Ана тілі пәнінінен сабақ жоспары Көкшетау 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Көкшетау» І.Жансүгіров.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы айта отырып,өлең мазмұнын дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін, байланыстырылып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Тәрбиелігі:Туған елдің,туған жердің табиғатының әсемдігі мен көркемдігін паш етуге, аялауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару.
3.Үй тапсырмасын сұрау.
•Үйге қандай тапсырма берілді?
•Қали Сапарбаев «Туған жердің ыстығы-ай»
•Әңгіменің мазмұнын айту. Бұл әңгімеде не туралы баяндалған?
•Нар түйе, ботасы жайында әңгімеленген.
•Түйенің қандай түрлерін білесіңдер?
•Нар түйе, қос өркешті (айыр өркешті).
•Нар түйенің аналығын, аталығын қалай аталады? (Аруана, мая, лек).
•Қос өркешті түйенің аналығын, аталығын қалай атайды? (Інген, бура).
•Түйе малының сүтін қалай атайды? (қымыран, шұбат).
•Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап алу.
4Үй тапсырмасын бекіту: Ақынның айтайын деген негізгі ойы не?
Сонымен балалар адам баласы тұрмақ жан-жануарлар, аң, құстар тіпті жәндіктердің өздері туған жеріне, еліне, баласына деген ыстық махаббатты, сезімін білдік.
Осындай өз елінің табиғатын көркем сөздермен бейнелей білген тағы бір ақын, жазушы ағамыздың шығармасымен танысамыз.
•Ендеше, балалар біз бүгін І. Жансүгіровтың «Көкшетау» өлеңімен танысамыз.

5.Жаңа сабақ.Көкшетау (Слайд көрсету)

•І.Жансүгіров туралы не білесіңдер?
•Өткен сыныптарда қандай өлеңімен таныстыңдар?
Ә) Слайд.
Б) Сабақтың мақсатын таныстыру.
•І.Жансүгіров біздің жерлесіміз.Ол кісінің атында Талдықорған қаласында үлкен оқу орны бар. Ақсу ауданының орталығында көшелер де бар.
•Ал, біз бүгін Ілияс атамыздың «Көкшетау» өленің оқып, түсінуге тырысамыз.
• Бұл өлеңде ақын айшықты, көркем, бейнелі сөздерді көркемдікті байқап, сүйсініп көрсетеді.

Оқулықпен жұмыс. Интербелсенді тақтадан Көкшетауды,Бурабай тауын,Оқжетпес, Жұмбақтасты көрсету.
Оқжетпес пен Жұмбақтас қалай пайда болғаны туралы аңыз айту. Өлеңді мәнерлеп ,түсініп оқу.•Әр шумаққа көңіл бөле отырып талдау. Сөздік жұмыс (Дәптерге жазу)
Шипа-ем, алап-жазық дала, бетеге-шөп, масаты - мата, оқшырайып - ерекше,
балауса-көк құрақ шөп.
6.Түсінгендерін байқау. (тексеру)
•Таудың көркемдігі мен әсемдігі өлеңнің қай шумағында айтылған?
•Ақын тауды кімге теңейді?•Өлеңдегі бейнелі, көркем сөздерді сызбаға сүйеніп, айтып көрелік.
Бір нәрсені басқалардан бөлектеп, көзге түсетіндей етіп көрсету үшін көркем, бейнелі, сөздер қолданады. Оны теңеу дейді. «Мысалы: момақан тау» «Жомарт тау»Теріп жазу.Өлеңдегі көркем,бейнелі сөздерді мына сызбаға қарап сүйеніп теріп жазайық. Қандай тас? Қандай тау?

Жаңа сабақты бекіту:Сабақта қандай таулар аталды?

«Көкшетау» өлеңінде қандай айшықты, көркем,бейнелі сөздер шебер қолданылған?

7.Қорыту:•Бүгін не жайлы білдік?
•Саған бұл өлең ұнады ма?
•Өз туған ауылың жайында не айтар едің? Үйге тапсырма:І.Жансүгіровтің «Көкшетау» өлеңін түсініп оқу.

«Туған жер» тақырыбына екі шумақ өлең шығару.

Оқушыларды бағалау.

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Ә.І.Қыдырмолдина.

«Қызылорақ орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен»

«Қуыршақ» үйірмесі



4-сынып Иманғалиева.А.С.







«Қуыршақ» үйірмесінің жұмыс жоспары

2012-2013 оқу жылы

Жұмыс мазмұны

Сағат саны

мерзімі

1

Ертегілер еліне саяхат

1

4 . 09

2

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

1

11.

3

Ертегі мазмұнын иллюстрациялау.

1

18.

4

Ертегі бет пердесін дайындау.

1

25.

5

Рольге бөліп дайындақ жүргізу.

1

9. 10

6

Рольге бөлініп дайындық жүргізу.

1

16

7

Сахналау

1

23.

8

«Шалқан» ертегісі.

1

30

9

Ертегі мазмұнын иллюстрациялау.

1

13 11

10

Ертегі бет пердесін дайындау.

1

20

11

Рольге бөліп дайындақ жүргізу.

1

27

12

Рольге бөлініп дайындық жүргізу.

1

4 12

13

Сахналау

1

11

14

«Кім күшті» ертегісі

1

18

15

Ертегі мазмұнын иллюстрациялау.

1

25

16

Ертегі бет пердесін дайындау.

1

15. 01

17

Рольге бөліп дайындақ жүргізу.

1

22

18

Рольге бөлініп дайындық жүргізу.

1

29

19

Сахналау

1

5 02

20

«Жеті лақ» ертегісі.

1

12

21

Ертегі мазмұнын иллюстрациялау.

1

19

22

Ертегі бет пердесін дайындау.

1

26

23

Рольге бөліп дайындақ жүргізу.

1

5 03

24

Рольге бөлініп дайындық жүргізу.

1

12

25

Сахналау

1

19.

26

«Кім күшті» ертегісі

1

2. 04

27

Ертегі кейіпкерлерін иллюстрациялау.

1

9.

28

Ертегі бет пердесін дайындау.

1

16.

29

Рольге бөліп дайындақ жүргізу.

1

23.

30

Рольге бөлініп дайындық жүргізу.

1

30.

31

Сахналау

1

7.05

32

«Жеті лақ» ертегісі.

1

14 .

33

Ертегі кейіпкерлерін иллюстрациялау.

1

21.

34

Ертегі бет пердесін дайындау.

1

24.



© 2010-2022