Урок по казахскому языку на тему Ауылда

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орыс тілінде жалпы білім беретін мектептің 3- сыныбына арналған қазақ тілі сабағының жоспары.

Сабақтың тақырыбы: «Ауылда»

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тілін әрі қарай дамыту

үшін жаңа сөздерді пайдалана отырып, сөздік қорын кеңейту.

2.Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту, математика сабағымен

байланыстыра отырып, ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Дидактикалық ойындар арқылы тілге, пәнге деген қызығушы-

лықтарын арту, үй жануарларын, қоршаған ортаны сүюге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойландыру,аударма.

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.

Көрнекілігі: үй жануарлардың суреттері, видеосюжет, слайдтар.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Сабақтың мақсатын хабарлау;

  3. Қайталау кезеңі;

  4. Жаңа тақырыппен танысу;

  5. Бекіту;

  6. Қорытындылау.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Оқушылардың зейінін сабаққа бағыттау.

Оқушылар дауыстап бірге айтады.

  • Алақанды ашайық,

Күннің жылуын салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Таза ауа салайық.

Жинаған бар жылуды

Бір-бірімізге шашайық.

  1. Сабақтың мақсатын хабарлау.

  • Алған жылуымызбен біз тағы басқа адам, жан-жануар, құстармен бөлісуіміз керек, ал олай болса, ауылға қарай аттанайық.

  • Кім ауылда тұрады? (ата мен әже)

  • Ауылда нелер бар? (үй жануарлары мен құстар)

  • Ауылға барып ата-әжеге көмек береміз, олар бізді жаңа сөздерге, ұғымдарға үйретеді.

3.Қайталау кезеңі.

Ауылға келу, амандасу.

-Үлкендермен қалай амандасамыз? (Сәлеметсіз бе!)

Ата мен әже сендерге тапсырмалар дайындап қойды.

Әженің 1-ші тапсырмасы : Күннің жадын жазып, әріпті және жаңылтпашты көркем жазу. Ү ү Үйір-үйір үйректі, үйірге кім үйретті?

Фонетикалық жаттығу: берілген жаңылтпашты дұрыс әрі шапшаң оқу. Урок по казахскому языку на тему Ауылда

Әженің 2-ші тапсырмасы : видеосюжет бойынша қорадағы малдардың атауларын дәптерге жазу.( 2 оқушы тақтаға жазады)

4.Жаңа тақырыппен танысу.

Әженің 3-ші тапсырмасы : жаңа сөздермен танысу.

  • Оқу үлгісі;

  • Дауыстап бірге айту;

  • Сөз тіркестерін жасау.

(оқушылар ойыншықтарды ұстап, үнтаспадан дауыстарын естіп, видеосюжеттен көріп төл атауларын естеріне сақтайды)

Дейін шылауы - послеслог дейін обозначает предел во времени или пространства и соответствует русскому предлогу до.

Мысалы: үйге дейін - до дома.

Әженің 4-ші тапсырмасы: Тақтадағы сөз тіркестермен сөйлем құрастырып, дәптерге жазу.

Ауылға дейін, қораға дейін, дүкенге дейін, мектепке дейін, кешке дейін.

Әженің 5-ші тапсырмасы :Адасып кеткен төлді енесіне қосып, оған жем, шөп, су беру.

Урок по казахскому языку на тему Ауылда

Оқулықпен жұмыс. (135 бет №3)

  • Мәтінді оқу, аудару;

  • Сұрақтар құрастыру;

  • Бір-біріне сұрақтар қою.

Сергіту сәті.

Тыныс алу гимнастикасы. Қиялдап түрлі-түсті шарларды үру.

Мұрынмен ауа жұту, ауызбен үрлеп шығару.

Көзге арналған жаттығу.

5.Бекіту.

Әженің 6-ші тапсырмасы: Қорадан шыққан малдын дауысын танып, атау.

( Оқушылар үнтаспаны тыңдайды.)

Әженің 7-ші тапсырмасы: Сурет бойынша бесінші артықты табу, дәлелдеу.

Урок по казахскому языку на тему Ауылда

Әженің 8-ші тапсырмасы :өлең-есепті оқу, шешуін табу.

11Урок по казахскому языку на тему Ауылда, 5Урок по казахскому языку на тему Ауылда,

2Урок по казахскому языку на тему Ауылда, 5Урок по казахскому языку на тему Ауылда,

2Урок по казахскому языку на тему Ауылда, 3Урок по казахскому языку на тему Ауылда

Таба алмасаң бол күлкі!

6.Қорытындылау.

Бүгін сабақта нені үйрендік? Есімізге түсірейік.

Әжеміздің сұрақтарына жауап беру.

Үй жануарлары не жейді? жем бе, әлде ботқа ма? (жем)

Ауылда не бар? Мал ма, әлде аң ба? (мал)

Сиырдың төлі қозы ма, әлде бұзау ма? (бұзау)

Бие бізге не береді?шұбат па, әлде қымыз ба? (қымыз)

Дұрыс.

Бағалау. Үйге тапсырма беру: ұнаған жануардың суретін салу, 136 бет№5 жазу.

№53 орта мектебі

Сабақ жоспары

Тақырыбы: «Ауылда»

Құрастырған мұғалім:А.Т. Жалимова



Ақтөбе - 2015 ж.

© 2010-2022