- Преподавателю
- Начальные классы
- Оқушыларының жазу машығын қалыптастыру мақсатында жүргізілген Lesson Study жазбалары
Оқушыларының жазу машығын қалыптастыру мақсатында жүргізілген Lesson Study жазбалары
Раздел | Начальные классы |
Класс | 3 класс |
Тип | Статьи |
Автор | Айтбаева Р.А. |
Дата | 12.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектебінің 3 «В» сынып
оқушыларының жазу машығын қалыптастыру мақсатында
жүргізілген Lesson Study жазбалары
Өзім жетекшілік жасайтын 3«В» сынып оқушыларының жазу машығы дұрыс жолға қойылмаған. Оқушылар көркем жазу сабағында әріптердің жазылу емлесін толық танысқанымен, қазақ тілі пәні бойынша әр сабақта 4-5 жаттығу орындау барысында уақытылы үлгеру үшін асығыс жазғандықтан, жазу үлгісін ескере алмай қалады. Жазу коллеграфиясы нашарлап бара жатқан соң, бірнеше тәсілдер қолданып көрдім. Жаттығуларды орындау барысында үнемі әріптерді дұрыс, әдемі жазуды ауызша ескертіп отырдым. Қосымша сабақтар да жүргіздім. Бұл жұмыстар оқушылардың жазу машығын қалыпты жағдайға келуіне оншалықты көмегі тимеді. Осыдан кейін, Lesson Study «Проблеманы зерттеу әдісі» бойынша жұмыстар жүргізуді қолға алдым. Бұл үшін оқушыларды 5-6-дан топқа бөліп отырғыздым. Топтық жұмыс бойынша сабақтар ұйымдастырылды. Төрт топқа бөлінген оқушыларға плакатқа жазылған бір мағына беретін бірдей екі сөйлемдерді іліп, оқытып, жазылу ерекшеліктеріне тоқталдым. Оқушылар тақтадағы сөйлемнің жазу ажары сақталып және сақталмай жазылған бірдей екі сөйлемді оқи отырып, ерекшеліктеріне тоқталды. Оқушылар кезекпен өздерінің пікірлерін айтты:
- оқушы: Бірінші сөйлемде әріптер әдемі, ұқыпты жазылған.
- Әр әріпті дұрыс, әдемі жазу;
- Сөз құрамындағы әріптерді бір-бірімен дұрыс байлыныстыру;
- Сөздерді дәптер сызығының ішіне дұрыс, әдемі етіп жазу;
- Сөз құрамындағы әріптерді бірқалыпты, бірдей етіп жазу;
- Сөз, сөйлемдерді ұқыпты, таза, әдемі етіп жазу.
Ата-аналарға да бұл критерийлер таныстырылды. Күнделікті үй жұмысын орындауда қадағалау тапсырылды. Әр сабақ бойында оқушылар жұмыстарын осы критерий бойынша жүргізді. Бұл зерттеуді келесі сабақта қазақ тілі пәні бойынша тағы қолдандым. Тақтаға тапсырма орындауға екі оқушы Рита мен Мейіржанды шығардым. Екеуіне сөйлем жаздырдым. Сөйлемдерді жазып болған соң, Рита мен Мейіржанның жазу ажарына тоқталдық. Оқушылар Рита мен Мейіржанның жазған сөйлемдерінің жазу ажарын салыстыра келе, критерий бойынша талдау жасады. Екі оқушының жазу ажарын талдап, қорытындылай келе, оқушыларға өздері жақсы көретін адамға жақсы тілек жазудыы тапсырдым. Оқушылардың жазған тілек сөздерін көріп тексергенде, біршама оқушылардың көркем жазғандарын байқадым. Оқушылардың бұл жұмыстарын мадақтап, әлі де көркем жазу үшін қалай жазу керектігін сұрадым. Өздерінің жазған тілек сөздеріне қарай отырып, оқушылар әлде де, ескеріп отыратын критерийлерді атап шықты:
- Әріптерді дұрыс, әдемі етіп жазу;
- Сөздерді, әріптерді дәптер сызығының ішіне толық жазу. Дәптер сызығынан шықпай жазу.
- Жіберілген қателерді сызып, боямай, жоғары жағына жазу.
- Таза, ұқыпты, жылдам жазуға дағдылану.
Бұл әдістің жазу ажарына әсерін дұрыс екендігіне көз жеткізген соң, осы тәсілмен оқушыларды қызықтыратындай, ойын тәсілдерін кірістіре отырып, тағы екі-үш рет өттім. Оқушыларға да бұл тәсіл ұнады. Алғашқы кездегіге қарағанда оқушылар жазу емлесін ұқыпты сақтауға тырысты. Соңғы мәліметтерді жинақтадым да, оқушылардың жазу ажары мынадай көрсеткіштерді көрсетті.
Бұл әдісті қолдана отырып сабақ жүргізудің тиімділігі:
- Оқушылар топқа бөліне отырып, аз, шағын мүшелермен жұмыс атқарады (5-6 оқушыдан);
- Топтасып, бірін-бірі бақылай отырып, бірін-бірі назарда ала отырып жұмыс жасайды;
- Оқушы өзінің жұмысын жан-жағындағылармен салыстырып, өз деңгейін біліп отырады;
- Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйренеді;
- Топ мүшелері бір-біріне достық көмек көрсете отырып, нәтижеге жетуге ұмтылады;
- Оқушы өзін-өзі бағалайды;
- Бірін-бірі бағалайды;
- Ата-ана бағалайды.
3«В» сынып жетекшісі: Айтбаева Рабиға