Баяндама Jқушының мектепке бейімделуі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Баяндама Jқушының мектепке бейімделуі Талдықорған қаласы №16 орта мектеп - гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова Ақылжан Даулетжановна

Оқушының мектепке бейімделуі Алғаш мектепке келген оқушыға кездесетін қиыншылық-мектепке тез бейімделе алмау: - ерте тұру,сабақтан кешікпеу,сабақ үстінде тыныш отыру,сабақты ынтамен тыңдау; -мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау; - бастауыш сыныптың алғашқы кезеңінде кейбір оқушылар үшін,әсіресе үй жағдайында және балалар бақшасында оқуға дайындықпен келген балалар үшін оқу талаптарының тым жеңіл болып,оқушыны жалықтыруы; - балалардың жасқанып, ұялып, өз құрбыларымен қарым-қатынаста бола алмауы,т.б. Мектепке бейімделу кезеңін әрбір оқушы өзінің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты түрліше өткізеді . Кейбір зерттеулерде; «Мектепке бейімделуде , әсіресе мектепке дейін үйде тәрбиеленген балалар көптеген қиыншылықтарға кездеседі,мектепке тез бейімделе алмайды » -деп түсіндіреді. Бұл толықтай шындық емес.Мектепке бейімделуде балалар бақшасында тәрбиеленген балалардың да қиыншылықтарға кездесетіндігін тәжірибе көрсетіп отыр. Мектепке тез бейімделе алмаған балалардың көңіл-күйі төмен болады,жиі ауырады,олардың ауруы мектеп неврозы сипатында болады,яғнимектепке баруды есіне салса ренжиді,жылайды,уайымдайды. Австрия ғалымы Г.Эберлейн өзінің «Дені сау балалардың қорқынышы»атты еңбегінде : «Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар үнемі «мектепте мұғалімнің үйге берген тапсырмасын орындай алмай қалам ба?» деген қорқынышпен жүреді» - дейді. Мектептегі оқуға ұзақ уақыт бейімделе алмау ата-аналардыңбалаға дұрыс ықпал етіп,оларды ынталандыра алмауына да байланысты. Ата-ана баласына үнемі ара түсіп «Бүгін ұйқың қанбаса мектепке бармай-ақ қой» немесе «Мектепте қарның ашып қалған жоқ па ?» немесе «Мұғалім саған ұрысқан жоқ па ? Бүгін не деді ?» деп, қарым-қатынасының өзі баланың мектепке бейімделуіне кедергі болады. Мұғалім оқушының мектепке бейімделуін оның ата-анасымен бірлесе отырып жүргізеді, оларға іс-әрекеттің мазмұны өзгерген кезде баланың мінез-құлқының да өзгеретінін,кез-келген іс-әрекеттің түріоқушыны қызықтырып , оны жалықтырмау керек екендігі түсіндірілуі керек . Оқушының мектептегі жағдайға тез бейімделуі мұғалімнің жылы сөзіне,оқушымен жағымды қарым-қатынасына,іс-әрекеттің түріне байланысты. Оқушыны мектепке қызықтырып,бейімдеудің басты құралдарының бірі-ойын болып саналады. Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі . Ойын арқылы бала білімді-қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің психологиясын жетілдіріп, мінез -құлқын, ерік-жігерін дамытады,дүниетанымы кеңейіп,мектептегі оқу процесіне қызығушылықпен қарай бастайды.Ойындар рөлдік-мазмұндық,шығармашылық,дидактикалық,қимыл-қозғалыстық болып бөлінеді. Әрбір мұғалімнің өздері өткізетін пәндері бойынша,тәрбие жұмыстары мен сергіту сағаттарына байланысты ойындарды дұрыс таңдап білуі ұстаздық біліктілікпен шеберлікті қажет етеді . Ойындарды мазмұнына қарай қазақтілі,ана тілі,математика,дене шынықтыру сабақтарында,тәрбие жұмыстарында тиімді қолдануға болады . Мысалы: қазақ тілі сабағында: «Сөз ойла», «Бос орынды толтыр», «Қай әріпті жоғалттым?» т.б. ойындарды жүргізе отырып,оқушылардың шығармашылық ойлауы мен грамматикалық сауатын дамытуға болады. «Сөз ойла»ойынында мұғалім : «Б»дыбысынан басталатын «сөз ойла» деп -допты бір оқушыға лақтырады. Оқушы сөзді тез ойлап,айтып,допты қайта мұғалімге лақтырады.Ойын осылай жалғастырылады,ойынға сынып оқушылары түгел қамтылуы керек.Бұл ойынды сыныптағы үш қатардың оқушыларымен жарыс-ойын түрінде де өткізуге болады.Математика сабағына көбейту таблицасына арналған «Математикалық домино »,қосу, азайту амалдарына байланысты «Санамақ», «Екі амал»,«Басқыш»,ойындарын ойнату, дене шынықтыру сабақтарында «Тышқан мен мысық», «Ақсерек- көксерек», «Қақпан»,т.б. ойындар арқылы оқушылардың мұғалімнің өзіне тән психологиясына бейімделіп , құрбыларын тану ,олармен жағымды қарым-қатынаста бола отыра , кез-келген іс-әрекетті бірігіп орындай алу қабілетіндамытады. Белгілі бір тәртіпке бағыну,бірін - бірі құрметтеу , ұжымдық ортақ іске талпыну және жеңіске жету сапаларын дамытады. Ойын үстінде оқушылар өзінің бойындағы жасқану, ұялусезімдерін жойып, сыныптағы ортақ әрекетке ден қойып , оқу процесін өз құрбыларымен жарыса талдап,меңгереді.Ойын сабағының қабылдануы тез,есте сақталуы ұзақ. Сабақаралық үзілістер кезінде мұғалімдер оқушылардың дұрыс тынығуын , ұйымдасқан түрде дем алуын қамтамасыз ету мақсатында ойындарды дұрыс таңдай білуі тиіс.Үзілісте әрі қысқа,әрі мазмұнды қызықты ойындар таңдалуы керек. Мысалы : «Кім жылдам ?» ойыны.Бұл ойын әсіресе жай қимылдайтын балалар үшінтиімді.Ортаға аяқтарының арасына белбеу тасталады. Ойынды жүргізуші үшке дейін санайды,ол «үш»деген уақытта белбеуді кім бұрын алса, сол бала жеңген болып есептеледі. Бұл ойын шапшаңдықты қажет етеді. Оқушыны өз мүмкіндігін сезіне білуге,ойлауға,жеңіске жетуге бар қабілетін пайдалануға жұмылдырады. Оқушылармен үзіліс кезінде жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту ойындарын да ұйымдастыруға болады. Бастауыш мектеп бағдарламасында қимыл-қозғалыс ойындары маңызды орын алады. Қимыл-қозғалыс ойындары оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудің ең негізгі құралы болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын оқушылардың танымдық зейінін, қабылдауын, дененің сапалық қасиеттері жылдамдығын, күш-қуатын, төзімділігін, икемділігін қалыптастырады, ал ұжымдық ойын түрлерін ұйымдастыру - жолдастыққа, достыққа, өз бетімен әрекет жасауға тәрбиелейді .



© 2010-2022