Елтану ҚМЖ 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:





Күні:18.12.2015

Пәні: Елтану

Сыныбы: 3

Каб 23

Тлеубердиева И. Д.


Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның өзендері

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға өзенннің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын, қасиетін ұғындыру. Қазақстандағы өзендердің түрлері мен көлемдерін білдіру.

Оқыту нәтижелері:

Оқыту үрдісіне енгізілген әдіс - тәсілдер арқылы білім сапасының артуына қол жеткіземін.Оқушылар өзеннің адам өміріндегі пайдасын, қасиетін, маңызын біледі. Қазақстандағы өзендердің түрлері мен көлемдерін біледі.

Берілетін ақпарат аясында оқушылар сыни ойлай отырып, диалог құрастыра алады, дұрыс сұрақтар қоя алады, топтасып, жұптасып жұмыс істей алады.

Бірін бірі бағалай білуге,пікірін ашық,жүйелеп жеткізе білуге үйренеді.

Негізгі дерек көздер:

Плакат,стикер, маркер, слайд, түрлі суреттер, Қазақстан картасы.

Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері:

Жаңа сабақ. Сұрақ -жауап, СТО стратегиясы : ББҮ кестесі, шығармашылық тапсырма, жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың ұжымдық ойлау әрекеттерін ұйымдастыру,

Сабақ барысы:

Сабақ бөлімдерінің кезеңдері

Уақыты

Мүғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар,

көрнекілік

Ұйымдастыру

кезеңдері


2 мин

1.Ынтымақтастық атмосферасына арнап, психологиялық ахуал. Қол ұстасып бәріміз, Жылылықты сезейік Шуақ шашқан күндей боп, Күлімсіреп жүрейік. Сылдыр-сылдыр шапалақ Міне менің қолым, Міне менің жүрегім Сені жақсы көремін 2. Оқушыларды топқа бөлу. Гүлдердің түріне байланысты топқа бөлінеді.

«Раушан» тобы, «Қызғалдақ» тобы, «Түймедақ» тобы.

«Жауқазын» тобы

Топ ережесі

Гүлдердің суреттері





Үй

тапсырмасын сұрау

7 мин Желтоқсан құрбандары Оқушы сұраққа жауап береді.

Өз-өздерін бағалайды. Бармақпен бағалау


Ой қозғау

7 мин «Ой қозғау» стратегиясы. Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында. Табиғат дегеніміз не? Табиғатқа нелер жатады? Тірі табиғат деген не, өлі табиғат деген не? Екеуінің айырмашылықтары қандай?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Аспанмен тілдескен биік таулар, ақбас шыңдар, таудан сарқырап ағып жатқан өзен, көк майса, өрлей өскен шыршалар, табиғатқа ерекше көрік сыйлап тұрған әсем гүлдер. Өзен жағасында маржан тастар, жануарлар. Міне осылардың барлығы бізді қоршаған табиғат деп аталады.


Жаңа сабақ

Сыни тұрғыдан ойлау

















Бағытталған оқу әдісі














17 мин




























1.Қызығушылықты ояту.

«Сөзжұмбақ» шешу.

1.Қазір жылдың қай мезгілі? / Қыс/ 2. Абайдың әжесі кім? / Зере/ 3. Астананың символы /Бәйтерек/ 4. Қ.Р. тұңғыш президенті кім? /Нұрсұлтан/ Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап бергенде сөзжұмбақтың ішінен ӨЗЕН деген бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбы белгілі болады.

1 - топ. Өзен қалай пайда болады және оның пайдасы?

2-топ. Қазақстандағы қандай өзендерді білесің?

Қала аймағында өзен бар ма, ол жайлы не білесің?

3-топ.

Өзенді қалай ластамау керек?

Оқулықпен жұмыс
а) Оқушылардың оқуы.

Әдісі: іштей оқу, тізбектей оқу, «түртіп алу» стратегиясы
ә) сөздік жұмысы

әдісі: талдау, түсіндірмелі, дәптерге жазып алу
Қосымша Қазақстандағы ірі 7 өзеннің аттары мен көлемдерін дәптерге жазғызамын.


Жеке оқушылармен жұмыс
Өлеңнің әрбір шумағын бір бір оқушыға оқытып, қара сөзбен әңгімелету.

Сөзжұмбақ шешеді.

Кері байланыс ретінде үш топ постер дайындайды және қорғайды. (стикерлерге жазады)

Сыни тұрғыдан ойлайды

Даналық ағашының бұтақтарына стикерге жазып, жабыстырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

.


Интербелсенді тақта




Постер, стикер, маркер






Сергіту сәті

2 мин

Сергіту сәті «Табиғат» әуені


Табиғат тамашалары жайлы көріністі әсем әуенімен тыңдап, дене қимылдарын жасайды.



Шығарма

шылық тапсырма













5 мин

4 топқа шығармашылық тапсырма беремін.

І т. Су туралы мақал - мәтелдер айтады

ІІ топ. Су туралы тыйым сөздер

ІІІ топ. Су туралы жұмбақ жасырады.

IVтоп

ББҮ кестесін толтырады

«Табиғат және адам» тақырыбына әңгіме жаздыру


Өзен жағалағанның өзегі талмас.

Бұлақ болмаса, өзен болмас еді.

Ел көркі - мал, өзен көркі - тал.

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Су туралы тыйым сөздер
Суға түкірме.
Кір жуған суды суға төкпе.

Адамға су шашпа.
Түнде суға бармайды.



Рефлекция

3 мин

Стикерлер таратамын

Не нәрсе оңай болды?

Не нәрсе қиын болды?

Не білгің келеді?

2 жұлдыз,1 тілек

Өз ойларын жазады.








Бағалау







2 мин

1.Бармақпен бағалау


ББҮ кестесі

18.12.2015

3 «Г» сынып оқушысы:

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

СЕМАТИКАЛЫҚ КАРТА

Табиғат

құм

өсімдік

ауа

топырақ

құстар

жер

жануар

су

Тірі табиғат



Өлі табиғат



© 2010-2022