Математика Тапқырлар мен алғырлар сайысы 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Тапқыр мен Алғырлар сайысы.

Мақсаттары: Математика пәні бойынша тапқырлық,алғырлық,зейін қабілеттерін көрсету.Ойлау шапшаңдығын, ұтымды ойлап тез жауап беру дағдыларын қалыптастыру. Шапшаң болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үнтаспа, тапсырма жазылған қи-ма қағаздар, пішіндер, шарлар, сыйлықтар, гүлдер, ойыншықтар.

Әдісі: салыстыру, пайымдау.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру. Психологиялық дайын-дық.

II. Негізгі бөлім. Кіріспе сайыс шартымен таныстыру, әр кезеңнен соң әр топтың ұпай-лары аталып айтылады.

1. Т а н ы м д ы қ с ұ р а қ. (әр сұраққа ойлануға 1 минут).

1) Бір жұмыртқа 4 минутта піссе, онда 4 жұ- мыртқа неше минутта піседі?

2)Ағаш басында 10 торғай қонып тұрған. Бала бір торғайды атып түсірді. Қанша торғай қалды?

3)Мен бір сан ойладым. Одан ойлаған санымды

азайтамын. Оған үшті қосамын. Неше болды?

4)Аулада жүрген бұзау мен тауықтардың аяқ-тарының саны 10. Аулада неше бұзау, тауық- тар бар?

5)Электровозда 7 вагон бар. Бір бала басынан санағанда 4-ші вагонға отырды,ал екіншісі са-нағанда 4-ші вагонға отырды.Олар бір вагонда болды ма,басқа-басқа вагондарда болды ма?

6)Аулада 5 үйрек,қорада 3 үйрек,1үйрек тығыл-ды.Қалғаны неше үйрек?

2. Қ ы з ы қ т ы к а р т а (карта сызу, бояу).

Жауабы бір таңбалы сан болатын есепті қыз-ылмен, жауабы екі таңбалы болатын-сарымен, жауабы үш таңбалы болатын- жасылмен бояу.

(тапсырманы орындауға 3 минут)

28-25; 69-6; 100-45;

26-3; 300-292; 35+65;

78-71; 15-7; 260-20.

3.Л о г и к а л ы қ т а п с ы р м а л а р.Тез ой-ланып,ұтымды жауап беру.(Тапсырманы орын- дауға 4 минут).

1) Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойна-ды. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: «Қанша асық ұттың?» деді. Ол сегіз асығым қа-лыпты деді. Онда сендегі барлық асық менің ұт-ып алған асығыма тең екен деді үшінші бала. Ең көп ұтылған мен болдым деді бірінші бала. Кімде неше асық?

2)Қанаттан «Сыныпта неше қыз бар?» деп сұ- рағанда, ол «қыз баланың санынан ең кіші екі таңбалы санды азайтып, нәтижеге 8 бен 0 цифрлары арқылы жазылған санды қосса, екі 8 арқылы жазылған сан шығады» деп жауап бер- ді.Сыныпта неше қыз бар?

3)Салтанат, Ләззат, Назерке, Гүлнардың туған

күндері - 02.02; 10.10; 02.06; 28.02. Ләззат пен Назерке бір айда туған. Ал Ләззат пен Салта- наттың күндері бірдей сандар. Қыздар қай айда, қай күнде туған?

4.С е р г і т у с ә т і.

Балалар өз өнерлерін көрсетеді.(Би,ән т. б.)

5.«Қ ұ р а с т ы р.»

Әр топ үшбұрыштардан түр түсіне қарай қа-ғазға жапсырмалайды. Үшбұрыштан тік ұшақ немесе гүл т.б.(Тапсырманы орындауға 6 мин.)

6.К ө р е р м е н д е р м е н ж ұ м ы с.

«Ойлан, тап!»

(Бірнеше есептар беріледі, тез ойлап, жауап бер-ген бала өзіне ұнаған топқа ұтып алған ойыншы- ғын сыйға тартады. Сыйлық алған топтың ұпайы артады).

7.Қ о р ы т ы н д ы л а у. Марапаттау.



© 2010-2022