Әдебиеттен сабақ жоспары Дала жұлдызы. С Мәуленов

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 3. Тақырыбы: Дала жұлдызы . С Мәуленов

Мақсаты: Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин өмірі жайлы түсінік бере отырып, сабақтың тақырыбын ашу, мазмұнын игеру, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау; ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге дағдыландыру; зиялы адамдар өмірімен таныстыра отырып білімге деген құштарлығын арттыру, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі : аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Ыбырай Алтынсариннің суреті, кітаптағы суреттер, кесте.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өлеңді жатқа айту, өздері құрастырған сөзжұмбақты шешу.

ІІІ. Өткенді қорыту: Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білесің?. Он жаста деген сөз неге қарамен жазылған екен? Білім алу не үшін керек екен? Өз ойың?

ІY. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық .

Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Жұмбақты шешіп, ортақ тақырып ойлап табу.( Кітап, қалам, бор - оқу құрал саймандары). 2. Берілген сурет топтамасымен жұмыс істей отырып, қазақ даласына білім жарығын алып келген Ыбырай Алтынсарин өмірі жайлы әңгімелеу.(оқушы 1-2 сабақта алған білімі бойынша түсінігін баяндайды) 3. Мәтінді түсініп оқу, сұрақтарға жауап алу, сөздік жұмыс жүргізу.Сергіту сәті

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. Мәтінде кім туралы әңгімеленген? 2. Мәтіндегі оқиғаға қатысушыларды төмендегі үлгі бойынша ата.

Мәтін кейіпкерлері

Ол кім?

Ыбырай Алтынсарин

...

...

Жазушы, ақын, ағартушы ұстаз.

...

...

3. Суретпен жұмыс: а). Суреттегі адамдарға ат қой. ә) Қай оқиғаға сәйкес келеді деп ойлайсың? б) әңгіме құр. 4. Мәтіндегі түсті бояумен ерекшеленген сөздерге қарама-қарсы мағыналы тіркесті сөздер тап:

Жалғыз өскен емен- ... ( мыңдаған бұтақ, қалың орман,...)

Жалғыз жұлдыз - ... ( мыңдаған жұлдыз,топ жұлдыз,...)

ҮІІ. Қорыту: Осы сөздерді елестетіп, қиялдап, сурет салып көр.Әр жұлдызға ат қой.

ҮІІІ Үйге тапсырма 1.тақырыпты түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.



© 2010-2022