Заттың атын білдіретін сөздер Сауат ашу. 1класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Асқарова Г.И

1класс .Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер.Жазғытұрым.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Заттың атын білу үшін кім? не? деген сұрақ қойылатынын түсіндіру. Кім ? деген тек адамға қатысты қойылады, ал не ? деген сұрақ ит -құстармен жан -жануарларға,жансыз заттарға қойылатынын түсіндіру.

Дамытушылық:Сөздік қорын,сұрақты дұрыс қоюға дағдыландыру.Көктем мезгілі туралы бейне баян арқылы ой -өрісін дамыту.

Тәрбиелік:Әдемі жазуға тәрбиелеу, табиғатты аялауға ,әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін біліп,табиғатқа жанашыр болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: АКТ,сурет жапсырылған плакат,дәрігер,шаштараз, тігінші,өрт сөндіруші суреті

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс- тәсіл: Сыни ойлау элементтері,АКТ

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру.

-Оқушыларды түгендеу,Сабаққа әзірлік.

-Балалар өткен сабақта үйге не берілді?

-Қазақстан Республикасының әнұранын жаттап келеу.

-Қане олай болса әнұранды қалай айтуға үйрендік ?

(Хор тақтаға барлық бала шығып тәртіппен тұрып ,түзеліп, оң қолымыз жүрекке қойып әнұран шырқалады.)

-Қане отырмастан бұрын шаттық шеңберіне келе қойындар.

-Кім жомарт ?

-Батыр жомарт,

-Халық үшін жанын берген!

-Кім жомарт?

-Ұстаз жомарт,

-Бар балаға тәлім берген.

-Не жомарт ?

-Жер жомарт,

-Адамзатты асырағын.

-Не жомарт?

-Күн жомарт,

-Жерге нұры шашыраған.

-Қане осы өлеңде айтылған батыр,ұстаз,жер ,күнге алғыс айтайық бізге осыншама жақсылық жасағаны үшін.

-Ал енді мына суретке қарап осы өлеңді жалғастырып көріндерші.

-Тақтадан дәрігер,шаштараз,өрт сөндіруші, тігінші суреті шығады балалар осы суретке өлең шығарады .

-Кім жомарт ?

-Дәрігер жомар, науқас адамды емдеген.

-Кім жомарт ?

-Шаштараз жомарт,адамның шашын ретке келтірген.

-Кім жомарт ?

-Өрт сөндіруші жомарт , Өртті сөндіргені үшін.

-Кім жомарт ?

-Тігінші жомарт,Бізге киім тіккені үшін.

-Ал, енді мына жерден өзімізге ұнаған суретті таңдайық.

Топқа бөлу.

-Кімде дәрігердің бар,ол дәрігердің тобына келеді.

-Кімде шаштараздың құралы бар ,шаштараздың тобына келіп отырады.

-Кімде тігіншінің құралы бар , тігіншінің тобына отырады .

-Кімде өрт сөндіргіштің құралы бар,өрт сөндіргіш тобына отырады.

-Балалар топқа бөлініп отырады.

-Сендердің қолдарыңда ненің суреттері бар ?

-Мынау не ? тарақ.

-Мынау не ? дәрі.

-Мынау кім ? Дәрігер ,Шаштараз,өрт сөндіргіш,тігінші.

Жаңа сабақ.

-Балалар енді мына суретке қарайық,осы суреттерге сұрақ қоямыз.

82- жаттығу

Суретте аю, бүркіт ,сүт, өзен, ұшқыш , тігінші.

-Осы суреттерге сұрақ қойып көрейікші.

-Жақсы енді кім ? деген сұраққа жауап берген сөздерді айтайық.

-Енді не? деген сұраққа жауап берген сөздерді айтайық.

-Кім ? деп сонда адамға қатысты қоямыз,ал не ? деген сұрақты жансыз заттарға және жан- жануарларға қатысты қоямыз. Бұл сұрақты қойғанда біз сол заттың не екенің, адам болса кім адам екенін білеміз ия.

83- жаттығу

-Енді мына суреттен кім ? не ? сұрағына жауап беретін сөздерді табайық.Тапқан сөздерге тиісті сұрақ қоямыз.

Сергіту сәті.

Көктем келді табиғатты оятып,

Күн күркіреп, нөсерімен тоя түп.

Ағаштардың тамырына қан жүрді,

Жапырағын жасыл түске боятып.

Дәптермен жұмыс.

-Қане балалар оқулықта заттың атын жазыңдар делінген қане орындайық.

Кім ? Не ?

Адам алма

Ұстаз қалам

-Әдемілеп ,көркемдеп жазамыз.

-Жақсы келесі бетті ашамыз,ненің суретін көріп тұрмыз ?

-Бұл жылдың қай мезгілі ?Көктемде табиғат қалай өзгереді ?

-Жақсы ,ал мына өлеңнің тақырыбын оқиық, бұл өлең не жайында болады деп ойлайсыңдар ?

-Жақсы енді осы жазғытұрым, көктем мезгілін бейне баяннан тамашалайық.

-Бейне баяннан сендер айтпай кеткен табиғат өзгерісін көрдіңдер ме?

-Бейне баяннан не көрдік ?

-Ал мына өлеңді оқып көрейік,не жайында екен.Өлеңді тізбектеп оқу.

-Бұл өлеңді кім жазған ?

-Бұл өлеңде де жылдың қай мезгілін айтқан ?

Бекіту.

Ой қозғау.

-Балалар мен сендерге плакат беремін ,дәрігер мен шаштараз тобы кім? , ал тігінші мен өрт сөндіруші тобы не ? сұрағына не жазар едіңдер ойымызды жинақтайық. Әр топ өз жазғанын қорғайды, келесі топ толықтырып, қатесін тексереді.

-Жақсы балалар сонымен заттың атын білу үшін қандай сұрақ қоямыз ?

Үйге тапсырма.

-84- жаттығу,Жазғытұрым өлеңді жаттап келеміз,Көктем мезгіліне әңгіме жазып келейік.

Бағалау.

-Сабақ сендерге ұнады ма ? Бас бармақпен көрсету.

-Әр топ өз тобын ауызша бағалайды. Мұғалім бағасы қосымша болады.



© 2010-2022