Милая мама

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие жоспары

«Асыл анашым»

(мектепалды даярлық тобы)

Мақсаты: Балаларға 8 наурыз Аналар мерекесі туралы толық мәлімет беру.Аналарды құрметтеуге, сыйлауға , ананың бала үшін орны бөлек жан екенін түсіндіру. Үлекнді құрметтеуге, анаға қомқор бола білуге тәрбиелеу.

8 наурыз мерекелік ертеңгілік өткізілетін әсем безендірілген залға балалар қолдарына шар ұстап кіреді.

Тәрбиеші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

аналардың мерекесін біз бастайық.

Көздерінен көрем шаттық арайын,

өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

Армысыздар құрметті қонақтар, аналар, әжелер, сүйкімді қыздар! Көктемнің алғашқы 8 наурыз мерекесі құтты болсын.Сіздерге шаттық қуаныш тілей отырып, шағын орталық және даярлық тобының бүлдіршіндерінің дайындаған «Асыл анашым» атты ертеңгілігін тамашалаңыздар.

Сізден өскен балалар,

батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

құрметті әже , аналар!

Балалардың орындауында «Құттықтаймын мама туған күніңмен» әні

Тәрбиеші:Қадірлі аналар көңілі,

көктемдей жайнап гүл ашсын.

Бақытқа толы өмірі,

шаттыққа шаттық ұлассын - деп балалардың аналарына арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Серік: Гүл-гүл жайнап бәріміз,

кірді біздің сәніміз.

Аналарды тойымен ,

құттықтаймыз бәріміз!

Аружан: Жер бетінің ғұмыры,

күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

анамыздан тарайды.

Алдияр: Бізді өсіріп баптаған,

жақсы болсаң шаттанған.

«Алтыным» деп мақтаған,

айналайын ақ мамам.

Ақнұр: Тентек болсам ашынып,

жақсы іс қылсам асырып,

Маған сақтап жүреді,

тәттісін де жасырып.

Тәрбиеші:Балалар біздің мерекемізге қонақ келе жатқан секілді. (осы сәтте көктем билеп келеді).

Көктем:Мен көктеммін, көктеммін, былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың, түбіне тал еккенмін.

Жайнататын бар гүлді , сайрататын бұлбұлды.

Тілеп жылға оң қадам, ән арнайды ел маған,

Тіршіліктің бастауы Көктем айы мен болам!

Тәрбиеші:Көгеріпті төбешік ,

өңіріңе шөп өсіп.

Бастап думан, сауықты,

құстар әнге салыпты

Алақайлап ақ бұлақ ,

көктем келіп қалыпты.

Қош, келдің көктем! Біздің балаларымыздың сізге арнаған өлең тақпақтарын қабыл алыңыз.

Балалардың орындауында «Ойыншықтар» әні.

Тәрбиеші:Біздің балаларымыздың сізге арнаған тақпақтары да бар қабыл алыңыз.

Ералы:Мейірімді сымбатты,

қадірменді қымбатты.

Ең жақсы жан балаға,

ол кім десең ол - ана!

Санжар: Ақ әжемді әрқашан,

сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны,

өлең айтып беремін.

Жан:Айтсаң болды тіл алам,

әйбат мамам, ақ мамам

Сені көрсем қуанам,

сен керексің қайда да.

Жүре берші қасымда,

әйбат мамам, ақ мамам.

Еділ: Мәпелейсің мені анам,

қолыңдағы құсындай.

Құлпыра өсіп дем алам,

еркелеткен сөзіңмен.

Жансая:Әр сөзіңді жаттаған,

жүрегімде сақтағам.

Тәрбиелі анамды ,

үнемі айтып мақтанам.

Тәрбиеші:Қысылып еш саспаңдар,

Қызықты ойын бастаңдар.

Аналардың тойында,

Бір көтеріп тастаңдар.

«Кімнің анасы жылдам?» ойынын ойнаймыз. Кәнеки , келіңдер, балалар ортаға шығыңдар (ойынға 3 ана, 3 қыз бала шығады) деп ойынды ойнатады. (аналар бантик тағады , қыздар аналарының ерніне далап жағады).

Тәрбиеші:Шалықтатып мерекеде ән бастайық,

өнерпаз өлеңдерге тамсанайық.

Ортамыздан шығады қараңыздар,

күміс көмей әнші апайды қарсы алайық.

Жеке ән:Төлебаева Айнагүл апайдың орындауында «Жан ана » әні

Тәрбиеші:Көктем,балалардың тақпақтары, әндері, билері саған ұнады ма?

Көктем: Әрине ұнады , өте өнерлі балалар екен, өркендерің өссін. (Осы сәтте есікті қағып қасқыр келеді).

Қасқыр: Сәлеметсіңдер ме! Балалар Қызыл телпекті көрмедіңдер ме? Мен сол қызыл телпекті іздеп жүрмін, ол көктем айында әжесіне келетін еді. Айтыңдаршы балалар сендер неге жиналып қалғансыңдар?

Тәрбиеші:Сәлеметсіз бе қасқыр? Қайда жол тарттыңыз, бүгін мереке ғой қыдырып жүрген боларсыз?

Қасқыр: Е-е-е .Қызыл телпек, көктем айында неге әжесіне келеді десем, әжесін мерекесімен құттықтауға келеді екен ғой, енді есіме түсті.Мен қазір Қызыл телпектің әжесін ұстап алайын, - деп әженің үйінің есігін қағады. Ешкім есікті ашпайды. Әже мерекеде қыдырып кеткен болар . Қазір мен ендеше Қызыл телпекті ұстап алайын. Балалар сендер үйде қасқыр бар деп айтпаңдар - деп әжесінің киімдерін киіп алып үйге кіріп кетеді. Осы сәтте қуанышты көңіл - күймен Қызыл телпек келеді де гүл тереді.

Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мерекелерің құтты болсын , сендер де әже , аналарды құттықтап жатқан боларсыңдар.мен де әжемді құттықтауға келдім - деп әжесінің үйінің есігін қағады.

Қасқыр: Бұл кім?

Қызыл телпек: Әже, әже мен ғой немереңіз Қызыл телпекпін ғой . Сізді мерекеңізбен құттықтауға келдім. Сіздің тамағыңыз ауырып қалған ба?

Қасқыр: Менің тамағыма суық тиіп қалды. Есікті ашып (әже киімін киген) қасқыр шығады.

Қызыл телпек: Сен қасқыр екенсің ғой, - деп қорқып жылайды.Менің әжем қайда, әлде сен оны жеп қойдың ба?

Қасқыр: Жоқ, жоқ мен сенің әжеңді жегенім жоқ , мен саған да тиіспеймін.Бүгін қыздардың мерекесі ғой болмайды.Мен өз ойымнан бас тартып, одан да саған сыйлық әперіп сыйлаймын , - дейді.

Тәрбиеші: Көрдіңдер ме ,балалар!бұл мерекеде қасқырдың өзі қыздарды , аналарды сыйлап өзінің ойынан бас тартты, әрдайым осындай кешірімді, мейірімді болайық.Қасқыр, қызыл телпек сендер кетпеңдер.Біздің балаларымыздың өнерін көріп, көңілдеріңді көтеріңдер,ойын ойнаңдар.Бүгін көктем де бізде қонақта.

Тәрбиеші:Сөзімді дұрыстайтын әже,

Айғайлап ұрыспайтын әже,

Қыдырса ерте келетін әже,

Алысқа кетпе сағынам дейтін әже.

Келесі орындалар әніміз ақ жаулықты әжелерімізге арналады.

Хор: «Қошақаным»

Батырхан:Ана біздің - күніміз,

Ана біздің - гүліміз.

Анамыздан тарайды,

Біздің ана тіліміз.

Ақнұр: Бізді өсірген апатай,

Еңбегін де зор екен.

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мерекең.

Дамир: Қандай бала болмайық, Анамызға дәріміз.

Көтерсінші көңілді, Ән салайық бәріміз.

Мирас: Тек өмірде сен ғана, Жалғызсың ғой сен анам.

Бұл өмірде тек қана, Өзіңе арнап ән салам.

Аслан: Менің әжем гүл әжем, Шуағы мол нұр әжем.

Апам үшін, мен үшін, нағыз әжем, ақ әжем.

Тәрбиеші:Ал, қыздарым, қалықта, қалықтаудан жалықпа.

Саусақтарың майысып, би биле мына халыққа.

Би: Айгөлек биі

Тәрбиеші:Ана көзі күн көзімен пара -пар, тұла бойға қуат болып таралар.

Өміріме шуақ шашып әрқашан,көп жасаңдар ақ ниетті аналар!

7-оқушы: Алтыным деп аңсаған,

өзіңсің ғой жан анам.

Алаңдаумен жүремін,

сені аңсап сағынам.

9-оқушы:Мейірімді жібектей,

күндей ыстық құшағы.

Ет жүрегі елжіреп,

құлыным деп құшады.

Тәрбиеші: Той тойлап дала мен қалаларың,

Мерекең құтты болсын аналарым.

Аналарға арналған сыйлықтарын,

Сыйлауға келе жатыр балаларың.

Балалар аналарына өз еңбектерімен жасаған сыйлықтарын тапсырады.

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі ертеңгілігімізді осымен аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар.











1-оқушы : менің мамам - мұғалім,

Менің әжем шын ғалым.

Одан жас та , кәрі де,

Оқып шыққан бәрі де.

1-оқушы: Менің әжем, жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман-есен жүр әжем.





© 2010-2022