Бірдан сал (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин "Біржан"
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: С. Сейфуллин Біржан Қожағұлұлы өмірімен шығармалары туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілетін дамыта отырып, өз бетімен жұмыс жасай білу қабілетін жетілдіру, шығармашылық қабілетін ұштау.
Тәрбиелілігі: Ұлттық өнерді насихаттау арқылы мәдени мұраларды қастерлей білуге шақыру, өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

С. Сейфуллин. "Біржан"
С. Сейфуллин Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған. Сәкен - қазақ әдебиетінің өсіп, дамуына үлес қосқан ақын әрі жазушы. Көне әдебиет үлгілерін жинап, кітап етіп шығарған зерттеуші. Қазақ жастарының оқып, білім алуына зор көңіл бөліп, мектеп оқулықтарын жасауға да қатысты.
Сәкен Сейфуллин жалған жаланың құрбаны болды.

Біржан сал Қожағұлұлы
Қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1897 жылы қайтыс болған.
Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түседі.
Табиғи талант иесі көп ұзамай - ақ, "Әнші, ақын, сал Біржан" деген атаққа ие болады.
Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады.
Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас ақын, әншілер оны әннің пірі тұтіп, ұстаз деп таниды.
Сөздік жұмыс
Нарқын - сөздің бағасы, құны.
Сал - әнші, ақын, сазгер, сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі адам.

Тапсырманы талдау
"Нарқын" сөзін басқа сөзбен алмастырып көр.
"Ағызған қызыл тілден шекер балды" жолдарының мағынасын қалай түсінгеніңді әңгімеле.
Сөзге шешен, тілге жүйрік, суырып салма

Жыр жазамын жүрегіммен
1 - топ
Кім білмейді Біржан салды,
............... шешен тілді.
............... шырқағанда,
............... жеңілмейді.
Сұрақтар
1. Біржанның әншілігі туралы өлеңде не делінген?
2. Оның даусының зор, асқан талант иесі екені қай жолдарда айтылған?
3. Біржанның қандай әндерін тыңдадық?
Проблемалық сұрақ
Не себепті халық Біржанды дәріптеген?

Біржан

Әнші, Ақын, Айтыскер, Сазгер, "Ләйлім шырақ", "Теміртас"

Әнге әуес, күйге құмар бала, өмірге ғашық, жаны сұлу болып өседі. (М. Әуезов)
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу


© 2010-2022