Сабақ барысында деңгейлеп саралап оқыту әдісін қолдану

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, онымен бірге үнемі өзгеріп отырады. Ол әр ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі жетіліп, уақыт өткен сайын күрделене береді. Қай кезеңде де жалпы білімнің атқаратын қызметі - жас ұрпақтың танымдық дүниесін байытып, дамуын қамтамасыз ету. Замана өзгерісіне қарай мектептерге қойылатын талаптар да, ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс - тәсілдері де өзгереді, яғни білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша көзқарас, білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарларына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу - әдістемелік кешендерге көшу, жаңаша ойлау қалыптасуда. Белгілі психолог Л. Выготский «Оқыту дамытудың алдында жүріп отыруы керек. Дұрыс ұйымдастырылған оқыту үрдісі ғана балалардың жеке басының дамуын ілестіре алады » - дейді. Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының мақсат, міндеттеріне сүйенсек, білім мазмұнының көп деңгейлілігі білім берудің мақсатына орай, зерттеліп анықталған баланың жасымен байланысты таным ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың бәрінің білім алуына тең мүмкіндік берілуі қажет дейтін дидактикалық ұстанымға сүйенгенде, ең алдымен мектеп ұсынылатын оқу материалының базалық деңгейі анықталуы тиіс. Оқу үрдісінде бұл мазмұнды оқушылардың меңгеруі біркелкі болмайды, бір оқушы толық жан жақты меңгерсе, бұл білім мазмұнының жоғары деңгейіне сәйкес келеді. Екінші оқушы толық меңгере алмасы ол төменгі деңгейге келеді. Бұл деңгейлік саралап оқыту әдісінің мақсаты,әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту болып табылады. Оқытуды оқушылардың әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау .



© 2010-2022