Өзін-өзі тану Менің тәрбиешім

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Менің ұстазым

Мұғалім - мектептің жүрегі. (Қазақтың ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин)

Сабақтың мақсаты: Балаларды «Білім», «Еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және «Сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

- ұстаздың әр маманы әр оқушыға, досқа жанашыр, ақылшы екендігі туралы түсінік беру:

- ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту:

- ұстаз еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, фото, көрме.

Шаттық шеңбері:

Балалар шеңбер құрып, бір-бірімен сәлемдеседі. Үнтаспаға қосылып «Мектебім» әнін айтады.

Мектебім

Сөзі: Н.Әлімқұловтікі

Әні: И.Нүсіпбаевтікі

Мектебім сәулетті мектебім

Өзіңе алғысым көп менің

Қайырмасы:

Құшағыңда тек сенің

Білім алып көктедім.

Сәулеленген мектебім,мектебім.

Ой санамыз гүл жарған,

Еңбекте де шыңдалған

Сен де қуып күллі арман мектебім

Сенде бейне көкте күн,

Сәулеленген мектебім

Сәулеленген, сәулеленген мектебім.

Мектебім бақытты көктемім,

Ұмытылмас өзіңде өткен кғүн.

Әңгімелеу

Балаларға ұстаз еңбегінің маңыздылығы мен мән-мағынасын түсіндіру үшін «Өнерлі жігіт» аңызы негізінде әңгімелеу ұйымдастырылады.

Аңыз «Өнерлі жігіт»

Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбунасыр одан:

- Күніне қанша табасың? - деп сұрайды.

- Екі дирхемге жетер-жетпес қана.

- Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, - деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагерлер:

- Мына диуана дәуріштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем бергені несі?-деп күліпті.

Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.

Оқушыларға аңыз желісі бойынша сұрақтар қойылады.

• Әл-фараби жігітке нені үйреткісі келді? Не үшін?

• Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп ойлайсыңдар?

• Білім адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады:

- Ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, оның болашақта өз орнын табуына көмектеседі. Сол үшін аянбай еңбек етеді.

Рөлдік ойын

Ұстаз еңбектің мәнін рөлдік ойын арқылы да ашуға болады. «Жас тілші» атты рөлдік ойында балалар «Айгөлек» журналының жас тілшілері рөлінде мұғалімнен сұхбат алады. Мұғалімнің өзінің ұстаздық еңбек жолы, оқытқан шәкірттері, олардың жетістіктері мен оқушылары арасындағы сыйлы қарым-қатынасты бейнелейтін алдын ала жасаған фотомонтажын тақтаға іледі.

Әрбір бала тақтадағы фотомонтаж бойынша мұғалімге өзі қалаған сұрақтарын қояды,мұғалім жауап береді. Мұғалім ойын соңында осы мамандықты не үшін таңдағаны туралы айтып береді.

Дәйексөз

Рөлдік ойын нәтижелері дәйексөздің мәні түсіндірілуімен түйінделеді.

Мұғалім тақтаға Ы.Алтынсариннің «Мұғалім - мектеп жүрегі» деген сөзін жазып қояды және оны түсіндіреді.

Үй тапсырмасы

Мұғалім дәптерде берілген тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.

Дәптер бетінің сол жақ бөлігінде ұстаздың сурет салынған. Оң жақ бөлігінде берілген бос төркөздерге өз ұстазыңа сыйлағығ келетін суретті салып, бояңдар.

Тыныштық сәті. Балалардың белсенді қимыл-ой әрекеттерінен кейін денесі, ойы сергітіледі.

Қорытындылау. Мұғалім оқушылардың сабақтан алған білімдерін төмендегідей түіндеуіне болады.

- Ұстаз - тек оқу жазу үйретіп, білім беретін мұғалім ғана емес. Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін көмекші, қамқор, іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы, бірегей еңбек ететін сенімді дос бола алады.

Жүректен жүрекке.

Мұғалім сағаттың қос тіліндей екі қолын екі жаққа созып ортаға тұрады. Балалар сағаттың тілімен оңға қарай қозғалыспен бірінен кейін бірі алақаны арқылы ұстаздан жылу алады. Әр бала алақанын ұстаздың алақанына тигізіп тұрып, алғыс білдіреді. Мысалы: «білім бергеніңіз үшін рахмет, оқуға үйреткеніңіз үшін рахмет, ақылдылыққа жетелегеніңіз үшін рахмет!»

Сағат тілінің қозғалысымен мұғалім «Білім шеңберін» құрады. Балалар мұғалімді ортаға алып, ұстаздарына арнап ән айтады



© 2010-2022