Урок по дүниетану на тему Ауаның құрамы. Ауа қабығы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Ауаның құрамы. Ауа қабығы.
Сабақтың мақсаты: Ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру. «Атмосфера» ұғымымен таныстыру. Газ тәріздес заттар туралы ұғымдарын бекіту. Сұрақтар қойып үйрену. Қарым - қатынас мәдениетін тәрбиелеу, топ болып жұмыс жасау.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Табиғаттағы судың ластануы туралы айтып бер.
2. Суға қандай зиянды қалдықтар түседі, олар ағзаларға қалай әсер етеді?
3. «Арал қасіреті» дегенді қалай түсінесің?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту.
«Көрінбейтін сиқыршы»
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім - ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайыңда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
Барма жоқпа оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Ол не? (ауа)
2. Мағынаны тану.
- Ауа туралы не білесіңдер? Ол туралы не білгілерің келеді?
Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз.
Ауа - физикалық дене. Физикалық дене заттардан тұрады. Ауа газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де жоқ. Мұның себебі ауаның құрамына кіретін газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сіңіріп отырады.
1) Сытырлақ дорбаны үрлеп ауа толтырамыз. Аузын қолымызбен бекітеміз және жайлап қысамыз.
- Тез қысылама?
2) Кішкентай шприцке ауа толтырамыз. Аузын саусағымызбен бекітеміз. Енді тұтқасын итерейік. Итере аламыз ба? Ал егер саусағымызды жіберсек, не болады?
Жер шары көзге көрінбейтін мөлдір жабынды - ауамен жабылған.
Жел - ауаның қозғалысы. Атмосфера деп - біздің ғаламшарымызды және бізді қоршап тұрған ауа қабатын айтамыз. Жердің ауа қабығын көбінесе бесінші мұхит деп атайды.
- Адамдар, жануарлар, өсімдіктер бесінші ауа мұхитының түбінде өмір сүреді.
Ауасыз жер бетінде мәңгі тыныштық пен бос кеңістік болар еді. Егер жер ауаны жоғалтса, ол Ай секілді тіршіліксіз аспан денесі болар еді.
Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратынын дәлелдеген. Ауа қоспасындағы ең көп газ - яғни азот 78%, оттегі - 21%, ал 1%- ы көмірқышқыл газы.
Ауаның барлық жерде бар екенін білеміз. Дәптерлеріңді көтеріңдер, оның ар жағындағыны көресіңдер ме?
- Жоқ.
- Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?
- Ал, сыныптағы заттарды көре аламыз ба?
- Иә.
- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?
- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көре алатынымыз дәлел.
- Бөлме өсімдіктері қандай түсте?
- Жасыл.
- Партамыз қандай түсте?
- Көк.
- Ауа қандай түсте?
- Ол түссіз. Иә, бұл ауаның тағы бір қасиеті.
Сен әртүрлі бөлмелерде әртүрлі иіс бар екенін сезесің. Тамақ пісіретін бөлмеде, шаштаразда, дәріханаларда иісі бар заттардың бөлшектері ауамен араласып кетеді. Ал таза ауаның иісі бар ма?
- Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз.
Сонымен бірге ауа серпіледі, сығылады.
Допты алайық.. Оны қолыммен қысамын. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымды жіберсем, серпіліп орнына келеді. Серпіліп тұрған оның ішіндегі ауа.
Тәжірибе жасау.
Ауаның қыздырғанда ұлғаятындығын, ал салқындағанда
қысылатынын 3 - сыныптан білесіңдер.
Ауаның тағы бір қасиеті - ол жылуды жай өткізеді. Қыста қар астында қалған көптеген өсімдіктердің үсімей қалатын себебі қардың салқын түйіршіктерінің арасында көп ауа болады. Ал қалың қар өсімдіктердің сабақтары мен тамырларын жауып жатқан жылы көрпе сияқты.
- Күзде көптеген аңдардың тиін, қоян, қасқыр т. б. аңдардың түлейтінін білеміз. Жазғы жүннен гөрі олардың қысқы жүні қалыңырақ және үлпілдек. Қалың жүн арасында ауа көбірек болады да қыстағы ауа қорқынышты емес.
- Қасқырдың құйрығы үлкен әрі жүні қалың. Қардың үстінде қасқыр ұйықтар алдында ол өзінің тұмсығы мен аяқтарын жүнді құйрықтарымен жауып жатады.
Сұр тышқандар үлкен биік қар үйінділерінің астындағы індерінде қыстайды. Онда оларға әрі жылы, әрі қолайлы. Ал, кейбір құстар құрлар мен саңырау құрлар ең күшті аяздарда қалың қардың астына кіріп кетеді.
Бұл ауаның қандай қасиетін анықтайды?(ауа жылыны жәй өткізеді)
ІІІ. Топтастыру.
Неліктен сұрақтары?
1. Неліктен қыста үйлердің терезесіне екі қабат әйнек салынады?
2. Неліктен ауа қоспаларға жатады? Оның қасиеті туралы білетініңді айтып бер.
3. «Ауа таза болсын» дегенді қалай түсінесің?
Ауада оттегі көп болып, көмірқышқыл газы аз болу керек. Дем алғанда біз оттегіні жұтамыз да, көмірқышқыл газын шығарамыз. Тек бір күнде адамға дем алу үшін 600 литр оттегі қажет. Ал өсімдіктер керісінше оттегін бөліп шығарады. Сондықтан өсімдіктерді планетемыздың өкпесі деп атайды. Орманның ауасы ең таза жер.
Ал енді қалаларда ауа басқаша, ластанған.
4. Неліктен қатты аяздарда құстар жүндерін қомпайтып отырады?
Сергіту сәті
Саусақпен мұрын қысайық,
Әншіге біраз ұқсайық.
Әрбір сөздің дыбысы,
Қандай екен ұғайық..
- Сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?
- Ауа аузымыз арқылы ғана шыққандықтан дыбысымыз өзгерді.
3. Ой толғаныс
Сабақты бекіту. Тест.
1. Ауаның құрамына қандай заттар кіреді?
А) сутек, мыс, мырыш
Ә) оттегі, азот, көмірқышқыл газы.
Б) хлор, фтор, йод
2. Дем алу үшін ауаға қандай газ қажет?
А) азот
ә) оттегі
б) көмірқышқыл газы
3. Ауаның қандай қасиеттері бар?
А) мөлдір, түссіз, иіссіз, қыздырғанда ұлғаяды, салқындатқанда қысылады, жылуды жәй өткізеді.
ә) аспан тәрізді көгілдір, дыбыстарды өткізеді, күн сәулелерін өткізеді, иісі жоқ.
4. Терезелерге жылу ұстау үшін екі қабат әйнек орнатады. Қандай қасиет пайдаланады?
А) қыздырғанда ауа ұлғаяды
ә) салқындатқанда ауа қысылады
б) ауа жылуды жәй өткізеді.
5. Ауаны ластанудан қорғау үшін не істеу керек?
А) барлық фабрикалар мен зауыттарды тоқтату керек, ағаш өңдеуді тоқтату керек. Автотранспортты пайдалануға тыйым салу қажет. Жерді бір үлкен қорыққа айналдыру керек.
ә) Зауыттар мен фабрикалардың шаң мен зиянды заттарды жинайтын сүзгіштері болу керек. Транспортты экологиялық зиянсыз етіп шығару керек. Қалаларда және олардың айналасына саябақтар, парктер мен ормандар отырғызу керек.
IV. Сабақты қорытындылау
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма

© 2010-2022