бізге ұстан болып ұранға айналды. Сыныбымыздың ұранын қабыл алыңыздар.

(Сынып ұраны хормен айтылады)

Мұғалім: -Ал, балалар, сендердің анаға жандарың бөлек екеніне талай рет куә болдым. Ендеше «Ана» деген сөзге лайық сөздерді кезекпен айтып шығындар.

(«Ана» сөзіне ассоциация құрастырады)

- Ана қандай? ...

1 жүргізуші: - Біздің рухани өсуімізге асыл әжелеріміздің ықпалы зор. Олар ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада қолайсыз сөздерге тыйым қойса, үйде біздің үлкен қамқоршы болады.

2 жүргізуші: Мейірімді көзіңді,

Қамқоршы сөзіңді

Кемеңгерім көреген.

Өмірге азық өнегең.

Аяулы едің, не деген

Асыл әже! - дей келе,асыл әжелерімізге арнап, әсем би менен көркем әнді сыйлаймыз.

( Балалар домбыра мен күй тартып, 4 қыз бала би билейді)

Шағын әдеби монтаж.

Мұғалім: - Бүгінгі «Ана - бақыт, ана - күн» деп аталатын мерекеміз екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі аяқталып, екінші бөлімінде бес ананы ортаға шақырып, сайысқа қатысуыңызды сұраймыз.

( Аналар сахнаға шығады)

2 жүргізуші: Тербейді ана қуанышты, бақытты,

Тербейді ана - тебіренеді жаны шын,

Тербейді ана уақытты.

Барлық әлем бір-ақ бесік Ана үшін -

Тербейді Ана бөбегін.

1 жүргізуші: Сол арқылы тербетеді өз елін,

Құмын, тауын, өзенін,

Тербейді ана көлеңкені шуақты,

Планетаның алақаны сияқты, -дей келе, қымбатты Аналарымызды қошеметтейік!

2 жүргізуші: - Сайыстың бірінші шарты бойынша, аналар өздерін таныстырады.

( Аналарға сөз кезегі )

1 жүргізуші: -Екінші сайыс - мақал-мәтел сайысы. Мұғалім бастаған мақал-мәтелді аналарымыз арғарай жалғастыру тиісті.

Мұғалім:

  1. Ананың көңілі балада... ( баланың көңілі далада)

  2. Әке-асқар тау... (ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ)

  3. Ана алдында құрмет... ( ата алдында қызмет)

  4. Асығу-баланың ісі... (аттандыру-ананың ісі)

  5. Ағайын алтау... (ана-біреу)

  6. Ата көрген оқ жонар... (ана көрген тон пішгер)

  7. Ана сүтін ақтамағанды... (ешкім мақтамайды)

  8. Бала-ананың... (бауыр еті)

  9. Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаңда... (қарызын өте алмайсың)

  10. Ердің анасы... (елдің анасы)

2 жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,

Өнер болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолыңда.

1 жүргізуші: Бармақтары майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шеберлер бар даңқы асқан

Ою ойып құрасқан, - дей отырып, аналарымызды жарысқа шақырамыз. (Ою оюдан жарыс)

1 жүргізуші: «Бала тілі - бал» демекші, біздің кішкентай жасымыздағы қызықты бір әңгіме немесе оқиға болса, соны айтып немесе шағын көрініс көрсетсеңіздер дейік.

( Аналар ойланып, естеріне түсіргенше, «Тик-тоник» биін қыздар тобы орындайды) Сайыс-көрініс.

2 жүргізуші: Жақсы көріп, өсірген,

Асымды беріп, дәмдеген,

Әсем киім кигізіп,

Талай шашымды өрген, -деп, ақырғы «Шаш өру» сайысына аналарымызды шақырайық.

(«Шаш өру» сайысы )

1 жүргізуші: Келді, міне, аналар сайысуға,

Болады аналардан үлгі алуға.

Салты бар, өнерлі осы ортада,

Берер деп әділ қазы әділ баға, - дегендей, сөзімізді әділ қазы алқасына береміз.

(Аналарды марапаттау кезеңі )

Оқушылар хормен «Анаға сәлем» әнін орындайды.

Балалар аналарына, әжелеріне, мұғалімдерге, қыздарға сыйлықтарын береді.

1 жүргізуші: Ардақты аналар, асыл әжелер, ұстаздар, ару қыздар! Осы мейірлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Шаңырақтарыңызға құт-береке дарысын!

2 жүргізуші: Аналар қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарына.

Осымен кешімізді аяқтайық,

Гүл бітсін бәріміздің қадамыңа!

  • Қош сау болыңыздар!





Тәрбие сағаты


Тақырыбы : «Оқулық - білім қайнары»


Ұйымдастыру кезеңi : Сәлемдесу. -Ұранды елдің - ұрпағы қайсар демекші тәрбие сағаты әнұранның орындауымен басталады.
Сабақтын мақсаты : Оқулықтың білім алуына ықпалы зор екенін түсіндіру
Мiндеттерi : 1. «Білімді ұрпақ - болашағымыздың кепілі» болғандықтан, білім мен біліктіліктің кілті - кітапта екенін сезіндіру. 2. Оқулықтарды қандай құрметпен, күтіп ұстауын маңыздау. 3. Оқырмандық қызығуды ояту.
Сабақтың түрі: кездесу ( кітапханашылар)
Көрнекіліктер: Ы. Алтынсаринның сөзі эпиграф ретінде қолдану; кітап туралы мақал-мәтелдер; шағын ескерткіш (2009-2010 оқу жылындағы кітапханаға барған экскурсияның фотосы)
« Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар»

Ы.Алтынсарин


I. Апталық ақпараттан шолу. (Қ. Жанпеисовтың дайындауымен)

II. Кіріспе сөз. Сынып жетекшісі оқушылармен кітаптың қандай түрлері

болатыны жөнінде диалог өткізеді.

III.2009-2010 оқу жылындағы кітапханаға барған экскурсиядан есте не

қалғанын тексеру. (Шалғынбаева А. және Советханова Ж.)

IV. Екінші топ оқушыларының тақырып бойынша дайындаған мәлімет.

1-ші оқушы: Адамның досы - кітап - өмір кілті.

Тең келмес оған жиған мүлкі.

Ақылшы жанға серік, жол бастаушы,

Асыл ғой қазынасы өмір көркі.

2-ші оқушы: Саған білім жемісін

Оқулығың береді.

Талай адам ол үшін

Маңдай терін төгеді.

3-ші оқушы: Орманшының аялы

Алақаны өсірген,

Санау ағаш саялы

Қағаз үшін кесілген.

4-ші оқушы: Оқулықты құрметте:

Күтіп ұста, кірлетпе,

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

5-ші оқушы: Айдың шалқар кейдебір

Кітапты тұлған көл дейсің.

Ауадай қажет бейне бұл,

Татпасаң нәрін, шөлдейсің.

V. Кітапханашыларға сөз беріледі.

VI. Оқулық тексерушілер 1-ші тоқсанда өткізген рейд қорытынысын шығарады.

VII. Екінші топ оқушылары көрініс көсете отырып, оқулыққа байланысты сыныптағы балалардан тыйымды сөздерді талап етеді.

VIII. Қорытындысы.

Иманахмет А. және Худайбергенова А. қорытынды ретінде мәліметтейді.




Тәрбие сағаты

Тақырыбы : «Н.Ә.Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті» Ұйымдастыру кезеңi : Сәлемдесу. -Ұранды елдің - ұрпағы қайсар демекші тәрбие сағаты әнұранның орындауымен басталады. Сабақтын мақсаты : Оқушылардың Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы мен қызметі, ел басқару ісіндегі еңбегі жайлы білімін толықтыру. Мiндеттерi :

  1. Оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
  2. Алған білімдерін мұражай құжаттары мен мұрағат материалдарымен толықтыруға жағдай жасау.
  3. Елбасын құрметтеуге және елдегі жүргізіліп жатқан саясатты қолдауға, өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тақырыптық слайд, бейнетаспа. Сабақтың түрі: семинар сабағы

Сабақтың барысы:

  1. Қазақстанда Президенттік лауазымның еңгізілуі және Президентті бүкілхалықтық сайлау қажеттілігі.
    1. Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі.
    2. Президентті ұлықтау рәсімі.
  2. Тұңғыш Президенттің өмірбаяны және еңбек жолы.
  3. Президенттің билік тармақтарымен байланысы.
  4. «Қазақстан Республикасының әлемдік аренадағы орны»

1 - слайд. Сабақтың тақырыбы.
  1. Қазақстанда Президенттік лауазымның еңгізілуі және Президентті бүкілхалықтық сайлау қажеттілігі.

Мұғалім: Қазақстанда Президенттік лауазымның еңгізілуі мен Президентті бүкілхалықтық сайлаудағы тарихи оқиғалар туралы не білеміз?
2 - слайд. Тарихи жылдар. Жауап: Қазақстанда Президенттік лауазым КСРО-ның ыдырауы қарсаңында еңгізілді. Қазақ ҚСР Жоғары Кеңесінің 1990 жылғы сәуірдегі сессиясының ұйғаруымен Қазаұ ҚСР-і Президенті қызметінтағайындау туралы заң қабылданды. Сөйтіп, Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті етіп сайлады. Осы заң бойынша Президентті Жоғары Кеңес сайлауға тиіс болды. Алғашқы Президенттің өкілеттілігі біршама шектеулі болды. Билі, негізінен, Жоғарғы Кеңестің қолында болды. Жоғарғы Кеңес барлық мәселелер бойынша заң қабылдады, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде Президенттің өкілеттілігі күшейілді. Республика егемендігінің орнығуымен бірге оның Президентін бүкілхалықтық сайлау қажеттілігі туындады. Қазақ ҚСР-інің Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 қазанда 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. Қазақ ҚСР-інің Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында Президенттік қызметке Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды. 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қрытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. Қазақстандағы алғашқы президентті ұлықтау 1991 жылдың 10 желтоқсанында Алматыдағы Республика сарайында өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті егемен елдің Туы астында , Конституцияға қолын қойып тұрып, Қазақстан халқына қалтқысыз қызмет көрсетуге салтанатты түрде ант берді. Дәл осы күні Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Қазақстан Республикасы деп атау жөнінде шешім қабылдады.
  1. Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі

Мұғалім: Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі туралы не білеміз?

Оқушы:

Қазақстан Республикасының Конституциясы

  1. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішіндежәне халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды ететін тұлға (40 бап).
  2. Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі (40 бап).
  3. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді(40 бап).
  4. Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды (41 бап).
  5. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді (3 бап).
  6. Бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды (42 бап).

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2733 Конституциялық заңы

  1. Республика Президентінің айырым белгілері - Қазақстан Республикасы Президентінің омырауға тағатын белгісі мен байрағы болады (6 бап).
  2. Республика Президенті қызметі бойынша «Алтын қыран» орденінің иесі болып табылады. «Алтын қыран» орденінің сипаттамасы, аталған орденді берудің негіздері мен тәртібі Республика заңдарымен белгіленеді (6 бап).


3-слайд. Республика Президентінің айырым белгілері.

  1. Президентті ұлықтау рәсімі

Мұғалім: 2006 жылы11 қаңтарда Ақорда сарайында өткен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұлықтау рәсімін бейнетаспадан көріп, өздерінің пікірлеріңді ортаға салыңдар.

(Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұлықтау рәсімін бейнетаспадан көру.) Оқушы: Бейнетаспадан көрген мемлекет басшысын ұлықтау салтанаты маған үлкен әсер қалдырды. Рәсімге жетпістен астам алыс-жақын елдің өкілдері келді. Арасында сегіз елдің Президенті, атап айтқанда, Ресей Президенті В. Путин, Хорватия Президенті С.Месич, Өзбекстан Президенті И.Каримов, Украина Президенті В.Ющенко, Ауғанстан Президенті Х.Карзай, Тәжікстан Президенті Э.Рахмонов, Грузия Президенті М.Саакашвили, Қырғыстан Президенті Қ.Бакиевтің қатысуы, сондай-ақ, беделді халықаралық ұйымдар - БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуроодақ, ШЫҰ-дан жоғары лауазым иелерінің келуі біздің Президентке деген үлкен құрмет жәнебұл үлкен тарихикүн деп санаймын. Оқушы: Қазақстандағы алғашқы президентті ұлықтау рәсімі 1991 жылдың10 желтоқсанында Алматыдағы Республика сарайында өтсе, Президентті ұлықтаудың екінші рәсімі 1999 жылыжаңа елорда - Астана қаласындағы Конгресс Холлда ұйымдастырылды. 1998 жылдың 7 қазанында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар еңгізілуі нәтижесінде Президентіміз алғаш рет жеті жылдық мерзімге сайланды, ал үшінші инаугурация 2006 жылы 11 қаңтарда Астанадағы Ақордада өтті. Бұл жолғы Президентті ұлықтау рәсімінің бұрынғылардан 4 түрлі ерекшелігі бар:

  • біріншеден, ұлықтау рәсімі жер бетіндегі бір жарым миллиардтан астам мұсылмандардың ұлы мерекесі Құрбан айтпен тұспа-тұс келуі;
  • екіншіден, қазақ ежелден сәтті күн санайтын сәрсенбінің сәтінде өткізілуі;
  • үшіншіден, нұрлы болашаққа бет алған еліміздің жасампаздығының символы болған Ақ Орда сарайында өткізілуі;
  • төртіншіден, миллиондаған қазақтың жүрегінен орын тапқан қазақтың ұлы композиторы Ш№ Қалдаяқовтың әніне жазылған әнұранның тұңғыш рет шырқалуы.
Мұғалім: Инауграция сөзінің мәнін қалай түсінеміз? Оқушы: Инаугурация - бір мақсатқа ғұмыр арнау деген латын сөзі. Бағзы заманның қолбасшысы әскерінің жорығына, я патша қол астындағы ел-жұртының қамына «қызмет қыламын» деп басын тігіп ант берген,сол антты орындау жолында ақырғы демі таусылғанша алысып өткен. Заман өте әлгі сөз мағынасын кеңейтіп көне Римде белгілі тұлганың билікті қолға алуы, я болмаса ел басшысының қызметке кірісердегі салтанатты рәсімін «инаугурация» деп атады. Абай бұл рәсімді өлеңінде «ант мезгілі» деп атаған. Президентіміздің ант беру мезгілі ерекше түрде өткізілді, әсіресе, сахна төріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасы Президентінің байрағын Республикалық Ұлан жауынгерлерінің салтанатты түрде әкелуі және Ата Заңды Қазақстан Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Роговтың ұландық сарбаздардың қолынан асып, сахнада орнатыгған арнайы тұғырға қоюы әрқайсымызды үлкен сезімге бөлеп алды. Роговтың ақ киізді баспай, Конституцияны тұғырға қоюы - біздің дәстүрімізге деген құтметінің белгісі. Себебі ежелгі салт-дәстүріміз бойынша,ханды ақ киізге орап көтерген,сондықтан да бұл Елбасымыздың лауазымыз айқындайтын ерекше орын болмақ. Оқұшы: Маған Орталы сайлау комиссиясының Төрағасы Оңалсын Жұмабековтың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайтадан сайланған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсыруы және Қоғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың мемлекет басшысына баянат беруі ұнады. Осы салтанатты ұлықтау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев меймандардың алдында және Қазақстан халқының алдында салтанатты түрде ант берді.








© 2010-2022