Уақыт және оның өлшем біріліктері. Ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Сыныбы: Пән атауы:

Сабақтың тақырыбы: Уақыт және оның өлшем бірліктері

Сабақтың мақсаты: І Білімділігі: Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып, уақыт бірліктері және олардың арасындағы қатынас туралы көзқарастарын нақтылау арқылы атаулы сандардан амалдар онрындау дағдыларын, сандарды әртүрлі өлшем бірліктерімен өрнектей алу дағдыларын, сандарды әртүрлі өлшем бірліктерімен өрнектей алу дағдыларын жетілдіру. ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың ынта - жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу. ІІІ Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып, білімпазқа жетелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір -талас. Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б. Пәнаралық байланыс: Дүниетану, еңбекке баулу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау. 3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу. 4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау. 5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу). ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау: 1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. 2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау. 3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау. 4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Сабақтың тақырыбы: Уақыт және оның өлшем бірліктері.

Жаппай жұмыс:

  • Үш аптада қанша күн бар? (21)

  • 2 жарым сағат қанша минутты құрайды? (150 мин)

  • 2 сабақ қанша минутқа созылады? (90 мин)

  • Жазғы каникул неше айға созылады? (3 ай)

  • Қайсы айда ең аз күн? (ақпан)

  • Бір аптада неше күн бар? (7 күн)

  • Бір есік, бір есікте мың есік? (Елеуіш)

  • Үш тілі бар, үшеуі де жүреді? (Сағат)

  • Егер «Т-дан» бастасаң, -санмын.

«Т-ны» алып тастасаң, жаумын? (Төрт)

  • Уақыттың ең бірлігі?

  • 1 жылда неше ай бар?

  • 1 жылда қанша тәулік бар? 1 айда ше?

  • 1 сағатта неше минут бар?

  • 1 минутта ше?

  • Уақытты өлшеуге арналған құрал? (сағат, секунд өлшеуіш)

  • Сағаттың қандай түрлерін білесіңдер? (механикалық, электронды, құмсағат, сусағат, күнсағат).

1. Уақыт аралығын есептеуге арналған тапсырмалар. (ауызша)

2. Өлшем бірліктерді өрнектеу.

3. Өздік жұмыс ретінде қолданылатын есеп. 1- баған -І нұсқа, 2 - баған - ІІ нұсқа.

4. а) есептің шешуін ұжым болып, жан - жақты талдау арқылы орындау.

Болды- ? 3 маш. 165- тен

Жұмсалды - ? тақтай

Қалды - 196 тақтай

ә) есепті өздіктерінен орындауға беріп, соңынан талданады.

1) 45∙4=180 (ш) алды. - Қанша шеге алды? Шеге санын табу.

2) 180+270=450 (ш) болды.

45∙4+270=450 (ш)

IV. Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп -кішкентай ағаштар,

Үп -үлкен боп өседі.

№5. Кесте бойынша:

1 альбомдағы фото -сурет саны

Альбомның саны

Барлығы

Үлкен альбомдар

150 фотосурет

3 дана

?. ф.

- 750 фотосуреттерр

?. ф.

Кішкентай альбомдар

50 фотосурет

? дана

  1. Үш үлкен альбомда неше фотосурет бар? (∙)

  2. Кішкентай альбомда неше фотосурет бар? (-)

  3. Неше кішкентай альбом болды? (:)

V. Сабақты пысықтау:

6. Өздік жұмыс.

8. Өздік жұмыс. Шығармашылық тапсырмалар.

  • Бүгінгі сабақта не өтілді?

  • Сабақ несімен ұнады?

VII. Үй жұмысы: №7 есеп. VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.



© 2010-2022